Түркістанда ақысыз автотұрақтар саны көбейеді

Рухани шаһардағы базарлар маңында ақылы автотұрақтардан аяқ сүрінетіні жасырын емес. Арнайы жүргізілген тексеріс барысында бір ғана автотұрақтың мемлекеттік төлқұжаты бар болып шыққан. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен әкімдіктің апталық мәжілісінде сөз болды.

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Түркістан облысындағы шалғай ауылдарды аралады

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов Түркістан облысы Келес ауданында жұмыс сапармен болды. Сапар барысында ол елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың легімен танысты.

Түркістан: Қызметтерді цифрландыру қарқынды жүзеге асуда

ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген.

Шымкент: әскери полиция коронавируспен күресуде белсенділік танытуда

Төтенше жағдай жариялануына байланысты Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі де аты жаман індетпен күресуге өз үлесін қосуда. Блок – бекеттерді тәулік бойы күзетеді, санитарлық-дезинфекциялық шаралармен коронавирустың кеңінен етек жаймауын алдын – алады.

Шымкентте карантин режимі енгізілді

Шымкентте бүгін, 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Бас санитардың қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылды. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

Шымкент: 42500 теңгені бейресми жұмыс істегендер де алатын болады

Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылған азаматтарға берілетін 42500 теңге әлеуметтік көмекті алатындар қатары артты. Бұрын белгілі жұмысынан босаған азаматтар ғана көмек алса енді ол қаржыға бейресми жұмыс істегендерде қол жеткізетін болды. Мемлекеттен бөлінетін қаржыны алудың жолдарын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдеріне түсіндірді.