Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Рәміздер аллеясы пайдалануға берілді

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ордабасы ауданында тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті. Мерекелі күнде аудан орталығы Темірлан ауылында жаңа «Рәміздер аллеясы» пайдалануға берілді.

Түркістан қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай ту көтеру рәсімі өтті

Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Маңызды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері, спортшылар, жастар және тұрғындар жиналды.

Түркістан облысы мен Ташкент – бауырлас өңірлер

Өңіраралық қатынастарды нығайту жөніндегі Президент тапсырмасы аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаевпен бауырластық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат – өңіраралық қатынастарды дамытуда, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруда маңызды қадам.

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізуге еңбек сіңірген азаматтарға құрмет көрсетілді

Түркістан қаласында Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің он төртінші кеңейтілген отырысы өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелер талқыланды. Мәжіліс барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан азаматтарға Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, мемлекеттік наградалармен және Алғыс хаттармен марапаттады. Облыс әкімі саммиттің тарихи маңызына және облыстың даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Түркістан қаласында заң мен құқық саласындағы жетістіктер сарапқа түскен алқалы жиын өтті

Түркістандағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты.

Түркістанда Президент телерадиокешенінің кинолекторийі өтті

Бұл ауқымды ағарту жобасы ҚР Президенті телерадиокешенінің (ТРК) 30 жылдығы аясында жүзеге асырылып жатыр. Кинолекторийлер сериясының бірінші күнінде Түркістан көрермендеріне «Арал» және «Серт» деректі фильмдері көрсетілді.

Түркістан қаласында мемлекеттік ақпараттық саясат бойынша өңірлік штаб отырысы өткізілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиында мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалу барысы, өңірлік коммуникация қызметінің атқарған жұмыстары қаралды.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитіне жан-жақты дайындалған облыс әкіміне ризашылығын білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.