- Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, - деді қала әкімінің орынбасары. Айта кетсек, Шымкентте 1 мамырдан бастап бірқатар қызмет көрсету, сауда салалары мен қаржы ұйымдары іске қосылмақ. Ол жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады.
Сондай-ақ, тағы бір ақпаратпен бөлісе кетсек. Шымкент қаласының көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында, «А-2 «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы 674-705+621 (Шымкент қаласын айналып өту) автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті 2020 жылдың 29 сәуірінен 1 қыркүйекке дейін Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уақытша келтірген қолайсыз жағдай үшін кешірім сұрайды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»