Сенбі, 02 Мамыр 2020 13:18

Түркістан: Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысында Түлкібас ауданына жаңа әкім тағайындалды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданын Нұрлан Байғұт басқаратын болды.

Жаңа әкімді аудан активтеріне таныстырған Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Айта кетейік, Нұрлан Байғұт 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған. 1998-2005 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мониторинг, ақпарат және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі коммуналдық меншікті және активтерді басқару бойынша департаменті коммуналдық меншік және жекешелендіру бөлімі бастығының орынбасары, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншік департаменті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2005 - 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас және Төлеби аудандары әкімдерінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған. 2016-2018 жылдары Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2019 жылдан бері Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы қызметін атқарған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 433 рет