Сенбі, 02 Мамыр 2020 13:32

Түркістан: Ордабасы ауданын Нұрбол Тұрашбеков басқарады

Түркістан облысында Ордабасы ауданынажаңа әкім тағайындалды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Ордабасы ауданын Нұрбол Тұрашбеков басқаратын болды.

Жаңа әкімді аудан активтеріне таныстырған Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Айта кетейік, Нұрбол Әбдісаттарұлы 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 526 рет