«Қазір енді Өзбекстан министрінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, су басқан өңірдің барлығын қайтадан аралап, көріп шығамыз. Егер тағы су басу қаупі болмаса, ондағы барлық тұрғын үйлерді полиция қорғайды. Әзірге тұрғындардың малы қауіпті аймақтан түгел шығарылды. Ешқандай шығын жоқ. Барлығы ұйымдасқан түрде реттеліп, өз қалпына келеді. Бұл - жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай. Сондықтан бұл жерде Арыстағы тәжірибеге сай алгоритмде жұмыс істейміз. Бәрі ұйымдасқан түрде реттеледі, қалпына келеді. Бұл төтенше жағдайды игеруге облыстың толық мүмкіншілігі бар»,- деді Өмірзақ Шөкеев.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Мақтаарал ауданында екі ауылды су басуына байланысты халыққа бейнеүндеу жолдады.
Видеода Түркістан облысының әкімі жағдайды түсіндіріп, тұрғындарды үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
