Сенбі, 02 Мамыр 2020 15:56

Сарыағаш: Депутат 100 отбасына азық-түлік таратты

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Сарыағаш аудандық маслихатының депутаты, маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, жомарт азамат Жомарт Абдібаев игі іс атқарды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ел жанашыры партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары негізінде «Jas Otan» жастар қанаты белсенділері және Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ерікті жастары арқылы Жібек жолы ауылдық округінің аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көпбалалы және тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.
Азық-түлік себеттерін жеткізуге еріктілер қатарында «Сарыағаш» қоғамдық саяси газетінің директоры, ақын, ҚР жазушылар және журналистер одағының мүшесі Мұрат Бекей де болды.

Алдағы күндері, акция аясында жақсылық жасау эстафетасы жалғасын тауып, ауыл округі бойынша тағы бірқатар мұқтаж отбасыларға көмектесу жоспарлануда.

Жалпы «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысында 12 мыңнан астам отбасы көмекке ие болды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 


Оқылды 675 рет