Түркістан қаласында 2000-ға жуық пәтер пайдалануға берілді
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту ісі қарқынды. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігі тұрғын үй құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылауды қарқынды жүзеге асырып келеді.
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту ісі қарқынды. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігі тұрғын үй құрылыс жұмыстары мен сапасын бақылауды қарқынды жүзеге асырып келеді.
2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 200-ден астам кәсіпкерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Шымкент қаласында газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар газбен байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы және "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері көпшілік орындарды абаттандыру және ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдау тұрақты түрде жалғасып келеді. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті жеке қабылдауын өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. Салаға жауапты тұлғалармен бірге тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын зерделеп, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сапалы құрылыс пен қолайлы инфрақұрылым — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың басты негізі екенін атап өткен қала басшысы мердігерлермен нысан басында жиын өткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұған дейін олар қатаң сөгіс алған болатын.
Оған аудандарда анықталған бұзу
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барып, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және жастармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – халықпен ашық диалог орнату және пікір алмасу. Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, атқарылып жатқан тірліктерді баяндады.
Кездесу барысында қатысушылар әкім орынбасарына ашық сауалдар қойып, мәселелер көтерді. Тұрғындар тарапынан ел тұтастығын сақтау, инфрақұрылым, ауыз су мен жол сапасы, газдандыру, білім мен денсаулық сақтау саласы бойынша және жастарды жұмыспен қамту сынды бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері ел болашағы мен ауданның әлеуетін арттыру жайында ой қозғаса, жастар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен мүмкіндіктерге қатысты сауалдарын қойды.
Кездесуден соң Ертай Кенжебекұлы жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Онда қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланып, этносаралық ынтымақ пен бірлікті нығайту жолдары пысықталды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі Шұқырсай елді мекенінде тіркелген нақты кемшіліктер, шешімін күткен мәселелер талқыланып, әр сала бойынша сын-ескертпелер айтылды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берді.
Айта кетсек, алдағы уақытта дәл осындай ашық форматтағы кездесулер жалғасын табады.