Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 09:03

Түркістан облысында біріңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Мемлекет басшысының Жолдауымен біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен тиісті мамандар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Мәжіліс барысында аймақта әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, әр саладағы деректер мен қызметтерді бір жүйеге біріктіру, процестерді автоматтандыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты сараланды. Айта кетсек, платформаны кезең-кезеңімен енгізу арқылы өңірлік басқару тиімділігі артып, ашықтық пен халыққа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауындаөзекті мәселелерді цифрлық өзгерістер арқылы түбегейлі шешу керектігін алға тартқаны белгілі. Осы мақсатта таяуда Түркістанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен әлеуметтік салалардағы мемлекеттік қызметтерді бірыңғай цифрлық платформа арқылы көрсетуге бағытталған жобаны іске асыру мәселесі қаралған жиындар жиі өткізіліп жүр. Жобаның басты мақсаты халыққа әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді цифрландыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды біріктіру және әлеуметтік саланың басқаруын арттыру арқылы ашықтықты, қолжетімділікті және тиімділікті қамтамасыз ету. Бірыңғай цифрлық платформа – бұл азаматтарды анықтаудан бастап, олардың сүйемелдеу, қолдау шараларын тағайындау және мониторинг жүргізу үдерістерін қамтитын барлық процестерді біріктіретін мемлекеттік платформа. Платформа көмегімен көрсетілетін әлеуметтік төлемдер мен шығындардың ашықтығы қамтамасыз етіледі және басқару мүмкіндігі автоматтандыру, скорингтік модель және аналитикалық дашбордтар арқылы жүзеге асырылады. Негізгі міндеті- қызмет сапасын автоматтандыру және кадрлық құрамды басқару арқылы арттыру.

Қыркүйек айында Түркістан қаласында осы мәселеге қатысты семинар да ұйымдастырылған болатын. Семинарға білім, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет, спорт басқарма басшылары, жауапты бөлім басшылары мен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысқан-ды. Түркістан облысының халық саны 2 миллионнан асады. Оның 74,7% ауылдық жерде тұрады. 2025 жылдың I тоқсанында 45 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілді. Кедейлік деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеп, 2,1% болды. АӘК алушы еңбекке қабілетті азаматтардың 65%-ы жұмыспен қамтылды. Облыста 362 мыңнан астам зейнеткер бар. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік қызметтерді цифрландырудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді.

Бұл бастама Түркістан облысының әлеуметтік салаларында ашықтықты, қолжетімділікті және тиімділікті арттырып, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады. Айта кетейік, Түркістан облысында Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша бірқатар шаралар қабылданды. 149 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды. 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар басталды. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға өңірдің ірі жобалары енгізілді. Қоғамдық көлік саласына электронды билеттеу жүйесі енгізілуде.

Сонымен қатар, Түркістан облысы білім саласындағы ашықтық пен цифрландыруды жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасауда. Жақында Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бастамасымен салаға нақты тапсырмалар беріліп, цифрлық теңсіздік пен жүйесіздікті жою басты міндет ретінде белгіленген болатын. Мәжілісте білім жүйесіндегі күрделі мәселелер талқыланып, шешу жолдары нақтыланғанын айта кеткен жөн.. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясына және заңнамаларға сәйкес пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатқан платформалар білім сапасын арттыруға бағытталған. Олар оқу үдерісін бақылау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың жетістігін талдау, халықаралық зерттеулерге дайындық пен сыртқы бағалау жүйелерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясы оқу процесін автоматтандыру мен жекелендіруді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы маңызды қадамдар бір ғана басқарманың емес, барлық аудан мен қала әкімдерінің ортақ жауапкершілігі болуға тиіс.

– Білім – мемлекеттің болашағы мен өркениеттің негізі болғандықтан, бұл саладағы ашықтық, әділеттілік пен инновация қоғамның басты талабы мен басым бағытына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді білім саласына батыл енгізуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында жұмыстар жандандырылады. Ашықтық пен есептілік басты талапқа айналуы тиіс, өйткені әр ата-ана баласының қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына алаңдайды. Сондықтан бұл бағытта тек басқарма емес, әр аудан мен ауыл әкімдігі де белсенді жұмыс істеуі қажет,– деді облыс әкімі.

Мәжілісте Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов білім беру жүйесіндегі цифрландыру барысы туралы баяндама жасап, салада бірыңғай цифрлық жүйе қалыптастыру маңыздылығына тоқталды. Бұл жүйесіздікке, деректердің үйлесімсіздігіне және ресурстардың тиімсіз жұмсалуына алып келеді. Қазіргі жүйелер арасында бірыңғай байланыс орнату қажет, себебі бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім басқармасы IT-мамандар санын арттыру, биометриялық сәйкестендіру жүйелерін енгізу және мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру ұсынылды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде бақылау жүйелері орнатылып, бейнебақылау камералары Полиция департаментінің басқару орталығына қосылды. Сонымен қатар, әлеуметтік әмиян арқылы 220 мың оқушыға тегін ыстық тамақ беру жұмыстары жалғасуда.

Платформалар тиімділігі оқу жылының бірінші жартыжылдығында қорытындыланып, нақты нәтиже бойынша таңдалады. Сонымен қатар цифрлық қолтаңбаны биометриялық сәйкестендіру арқылы қолдану, мемлекеттік сатып алуды автоматтандыру, білім беру ұйымдарын бала санына қарай қаржыландыру және турникеттер арқылы бірыңғай есеп жүйесін енгізу ұсынылуда. Түркістан облысы білім беру жүйесін жаңғыртуда ашықтық пен тиімділікті басты ұстаным етіп, цифрлық трансформацияны кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар мұғалімдер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесіне оң ықпал етуі тиіс.

Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру.Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Бүгінде мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.
Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын цифрлық платформа құру мақсаты Цифрлік Қазақстан -2020 Елбасымен ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.

Тағы да айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Бүгінде білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:

1. EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).

Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: eGov.kz (электрондық үкімет порталы), eGov mobile (мобильді қосымша), E-license.kz, E-otinish.kz сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.

2. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)

 Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).

 3. «Ұстаз» ұлттық платформасы

Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.

 4. «Bilimland.kz» IT-платформасы

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облысымыздың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:

Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде Bilimland.kz, Bilimclass.kz, OnlineMektep, iTest, Twig, mektep.snation.kz, es.edu.kz. қызметтері пайдаланылып келеді. Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: Tolem, Е-асхана, «Алақан» Әлеуметтік әмиян (Соц.кошелек), Бизнес әмиян.

2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – жеке тұлғаның eGov Mobile қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу. 

Колледждерде college.snation.kz, es.edu.kz., кадрлық жүйелерде jumys.snation.kz, Ustaz.orleu-edu.kz, Enbek.kz, Hr.nobd.edu.kz., қаржыландыруда: Favorit.kz, Онлайн бюджеттік мониторинг ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.

Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

Елімізде, соның ішінде Түркістан облысында спорт саласында да цифрлық платформалар енгізіле бастаған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізуде. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Негізгі міндеттерге мыналар жатады: спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;

спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау;

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу;

спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру; мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру.

Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істейді.Бұл ретте спорттық атақтар беру тәртібі өзгеріссіз қалады және ол 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен бекітілген ережелермен реттеледі. Аталған құжат атақтың жарамдылығын растайды әрі куәлік жоғалған жағдайда оны қалпына келтіруге негіз болады. Куәлікті қайта қалпына келтіру үшін Спорт және Дене шынықтыру істері комитетіне жазбаша өтініш беру қажет.

Платформаның негізгі мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және әдіскерлер туралы ақпаратты біріктіретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру. Сонымен қатар платформа спортшылар мен жаттықтырушылардың дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс істейтінін және олардың біліктілігін растауға, электронды спорттық іс-шаралар күнтізбесін құруға және өңдеуге, сондай-ақ спорт нысандарын цифрландыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық кезеңде платформаның негізгі модульдері іске асырылды. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электронды күнтізбесі және нысандардың тізілімі енгізіледі. Қазіргі таңда платформамен жұмыс істеуге 81 спорт федерациясы мен 6 ұйым қосылды, ал деректер базасына 1700-ден астам спортшының мәліметі салынды.

Сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру аясында «Smart Turmys» атты бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Жүйені пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр.«Smart Turmys» платформасы су, жылу, электр энергиясы, газбен жабдықтау және тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін бір терезе қағидаты бойынша біріктіреді. Бұл тұрғындардың коммуналдық қызметтермен өзара байланысын жеңілдетіп, түрлі мекемелерге жүгіну қажеттілігін азайтуға бағытталған.

 Вице-министрдің айтуынша, жоба формалды цифрландырумен шектелмей, процестерді толық қайта қарау (реинжиниринг) арқылы іске асырылған. «Біз цифрландыруды көзбояушылық үшін емес, нақты нәтиже беруі үшін жүргіздік. Жүйені іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Бұл есептеулердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасайды», — деді Жәннат Дүбірова. Жаңа платформа арқылы азаматтар коммуналдық қызметтерді онлайн бақылап, төлемдер мен есептеулердің айқындығына қол жеткізе алады. Сонымен қатар, өтініш беру, шағым жолдау және көрсетілген қызметтердің сапасын қадағалау мүмкіндігі де қарастырылмақ.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 101 рет