Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 10:08

Отырар ауданы: Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақкөл ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде ауыз су жүйесін жүргізу мен ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды.  Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы, Отырар ауданының прокуроры Әмір Пулатұлы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

-Құрметті жерлестер, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Отырар ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы орайда бүгін ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Нәтижесінде бүгінде аудандағы 38 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізіп отыр,-деді аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы. Салтанатты шарада аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы жаңа су жүйесінің іске қосылуы ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға оң әсерін тигетінін атап өтті.

Сондай-ақ, салтанатты іс-шарада Отырар ауданының прокуроры Әмір Пулатұлы аталған нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылғанын айта келе, бұл шара заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қайтарылған қаражатты халық игілігіне бағыттаудың нақты үлгісі екенін жеткізді. Нысанның құрылыс жұмыстары «Exclusive Project company» ЖШС-і мекемесі тарапынан жүргізілген. Жобаға сәйкес, 11 560 метр су құбыры жүргізіліп, 65-ке жуық отбасы ауыз сумен қамтылды. Құрылыс нысанында 1250м (2 дана) су ұңғымасы қазылып, су сорғы станциясының имараты салынған. Аудан әкімі жауапты мамандарға жаңа нысанды күтіп ұстап, ауылды сумен үзіліссіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету керектігіп айтып, тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Отырар ауданында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жалпы ауданда 38 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған жаңа су жүйесінің іске қосылуы ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізері анық.

Жалпы ауданда елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен бірге ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары да қарқын алған. Осы мақсатта, аудандық бюджет қаражаты есебінен Маяқұм мен Балтакөл, Аққұм мен Жаңа Шілік елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындылары алынған. Қазіргі таңда Балтакөл және Аққұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылу үстінде. Қалған жобаларды толықтай жүзеге асыру үшін Түркістан облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шарушылық басқармасына өтінімдер беріліп, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Бұдан бөлек ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Қостерек пен Аққұм, Жаңа Шілік пен Көлқұдық, Шеңгелді мен Қарақоңыр, Отырабад пен Ақтөбе, Ескі Шілік пен Қостүйін, Шәмші Қалдаяқов пен Маяқұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап өтерлігі, Түркістан облысында тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары тұрақты жалғасып, бұл бағытта биыл 66 нысанның құрылысына бюджеттен қажетті қаржы қаралған. Аталған мәселе мен өңірдегі өзге де түйткілдер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің ұдайы бақылауында тұр. – Биыл тапсырылатын нысандарды мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырамын. Ауыз су кестемен берілетін елді мекендердің мәселесін жан-жақты пысықтап, шешу жолдарын қарастыруды және жыл соңына дейін жоспарланған 38 елді мекендерді ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету қажет. Құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті мониторинг жүргізіп, апта сайын мәлімет енгізіңіздер. Жыл соңына дейін қаржылар мерзімінде игерілмесе аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын ескертемін, – деген болатын облыс басшысы. Биыл облыста 38 су құбыры іске қосылады, 28 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі. Сонымен қатар 30 елді мекенге жаңа су құбырлары жетіп, тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартудан өтеді. Бұл бағытта арнайы мониторинг жүргізіледі. Облыста ауыз сумен жабдықтау қызметтерімен 17 су беруші мекеме айналысады.

Бүгінде елді мекендерге барлау жұмыстары жүргізіліп, арнайы индикаторлар енгізілді. Мердігер мекемелермен келісімшарт орнатылып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. 5 ауданды ауыз сумен толық қамту шаралары жан-жақты зерделеніп, бірнеше аудандарда су нысандарының құрылысы аяқталса, кейбірінде ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған дейін 215 елді мекен жоспарға енгізіліп, оның 86 елді мекенінде ауыз су мәселесі шешілген-ді. Биыл облыс көлемінде 129 елді мекенге кестеге сай ауыз су беріліп жатыр. Соның ішінде 68 елді мекендегі оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 61 елді мекендегі топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Биыл жоспарға сәйкес, 24 елді мекенге тәулік бойы су жеткізу жоспарланып отыр. Қалған 20 елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамту шаралары келесі жылы атқарылмақ.

Республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен ауылдық елді мекендердің қамтылу пайызы бойынша екі негізгі көрсеткіш арқылы бағаланады. Түркістан облысы бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқан өңірлердің қатарында. Облыстағы қалалар не 542 мыңға жуық тұрғын 100% ауыз сумен қамтылған. Алайда, ауыз су сапасы, жеткізілу уақыты, инфрақұрылымның тозуы және кейбір елді мекендерде судың мүлдем болмауы секілді шешілуі тиіс өзекті мәселелер де бар. Өтпелі кезеңде альтернативті су жеткізу шараларын ұйымдастыру міндеттелді.Облыста биыл жоғарыда айтып кеткеніміздей жалпы 66 су нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларға бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінген. Облыс әкімі бұл қаржыларды тиімді әрі дер кезінде игеруді тапсырды. Сондай-ақ биылғы басты көрсеткіш – 30 елді мекенде су жүйелерінің құрылысын толық аяқтап, ауыз суға қосу. Бұл үшін бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлініп, мердігерлермен шарт жасалған.

Түркістан облысында 801 елді мекеннің 763 елді мекені (7 қала, 756 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыста ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 38 ауылдық елді мекен (халық саны – 31,4 мың адам) қалып отыр. Осы мақсатта, 2025 жылға 30 елді мекеннің (Сарыағаш-9, Келес-13, Қазығұрт-1, Ордабасы-3, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 19,7 млрд теңге (ҰҚ-0,5 млрд теңге, РБ-1,5 млрд теңге, ОБ-4,6 млрд теңге, СГФ-13,1 млрд теңге) бөлінді.  Бүгінгі күнге, 10 айдың қорытындысымен 21 елді мекенде (Сарыағаш-8, Келес-5, Ордабасы-3, Қазығұрт-1, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың қорытындысымен, облыстағы 801 елді мекенді (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 14 903,0 шақырымды құрайды, оның ішінде 5 177,3 шақырым немесе 34,7% тозығы жеткен. Тозығы жеткен су құбырларының тозу деңгейін төмендету мақсатында, 2025 жылы бюджет есебінен 1 866,1 млн теңге бөлініп, қорытындысымен 9 елді мекендегі тозығы жеткен 247,1 шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарлануда. Нәтижесінде, тозығы жеткен су құбырларының ұзындығы 4 930,2 шақырымды құрап, тозу деңгейі 33,1%-ға төмендету жоспарлануда.

Облыста ауыз сумен қамтылған бірнеше елді мекендерде жер асты суларының төмендеуінен, кермектілігі жоғары болуынан, су құбырларының тозуына байланысты, 192 елді мекенге (530,9 мың тұрғын) ауыз су кестемен берілуде. Соның ішінде, 121 елді мекендегі (354,8 мың тұрғын) оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 71 елді мекендегі (176,1 мың тұрғын) топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Аталған елді мекендерді тәулік бойы 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іс-шара жоспары бекітілді. 2025 жылы 30 елді мекеннің мәселесі шешіліп, тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.  Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әрбір елді мекеннің шешу жолдары қарастырылып, қажетті қаржылары есептеліп, жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды.

Түркістан облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі – өңір басшылығының күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі. Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қатаң бақылауда. Республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен ауылдық елді мекендердің қамтылу пайызы бойынша екі негізгі көрсеткіш арқылы бағаланады. Түркістан облысы бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқан өңірлердің қатарында. Облыстағы қалалар не 542 мыңға жуық тұрғын 100% ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар 756 ауылдық елді мекеннің 98,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда, ауыз су сапасы, жеткізілу уақыты, инфрақұрылымның тозуы және кейбір елді мекендерде судың мүлдем болмауы секілді шешілуі тиіс өзекті мәселелер де бар. Өтпелі кезеңде альтернативті су жеткізу шараларын ұйымдастыру міндеттелді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Шардарада ескі су тазарту жүйесінің тозуы жаз мезгілінде халыққа тұрақты су беруге кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін жалпы құны 16,9 млрд. теңге болатын «Шардара топтық су құбыры» жобасы іске асырылуда. Сол сияқты, Сарыағаш қаласында да халық санының артуы, сондай-ақ жаз мезгілінде ауыз суды мөлшерден тыс тұтыну (кейде тіпті ағын судың орнына пайдалану) салдарынан, «Қапланбек» су тазарту станциясының қуаттылығы жеткіліксіз болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Р-1 каналынан магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, су тазарту станциясының жобасы жоспарланған.

Облыста биыл жалпы 66 су нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларға бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінген. Облыс әкімі бұл қаржыларды тиімді әрі дер кезінде игеруді тапсырды. Сондай-ақ биылғы басты көрсеткіш – 30 елді мекенде су жүйелерінің құрылысын толық аяқтап, ауыз суға қосу. Бұл үшін бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлініп, мердігерлермен шарт жасалған.Ауыз суды кестемен алатын ауылдардың мәселесі – жіті назарда. Жалпы, облыста 756 ауылдық елді мекен су құбырына қосылған болса, соның ішінде 192 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі. Оның негізгі себептері ретінде жер асты суларының төмендеуі, су тазарту қондырғыларының қуаты жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның тозуы, судың үнемсіз пайдаланылуы.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 102 рет