Түркістан обылысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларының рейтингтік жүйесі әзірленген. Әрбір мекемеге индикаторлар бекітіліп, әр тоқсан сайын нәтижесі шығарылып, тұрақты талқыланады. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы 6 айда облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118%-ды құрап, өңір республикада бірінші орынға шықты.

Түркістан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 227 қылмыс ашылған

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар, қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйесін жетілдіру, ауыр қылмыстардың профилактикасы, оның негізгі себептері және кәмелет жасына толмағандардың арасындағы қылмыстарды болдырмау мәселелері қаралды.

Түркістан обылысындағы кітапханалар 200 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсеткен

Биыл Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 4 жыл толып отыр. Осы кезеңде кітапхана саласын дамытуға, оқырман санын арттыруға және жаңа инновациялық бағыттарды енгізуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Төрт жыл ішінде «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы сан мыңдаған оқырманның жүрегіне жол тауып, білім мен мәдениеттің алтын көпіріне айналды.

ҚР президентінің кеңесшісі түркістандағы жұмыстарды оң бағалады

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

Нұралхан Көшеров Шардарада ағын су және ауыз су мәселелері жөніндегі штабтың мәжілісін өткізді

Биыл елімізде, Түркістан облысында ағын су мәселесі өзекті болып тұр. Облыс, аудан, қала әкімдіктері тарапынан осы мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүруде. Осы түйткілге байланысты Шардарада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен ағын су және ауыз су мәселелері жөніндегі штабтың мәжілісі өтті. Жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалып, мәселені шешу жолдары қаралды. Өңір басшысы ағын суға қатысты проблемаларды шешу үшін жүйелі әрі бірлескен жұмыс қажет екенін айтты.

Түркістан: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.