Білім саласы Қоғамдық кеңес мүшелерінің басты назарында

Бүгін Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің сегізінші отырысы өтті.

Кеңеске облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Жылқышиев, Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы У.Қайназаров Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары С.Қалқаманов, Ұ.Тәжібаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінен Н.Арынбаев, Е.Жүнісов, С.Әсілбек, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлы, Кеңес мүшелері, облыстық білім беру ұйым басшылары мен БАҚөкілдері қатысты.   

 Кеңестің күн тәртібінде Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы тыңдалды.

Бірінші мәселе бойынша Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жүнісов және Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы У.Қайназаров баяндама жасады.

Ержан Әліұлы, біздің органмен жүйелі түрде алдын - алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір білім беру мекемесінің басшылары ұрпақ тәрбиесімен айналысудың орнына, жеке бас пайдасының қамы үшін жемқорлық көріністеріне жиі барып жатқаны, жемқорлық әрекеттерін әлі де жалғастырып жатқан лауазымды тұлғалар бар. Әрине бұл, өте өкінішті жағдайлар. Білім беру ұйымдарының басшыларына Өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

 Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жер учаскелерін сатумен, тұрғын үй салумен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тиісті шараларды орындамаумен және корпоративтік қордың тиісінше емес қызметімен байланысты тәуекелдер анықталғанын жариялады.                  

Іс-шара соңында Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселелер бойынша тиісті сұрақтар қойып, өзекті ұсыныстарын жеткізіп, осы ұсыныстарды жұмыс барысында назарға алу қажеттігін айтты.

ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?

Облыс орталығында “ЖАСӨСПІРІМ” рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда.

Балалар мен жасөспірімдердің беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобы мен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, “Адами әлеуетті дамыту” бөлімі және қалалық прокуратурамен бірлескен рейд жұмыстары жүргізілді.

Бақылау нәтижесінде ішкі істер органына 25 жасөспірім жеткізілді.

Олардың ата-аналарына- ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы), кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойынхана иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Айта кетейік, Түркістандық полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеді.

 

Полицейлер көлігінде 2 бірдей тапанша мен оқ-дәрі сақтаған тұрғынды анықтады

Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Осындай кезекті көше бойын патрульдеу барысында, полицейлердің назарына күмәнді "ВАЗ" автокөлігі ілінеді.

Полицейлер тексеру кезінде көліктен травматикалық тапаншаға ұқсас 2 дана қару мен оқ-дәрілер тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруларды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қаруға қатысты сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Күнделікті атқарылатын мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

 

 

Түркістанда алаяқтық жасаған азамат анықталды

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жақын танысының 10 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткенін көрсеткен. Осылайша алдау жолымен 2021 жылдың шілде айында оның 850 мың теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобының іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін түрлі өтірік сөздерін айтып, жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез-келген адамға сенбеңіз деп ескертеді. Алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында жылдамдықты асырып жол ережесін бұзған «Нексия» маркалы автокөлігін тоқтатты. Полицейлер тексеру кезінде, жүргізушінің мас халде көлік жүргізгеніне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы жүргізушінің мас екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді.

Осылайша полиция

қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп таныды. Көлік иесі 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ, жол ережесін сақтап, тәртіпке бағынуды қатаң ескертеді.

Түркістан облысының полицейлері дәріханадан ұялы телефон ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған «Айфон 13» маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет етіп, ұрлық болған дәріханаға бағыт алды. Дәріхана иесі, жәбірленуші бойжеткен, басқа да көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, ер азамат болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң қараусыз тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктіден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен, асқан жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

САЙРАМДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 3 бас сиырының жоғалғаны туралы хабарлаған. Арызданушы малдарын алғашқыда өзі іздеген. Еш нәтиже болмаған соң барып, полицейлерден көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын 400 000 теңге.

Бұл жайт аудандық Полиция басқармасына тіркелді. Сонымен қатар жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарынан сұрастырды. Базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.

Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін сайрамдық полицейлер жоғалған ірі қараны 5 шақырым жерде орналасқан тоғай ішінен тапты. Табылған үй жануарлары заңды иесіне қайтарылды.

«Мен 3 бас сиырымды жоғалтып, Сайрам ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және жоғалған малды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рахмет!» - деді ауыл тұрғыны полицейлерге.

Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін.

«Түркістан» Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы кәсіпкерлік ортада талқыланды

Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту мақсатында Департаментпен жүргізілген әрбір сыртқы талдау қорытындыларын түрлі салада талқылау үрдісі енгізілді.

Осы тәжірибе шеңберінде, бүгін «Түркістан» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі бизнес қауымдастығымен талқыланды.

Жиында алғашқы сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов талдау жұмыстары барысында ұсынылған ақпаратты зерделеу нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне айрықша тоқталып, бірқатар бұзушылық деректерді ұсынды.

Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жер учаскелерін сатумен, тұрғын үй салумен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тиісті шараларды орындамаумен және корпоративтік қордың тиісінше емес қызметімен байланысты тәуекелдер анықталғанын баяндап, енгізілген ұсыныстардың орындалуын қатаң бақылау қажеттілігін ескертті.

«Түркістан» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Ж.Нұрпейісов талдау қорытындысымен берілген  Ұсынымдардың бүгінгі күнге орындалуы бойынша баяндады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті аталған мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу басталған болатын.