Түлкібас: Гаражда тұрған көлікті ұрлаған жас жігіт анықталды

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, олардың гаражында тұрған "ВАЗ" маркалы автокөлік белгісіз жағдайда жоқ болған. Ақпарат алысымен оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Полицейлердің анықтауынша, көпқабатты үйдің ауласында орналасқан гараждан жәбірленушінің туысына тиесілі "ВАЗ" көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Шығын көлемі шамамен 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер, тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, жас жігіт ашық тұрған гараждан көлікті ұрлап әкетіп, кейін айдалаға, егістікке тастап кеткен. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті заңды иесіне қайтарды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін сақтау шараларын қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй-жайларда бейнебақылау камерасы мен күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, автокөлікті ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.

 

Есірткі сатты деген күдікпен түркістандық ұсталды

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда Түркістан қаласының тұрғыны есірткі затын сатумен айналысып жүргені айтылған. Ақпарат алысымен ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қылмысты ашудағы өзіндік әдістерді қолданып, қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде күдікті ер адам анықталып, ұсталды.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде, оның сарайындағы кір жуғыш машинадан есірткі қолдануға арналған құрылғы, сандығының ішінен 1 дана қағазға оралған және жатын бөлмесіндегі матрас астынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 2 дана сіріңке қорабы алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат жалпы салмағы 15 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Ол есірткі затын сатумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің есірткіні сақтау мен өткізудің басқа да деректеріне қатысы бар-жоғын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сонымен қатар тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. 

Отырар ауданының прокуратурасы 127 кәсіпкердің құқығын қорғаған

Аудан прокуратурасымен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша өткен жылдың күзгі дала жұмыстарына мемлекеттен жеңілдетілген жанар-жағар майды (дизель отын) арзан бағадағы жеткізуші оператор ретінде «Каф Мұнай Отырар» ЖШС-гі белгіленген, бірақ аталған мекемемен уақтылы жеткізілмеу салдарынан, шаруа қожалықтарымен жоғарғы бағада сатып алуына мәжбүр болып, артық шығындарға тап болғаны анықталды.

Түркістан: Жастар арасында заңбұзшылыққа жол бермеу жолдары қарастырылды

Түркістан қаласы әкімінің ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар бойынша ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін 31 Абай атындағы жалпы орта мектебінің акт залында мектеп оқушылары және Бекзат мөлтек ауданының тұрғындары қатысты. Кездесуде Қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі К.Мәрсәлі сөз бастап Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді қозғады, және де сөзді Түркістан қалалық ҚПБ-ның ювеналды полиция тобының қызмкеткері Мейірман Қазиев сөз сөйлеп жастардың құқықбұзушылыққа жол бермеуі бойынша атқарылып жатқан жүмыстарды баяндады.  Және жастардың не себепті мұндай әрекетке бой алдыратынын жеткізді. 

І.Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық  бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ — қоғамға, мемлекетке, тұлғаға кауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық құқық бұзушылык (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік Құқық бұзушылык (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б.Құқық бұзушылықтың ең кауіпті түрі — кылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш., тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:

§  Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет кұрылымдарына байланысты;

§  Психологиялык фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;

-Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;

-Социологиялык фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялык факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:

§  Төменгі экономикалық — қоғамдық статус;

§  Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат кұралдары;

§  Алкоголь және наркотикалық заттар;

§  Құрдастарының әсері;

§  Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.

Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылык көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, олады тұткынға алып жазалайды.

Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:

Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, калталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді — кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.

Жасөспірімнің жан дүниесі нэзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-эрекеттерін, бұкаралык акпарат кұралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез кабылдап, шындық көреді. Міне, сондыктан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-эрекетінің егжей — тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы кылмысты жасаған кылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты кайталайтыны кездесіп жатады.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, кандай-да бір кылмыс түріне катыстыктары болмаса да, айғай — шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін «хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз кылыктары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тэртібі, мінез-кұлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын (5, 148-151 б.).

Қылмысты ішімдік және наркотикалык заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зертгеу жүмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен карым-қатнаста болса, кылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі кабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Құрбы-кұрдастарынын әсері. Жасөспірімдерді заң бүзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бүзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антикоғамдық тэрбиесімен кұрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында кылмыстық іс-эректке даярлану басталады. Жеткіншектерге кұрбы — күрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бүл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.

Әсер етуші келесі фактор — тұрғылықты спецефика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың занды бұзу, қылмыс жасау пайызы баска аудандарға карағанда бірнеше есе жоғары болады.

Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық — саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен қарым- қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы,мектеп программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы — бұның барлығы осындай оқушылардың қылмыска, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдерді “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі карай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.

Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне — жанұядағы психологиялық жағдай жэне атмосфераның әсері үлкен. Ажыраскан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес карым- катынаста болуы жасөспірімді кылмыс жолына итермелейді.

Қылмыстың психологиялык факторы:

Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі — ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шықкан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жакын болып келеді. Бірак, экесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды кылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін кайталаған. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалык факторларда әсер ете ала ма деген сұрақка жауап іздеген. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша қылмыс жасағандар:өздеріне сенімді, кұкық қоргау органдарына ұнатпаушылықпеғ карау, тез ренжігіштігімен, өзін басқара алмаушылығымен, жаушылык каситтерімен ерекшеленген. Алайда, кейбіреулерінде, өзі туралы бағасыныи төмен болуы, өзін жек көру сияқгы қасиеттері кездеседі. Осындай адамдар тобы өз істеген іс-эрекетін мойындамай, барлығын коршаған орта мен адамдардан көріп, кінэлайды. Кей жағдайда заң бұзу невроз симптомы, коркыныш, мазасыздык жемісі болып келуі мүмкін. Сондай-ақ эртүрлі формадагы және деңгейдегі психопотологиядан зардап шегеді. Кейбіреулері жүйке бұзылуымен ауырады, оны психиаторлар “іс-эрекетіндегі салмаксыздық“ деп атайды.

Зерттеу нэтижесіндегі себептердің бірі — балалық шағынан бастап қамқорлык, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс- әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, кате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.

Қылмыстың биологиялык факторы:

Қылмыстардың көбі сырткы себеп бойынша жасалады. Бірак, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей жэне жанама эсер етуі кездеседі. Мысалы, кылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазыгының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтынлығын білдіреді.

Биологиялық фактордың қылмыс жасауға кандай рөлі бар екенін зерттей келе, ұрпақтан ұрпакка берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаган орта факторымен гентикалык факторды коса көрсетеді.

Заң бұзушы адамның анатомия-жүйелік жүйенің бұзылысы зан кызметкерлеріне қарағанда ақырын калпына келеді. Сондыктан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды

Зерттеу сауалнама, сұхбат, салыстырмалы талдаулар сияқты тэсілдерді колданды. Бұл зерттеулердің статистикалық мэнділіктеріне сүйенсек Қазакстанның оңтүстік аймағында заң бұзушы жасөспірімдер 1,5 ұрлыкты наркотикалық зат әсерінен істеген. Барлық ұрлыкты 2/3 топталып жасалі ан. Барлық тартылған жас кылмыстың 30,6% бір рет ұрлык жасап жауапка тартылса, калғандары, яғни 1/3-і бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, жазаларын өтеп үлгергендер болып келеді. Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлык жасалса, оның 17% жасөспірімдер. Ал, үш айда он ұрлык жасалса, оның 20,7% жасөспірімдер үлесінде. Жасөспірімдерден тұратын кылмыстык топтардың көбеюі барлык Дүние жүзі адамдарын алаңдатуда. Акпараттар жүйесінде біз жиі-жиі катаңдықпен жасөспірімдер топтарының адамды өлтіруі туралы окимыз

1.      С. Жадбаев бойынша бұл топтардың өкілдері болып 16-17 жасар ұл балалалар саналады. Бұл балалалардың осы топтарға енуіне бірнеше себептері бар. Мысалы, жолдастарына деген еліктеушілік, корғаныш іздеумен, гереосексуалды және ерекше сезімдерді сезіну максатында. Жасөспірімдердің кылмыстык топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі — жанұядағы түсініспеушілік мэселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды жэне жанұядағы социалды қажеттіліктерін канағаттандыра алмаса, ол кылмыстық топтардың кұрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстык топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешкашан қолы бармайтын кылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға коркыныш, қауіп тудырып отыр.

2.      Кәмелетке толмагандар арасындагы күкык бұзушылықтың] алдын — алу

Жасөспірімді коғам жагынан қадағалау кажет. Отбасы жасөспірімдік кылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя коғамдық кадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей кадагалау — бүл сырткы болып табылады, оған шектеулер жэне жазалаулар жатады. Ата — аналары баланың уакытында сабақтан келуін, жолдастарымен карым-катынаска түсетін кіші топтарды кадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уакытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, коеымша кадағалау — бұл сыйластық жэне махаббат. Жасөспірім ата- анасына жэне баска да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тэрбиесі мен іс-эрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына жэне басқа адамдарға махаббат, сыйластыкпен қараған бала көп жағдайда кылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіпі көңілін қалдыргысы келмейді.

Кэмелетке толмағандар арасындағы кұкық бұзушылыктың алдын алу, коғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және коғам мен өмірге ізгілікті көзкарас калыптастырып, жастарды кылмыстык кызметке жол бермейтін қағидаларға тэрбиелеу кажет.

Қазакстан Республикасында кэмелетке толмағандардың арасында кұкық бұзушылыктың алдын алу жэне балалардың қадағалаусыз жэне караусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы калыптастыру жэне дамыту жұмысы колға алынған. Бұл «Неке жэне отбасы туралы», «Отбасылык үлгідегі балалар деревнялары жэне жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазакстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жэрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі жэне спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік кұкыктық актілер және т.б.

Кәмелетке толмағандар кұкық бұзушылығының алдын алуды тікелей не| жанама көздейтін кұкықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық катынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған жэне ерекше корғау мен қолдауға мұқгаж жасөспірімдерге кажет. Балалар мен жасөспірімдерді тэрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақгауға аса назар аударып отыр.

Кәмелетке толмағандар құкык бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден баска, өтпелі кезеңнің элеуметтік- экономикалык жагымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары караусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Қазакстан Республикасы Президентінің Қазакстан халкына Жолдауында жаһандык дағдарыска карамастан мемлекеттің элеуметтік саясаты — ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, камкоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жогары жэне арнайы орта білім алу мүмкіндігін камтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалакысын өсіруге бағытталып отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында кұкык бұзушылыктың жэне балалардың кадағалаусыз, ата-анасының карауынсыз калуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың кеЛесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дэл жэне біркелкі колданылуына тиісті бақылау жэне кадағалау жасауды камтамасыз ету болып табылады.

Оку орындары, кәмелетке толмағандарға медициналык, кеңестемелік жэне баска да көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұктаж немесе қатыгездік кұрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген жэне кудалау мен канауға душар болған жасөспірімдерге қолұшын беретін базалык жэне аныктама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік кұжаттарда мектепке бару ережесін сактау киынға соғатын, сондай-ак мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп, жастар арасындагы қылмыстың жэне кәмелетке толмағандар кұкык бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми-зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлык буындарының арасында ынтамактастык болуын ынталандыруға, сондай-ак осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуге тиіс. Осындай зерттеу нэтижелерінің негізінде білім баскармалары кэмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез-кұлык калыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар эзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тэжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға кайшы мінез-кұлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез- кұлқымен ерекшеленетін кэмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға карсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айнападағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болганда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі кұкық бұзушылықтың                                                                                                                             қайталануын

болдырмауға, сондай-ак оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді. Кэмелетке толмағандардың арасында Кұқық бұзушылықтың және балалардың кадағалаусыз, караусыз калуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі коғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың жэне т.б. кызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кэмелетке толмағандар кұкык бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уакытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.

Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездіқ, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ-ы арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат кұралдарын есірткімен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейлінше азайтуға, сондай-ақ зорлық пен қанауды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс.

БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есірткі мен алкогольді пайдаланудын алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы рөлі мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн. Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмагандардың құқық бүзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар күқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік баскару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық үйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер күқық бұзушылығынын алдын алу іс шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе, білім мен мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, кэмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы элеуметтік нормалар мен кұндылықтарға сай келмейтін мінез-кұлқы, көп жағдайда есею процесімен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-қүлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан кұкык бүзушы деп анықтау көп жағдайда жастардын бойында тұрақгы жағымсыз мінез-қүлық калыптасуына экеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет деп ойлаймын.

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд жүргізу кезінде кешкі сағат 18:30 шамасында жүрісі күдік тудырған «Chevrolet cruze» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушісімен тілдесу кезінде полицейлер оның мас болуы мүмкін екеніне күмәнданып, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы жүргізуші ер азаматтың алкогольді масаң күйде екендігін анықтады.

Полиция қызметкерлері одан әрі қарай анықтау кезінде ер азаматтың бұған дейін Ордабасы аудандық сотының үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын білді. Автокөлік бірден айыптұраққа қойылды

Жүргізушіге қамауға алынып оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Яғни жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау және мас күйде рульге отырмау қажеттігін ескертеді.

ТҮРКІСТАН:ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МІНДЕТ!

Түркістан қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық полиция басқармасы нәтижелі жұмыстарды атқарып келеді.

Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, 231 қылмыс қоғамдық орындарда анықталса, 86 қылмыс көшеде орын алған.

Аумақтық полиция инспекторларының анықтауымен 21 маскүнем есепке алынды. Оның ішінде, 5 тұлға маскүнемдік және нашақорлықтан емдеу орталығына жолданды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік тұтынған 1145 азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тұрмыстық қылмыстардың алдын алу үшін, “Қауіпсіз қала”, “Құқықтық тәртіп”, “Тұрмыс” жедел сауықтыру шаралары өткізілді. Нәтижесінде 370 азамат тіркеуге алынды.

Отбасы тұрмыстық-қатынас бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 421 азаматқа әкімшілік шара қолданылды.

САРЫАҒАШ: ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ

Өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы болып, полиция полковнигі Аман Сәпиұлы Бурханов тағайындалған болатын.

Көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, облыстағы қылмыстың азаюына өзіндік үлесін қоса білген білікті басшы осы үрдісін Сарыағаш ауданында жүйелі түрде іске асыруда.

Анығын айтқанда, жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюын басты жолға қойып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алып рейдтік шараларды күшейткен.

Сонымен қатар жол жүру ережесін қатаңдатуда жиі рейдтік шаралар өткізіп, нәтижесінде жол апатының алдын алу және күңгірттенген көліктерге аса назар аударып, сол мезетте терезелері тазартылуда.

Айта кетсек "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деп Б.Момышұлы айтқандай, Сарыағаш ауданыны қай жағынан болмасын тәртіпке келе бастаған. Әрине бұл жаңа басшының жаңашылдығы десек артық айтқандық емес.

Жастардың жат ағым жетегінде кету себептері

Кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі күші, күре тамыры ол жастар болып табылады. Себебі жас буын еңбекқорлығы мен іскерлігі және өз еліне, жеріне патриот болуы, мемлекеттің дамуына алға басуына үлесі зор болатыны ақиқат. Міне сондықтанда Мағжан Жұмабаев атамыз:

Арыстандай Айбатты

Жолбарыстай Қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін – деп, жастардың қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен болатын. Алайда қазіргі таңда діннің асылына үңілместен, ақиқат жолды парасатты оймен салыстырмастан құр еліктеушілікпен, немесе белгілі бір мүддеге жету үшін жат діни ағымдардың жетегіне еріп жатқанын көзіміз көріп құлағымыз естуде. Осының салдарынан қаншама отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашуда. Кейбір отбасылардың отағасы білімсіздіктің салдарынан сезімнің сергелдеңіне түсіп, темір торға тоғытылса, бесік тербетіп үйінде отыруы тиіс нәзік жандылар, нағыз ислами өмір сонда деп, үй-жайын, бала-шағасын, елін-жерін тастап, шекара асып, қиырдағы шет мемлекеттерге кетті. Қаншама ата-ана ұл-қызынан айырылып, зар илеп қалды. Міне, жастардың осындай жағдайға душар болуының бір ғана емес, бірнеше себептері бар.

Ең бірінші себебі діни сауатсыздық. Жат діни ағымның жетегінде жүргендердің санының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтыны хақ. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай да жатады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірбиесі аз, уақытша қиындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Өйткені, білімсіз адамның аңғал, көнгіш, сенгіш, еліктегіш келетінін жақсы біледі. Жат ағымдарға алданушылардың 85-90 пайызға жуығы  мүлдем діни сауаты жоқ, мешіт-медресе көрмеген. Ал, дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше. Тіпті Құранның ең алғашқы түскен аяты да «Оқы» деген әмірмен басталады. Қасиетті Құран Кәрімде «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» (Нәхл сүресі 43 аят), «Білгендер мен білмегендер тең бе?» (Зүмәр сүресі 9 аят) – деп білімнің адам өмірінде алатын орынын қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Екінші себебі болса тәрбиенің мардымсыздығы мен ата-анасының қарауынсыз қалуы. Толық отбасынан шықпаған мейірімге, тәрбиеге мұқтаж  бала жылулықты көшеден іздейтіні айтпаса да түсінікті. Ата-анасынан ала алмаған діни ақпаратты көшеден іздеген жастардың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтырып жатады. Ата-аналардың көпшілігі күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыттары тапшы болып жатады. Ең бастысы бала-шағамыз қатарынан кем болмай, киімі бүтін, тамағы тоқ болса, қалтасында қымбат телефоны болса болды деп, материалдық құндылықпен шектелуде. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадис шәрифінде былай дейді: «Әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы-оны жақсы тәрбиелеу» (Хадисті Имам Мүслим жеткізген). Сондай-ақ көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, немқұрайлы қарап, барлық міндетті мектепке итере салады. Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны айдан анық. Отбасында адал мен арамды білмей өскен бала, өскенде дінге  қатысты көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ата-анасынан ала алмағандықтан, көшедегі жат ағымның өкілінен сұрап, тұзағына оп-оңай түсіп кете барады.

Үшінші себеп ол ғаламтормен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, жастарды жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген адамды көрсек, таңырқайтын болдық. Интернетте шетелдегі псевдошейхтар мен еліміздегі заңсыз уағыз айтушылардың уағыздары, бұрынғыға қарағанда біршама бәсеңсіді. Жастар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға имандай сеніп, оларға лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен бөлісіп отыруды үрдіске айналдырған. Сол мәліметтер мен видеолардың арасында жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын ақпараттар да жетерлік. Сондай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып сотталып жатқандары қаншама?!

Төртінші себеп ол күйзеліске ұшырау. Қамшының сабындай қысқа, бес күндік жалған мынау өмірде жақсыны да жаманды да қатар көресің. Өмірдің ащысын да тұщысын да  басыңнан өткересің. Күнделікті күйбең тірлікпен біреуге ренжіп ашуланасың, енді бірде ашуландырасың. Өмір бар жерде өлім бар демекші жақын адамыңнан айрылып, қан жұтасың. Бұл мынауөмірдің жазылмас заңдылығы. Әйткенмен де жаратқан Алланың пенделері басына қиын-қыстау күн туып, қатты қиналғанда туған-туыс, дос-жараннан жылылық, мейірім, материалдық көмек бере алатын  жандар іздейді. Дәл осы сәтте әлгі дәстүрлі емес жат ағымның мүшелері ет жақын бауыры көрсетпеген жылулықты көрсетіп, бауырмалдылық танытып, жабырқау жандардың жанынан табыла кетіп, қайғысын бөлісіп, көңілге демеу береді. Осылайша айырылмас досқа айналып, әлгінің айтқанынан шыға алмайтындай халге душар болғанын өзі де сезбей қалады.

Бесінші себеп жұмыс орнымен араласатын ортасы. Жалпы дәстүрлі емес діни  ағымдардың мүшелері мемлекеттің жұмысынан бас тартып, сауданы берекесі бар сүннет амалдардың біріне балап, көпшілігі сауда саттықпен, жеке кәсіппен айналысады. Деструктивті теріс пиғылды жат ағымның жетегінде жүрген азаматтардың арасында да кәсіптің көзін тапқан, материалдық жағдайы жақсы, қалтасы қалың  азаматтар үлкен сауда орнындарын, базарлардан дүңгіршек, құрылысқа қажетті заттар сататын дүкендер ашып, оған жұмысшыларды тарта бастайды. Жұмысқа өзінің пікірімен пікірлес, діни көзқарасы сәйкес келетін сенімді азаматтарды іздейді. Өзінің ойындағысын таппаған жағдайда діннен хабарсыз жүрген жастарды қарамағына тартып, жоспарлы түрде үгіт-насихат жүргізіп, қатарын толықтыра түседі. Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде кейбір жастардың дінге бет бұруы араласатын достарының ықпалымен келгендігін көрсетеді. Кейбір жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында, спорттық алаңшаларда шала сауатты, уағыз айтқыш жастар табылып жатады. Шала сауаттылардың айтқан уағыз-насихаттарына уланып, жастардың дінге деген көзқарасы бұрыс жағына қарай өзгеріп шыға келеді. «Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» - деген тамаша тәмсіл де сөзіміздің айғағы.

Алтыншы себеп ол шет елде заңсыз діни білім алу жалпы  Қазақстанда жат ағымның кең таралуының себебі шетелден теріс діни білім алу.  Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, шетелге діни білім алушылар көбейді. Ол жылдары елімізде сауатты діни білім беретін оқу орындары болмады. Ал, қазіргі таңда діни бағыттағы оқу орындары жеткілікті. Шетелдің діни білім беретін оқу орындарына мұқтаждық азайды, тіпті жоқ десекте болады. Дегенмен де суды бұлақтың басынан ішейік, шетелдің оқу орындарында, ғалымдардың алдында отырып, білім нәрімен сусындайық дейтіндер де табылады. Сол мақсатпен шетелге барған, діни сауаты аз жастар, заңсыз хужраларда, тіл курстарында сабақ беретін шейхтардың улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады. Елге келіп өз уағыздарымен ылаң салып жүргендері де баршылық.Сонымен қатар шетелде діни білім алып, елге оралып, абыройлы қызмет жасап жүргендерді де жоққа шығара алмаймыз.

Міне осы себептердің алдын алар болсақ, әр отбасына жауапты ата-ана ұрпағының материялдық жағдайының кем болмауы үшін қалай мән берсе рухани байлығына да аса мән беруі керек. Тарихымыздан белгілі алысқа бармай-ақ «Алаш» зиялыларының барлығы дерлік бала кезден мешіт-медреседен діни білім алғандығы, олардың рухани жағынан мықты болуы, елге жерге деген адал қызмет атқаруына себеп болды.

 

Ш.Темірқұлұлы  

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

 теолог маманы