Туысының донер жасайтын аппаратын ұрлаған

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінде тұрған құны 130 000 теңге болатын донер жасайтын аппаратын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Кентаулық қырағы жедел-тергеу тобы тұрғынның мүлкін жымқырып, ұрлық жасаған күдіктіні анықтау мақсатында әрекет етті. Көрген-білгендерден сұрастырды. Жау алыстан келмейтінін ескеріп, осы бағытта жан-жақты тексеру жүргізді.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жәбірленушінің бұрын сотты болған туысы екені расталды. Анықталғандай, туысының үйінде ешкім жоқ сәтте кірген сезікті рұқсатсыз аппаратты алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан оны Түркістан қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліген жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

МАҚТААРАЛ: ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.

Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.

Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.

Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.

Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.

Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады

Зорлықтың түрлері:

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Біле жүріңіздер, сондай жағдайларынды көрсеңіздер міндетті түрде мамандарға айтыныздар!

 

АРЫС: «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ» ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Арысқаласыныңадамиәлеуеттідамытубөлімінеқарасты«С.Қожанов» атындағыжалпыбілімберумекемесінде, мектептіңтәрбиеісіжөніндегіорынбасарыО.Айдаров, АПБЖПҚКТІЖУПИполициялейтенантыН.Әбжанжәне "Әлеуметтікпсихологиялықсүйемелдеуқызметі" секторыныңмеңгерушісіЖ.Абыловамен "Жастарресурстықорталығы"КММ-нің "Жастарғақызметкөрсетужәне NEET санатындағыжастарменжұмысжүргізу" бөлімшесініңбасшысыК.Төреханжоғарғы 8-9-10 сыныпоқушыларынақұқықбұзушылық,нашақорлық,ертежүктілік, аутодеструктивтімінез-құлықтыңалдын-алу әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтыңалдыналумақсатындатүсіндірмежұмыстарынжүргізді.

Маман қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқанына баса мән беріп тоқталды. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.

Жасөспірімніңкүйзеліскедушарболыпжүргенінмынандайәрекеттердендеанықаңғаруғаболады:

·         Баланыңмінез-құлқыөзгереді, тұйықболабастайды, әңгімеденқашады, өтеенжар, селқостықбайқалады.

·         Мектепкебармаудыңбарлықамал-шарасынойлаптабады: «басым, ішімауырыптұр, құсқымкеледі» дегенсияқтысылтаулардыкөбейеді.

·         Мектептеболғанжағдайларданбастартады, сабаққабарғысыкелмей, әдейіұйықтапқалады.

·         Әдеттегіденгөріақшаныжиісұрайбастайды, сылтауыкөбейеді, тіптіата-анасыныңқалтасынатүседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.

·         Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.

·         Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

Іс-шараныңмақсаты-жастарменжасөспірімдерарасындақұқықбұзушылықтың, нашақорлықтыңертежүктілікпенаутодеструктивтімінез-құлықтыңалдыналу, зорлық-зомбылықтуралымағлұматберу, әлімжеттіктіңалдыналуболыптабылады.

-Іс-шарабарысында - құқықбұзушылықтыңалдыналужәнеболдырмау, зорлық-зомбылық, тұлғаныңжекеөмірінеқолсұғушылық, азаматтардыңқұқығынбұзатынбірадамныңекіншіадамғатәндікнемесепсихикалықықпалетуіекендігі, жәнебасқадатұрғыдағызаңғақайшыәрекеттердібайқағаннемесеосыжағдайлардыбастанкешіпжатқантұлғаларболса, құқыққорғауоргандарытарапынанберілетінзаңдықкөмектергежүгінеалатындығыжайлыайтылып, түсіндірілді.

АРЫС: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан облысы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, «С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог- психолгтардың ұйымдастырумен "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 9 -10 сынып оқушылары арасында профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Жиналыста "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі" сектор психологы Ж. Абылова қатысты. Мақсаты:оқушыларға зорлық - зомбылық туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенің түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

«Қоғам дамыған сайын ондағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қиынға соғып тұр. Оған бірнеше фактор әсер ететіні белгілі»,- деп бастады баяндамасын маман.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегенде тек ерлі-зайыптылар арасындағы проблема ғана емес, әке мен бала арасындағы келіспеушілік немесе жанжал да жатады. Сол секілді бауырлардың арасында болуы да мүмкін. Осыған ұқсас жайттар тұрмыстық зорлық, күш көрсетуге жатады», дейді ол.

полицияғажылсайынтұрмыстықзорлық-зомбылықфактілерібойынша 100 мыңнанастамөтінішкеліптүсетінінбаяндады. Бұлреттежағдайлардың 60%-ындажәбірленушілерқұқықбұзушыларғақатыстышараларқабылдауданбастартады. 2022 жылы 37 мыңадамәкімшілікжауапкершіліккетартылды. Бұлреттеотбасылық-тұрмыстыққатынастарсаласындағықылмыстыққұқықбұзушылықтарсаны 7%-ға (623-тен 583-кедейін) төмендеді.

МемлекетбасшысыныңтапсырмасыбойыншаІІМотбасылық-тұрмыстықсаладағызорлық-зомбылықтыңалдыналуүшінжауапкершіліктіқатаңдатушараларын, сондай-ақотбасыныңшырқынбұзушылардыоңалтужәнеоларментәрбиежұмысынжүргізудіқамтитынқадамдардыәзірледі.

Осылайша, бұлсаладағыіс-қимылдардыүйлестіруүшінуәкілеттімемлекеттікоргандыбелгілеуұсынылыпотыр. Бұлрепрессивтішараларғаемес, азаматтардыңәлеуметтік-экономикалықпроблемаларын, балалардытәрбиелеужәнежалпы, отбасымәртебесінкөтерумәселелеріншешугебасымдықберугежолашады.

Сонымен қатар тұрмыстық қылмыстарды тіркеудің өтініш беру түрінен анықтау сипатына көшу жоспарлануда. Бұл полицияға құқық бұзушыны жәбірленушілердің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, жазаның бұлтартпаушылық принципі қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, әкімшілік қамауға алудың ең аз мерзімін 5 тәуліктен бастап (бұрын болмаған) белгілеу, тергеу кезеңінде отбасының шырқын бұзушыны оқшаулау және оны соттың қамауға алу мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ тараптардың тек бір рет және сотта ғана татуласуына мүмкіндік беру ұсынылуда.

 Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Қызметтік ит гашиш тасымалдаған күдікті әйелді ұстауға көмектесті

Сарыағаш ауданының полицейлеріне, «Белка» есімді қызметтік ит өзімен бірге есірткі заттарын алып өтуге тырысқан Өзбекстан азаматшасын анықтауға көмектесті. Толығырақ айтсақ, "Жібек жолы" бақылау-өткізу пунктінен Сарыағаш АПБ-ға есірткі тасымалдады деген күдікпен әйелдің ұсталғаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, "Белка" атты қызметтік ит шетелдіктің тыйым салынған заттарды алып жүргеніне белгі беріп, тоқтатқан. Жедел уәкілдер тінту кезінде, күдіктінің үстіндегі киімінің жеңінен есірткіге ұқсас заты бар пакетті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі «гашиш» болып шықты.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 286-бабымен "Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Егер, сіз де, есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында заңсыз ойынхана бизнесін анықтады.

Нақтырақ айтсақ тәртіп сақшылары, Кентау қаласы көшелерінің бірінен жұмыс жасап тұрған заңсыз ойынхана бизнесін тапты. Полицейлер аталмыш ғимараттан 17 процессор, 20 монитор, 5 телевизор мен өзге де техникаларды тәркіледі. Бүгінде полицейлер осы орынды жалға берушіні анықтап, сол арқылы күдіктіні айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен тіркелді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар берудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Ордабасы ауданында полицейлермен жол белгілері жаңартылуда

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа таңбалар қойылуда.

Осы ретте Ордабасы АПБ-нің полицейлерімен аудан көлемінде жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда.

Мысалы Ордабасы ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-15 «Ақбұлақ-Бадам-Төрткөл» автомобиль жолындағы Ақбұлақ мектебі алдына және ауылға кіретін жолына жасанды жол кедергісі қойылды. Сондай-ақ Қараспан ауылдық округіне Көлтоған, Төреарық, Қараспан ауылы мектептері алдына жаяу жүргіншілер өткелі сызылып, жасанды жол кедергісі мен жол белгілері қойылды.

Оған қоса Бөген ауылынан шығатын екі бағытта жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды жол кедергісі орналастырылып, Қайнар ауылы ішінде Дулат пен М.Әуезов мектептері алдына, Қайнар дәрігерлік емханасы алдына жолаушыларға арналған жолақтар сызылды. Темірлан елдімекеніне кіреберіс екі бағытта жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында тиісті жол белгілері қойылды.

Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер жойылып, қауіпті аймақтар анықталып, қажетті жұмыстар атқарылуда. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.

 

Түркістан: Полицейлер алтын жүзіктерді жымқырған әйелді ізін суытпай ұстады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына базарда алтын сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданып, 2 дана алтын жүзігін белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 120 000 теңгеден асады.

Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, ұрыны іздестіруге кірісіп кетті.

Бөтеннің мүлкін жымқырып, қылмыс жасағанды ұстау бағытында жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілді. Куәлардан сұрастырылып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде түркістандық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Сол күні күдікті әйел анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Сауда орнына алтын алушы ретінде келіп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланып, алтын бұйымдарды жымқырған. Күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұрланған жүзіктер табылып, заңды иесіне қайтарылды.