Түркістан: Полицейлер үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғынды анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.

Ал облыс орталығының тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ҚР Қылмыстық Кодексi 296-бабында «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»:

Ескерту. 296-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
1. Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну – 
сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
3. Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 
4. Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Ескертулер. 
1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшерлері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді. 
2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады
деп жазылған. 

Ордабасы: Мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде, жүрісі күмәнді «Opеl Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішкенін анықтады. Мұны тағайындалған медициналық зерттеу де растады.

Ордабасылық полицейлер аталмыш жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Және оның бұдан алдын, яғни 2021 жылы тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен айыпты деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын айқындады. Осылайша өзінің көлік басқару құқығы жоқ екендігіне қарамастан, қайта ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды.

Нәтижесінде Ордабасы аудандық сотының үкімімен егде жастағы ер адам көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Облыс полицейлері мас жүргізуші қылмыскер екенін алға тартып, мұндай қателікке бой алдырмауды қатаң түрде ескертеді.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 608-бабында «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»:

1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – 
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер – 
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп жазылған.

ҚР Қылмыстық Кодексi 346-бабында «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру»:

1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

6. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан көп адам өлiмiне алып келген іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.

Үй құстарын ұрлаған кентаулық анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, үйінің алдына жайылымға жіберген 6 бас қаз, яғни үй құстарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынып, шұғыл іздестіру шаралары атқарылды. Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған аймақты аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын қарап, мұқият тексеру жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы үй құстарын артып әкеткен көлік анықталып, оның жүргізушісі күдікке ілінді. Содан күмәнді жүргізушінің жеке басы анықталды. Жас жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті жол бойында қараусыз жүрген құстарды үйіне жасырған. Ол құстарды сатып, оңай жолмен олжалы болғысы келген. Алайда ойы іске аспай, тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында үй құстары тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде қаздардың иесі, жергілікті тұрғын шынайы ризашылығын білдіріп, полицейлерге алғысын жаудырды. Жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚР Қылмыстық Кодексi 188-бап. Ұрлық туралы былай жазылған.

1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
2. Мынадай: 
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық – 
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Мынадай: 
1) ірi мөлшерде; 
2) бірнеше рет: 
3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – 
мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Мынадай: 
1) қылмыстық топ жасаған; 
2) мұнай-газ құбырынан; 
3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық – 
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған.

Келестік полицейлер тұрғынның жоғалған 57 бас қойын тауып берді

Келес аудандық полиция бөліміне Бозай ауылының тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген 57 бас қойын таппай қалғандығын хабарлаған. Құны 3 миллион теңге тұратын ұсақ малдарын өзі іздеп таба алмаған тұрғын, келесі күні полицейлерден көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру кезінде, куәлардан жауап алынып, жақын аумақтар мұқият қаралды. Егістік алқаптары, тау-тас, қыр толық тексерілді. Жол талғамайтын 2 бірдей қызметтік көлікпен жан-жақты шарлап шықты. Нәтижесінде ұсақ малдар 40 шақырым қашықтықтағы көрші Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылының жайылымынан табылды. Белгілі болғандай, қойлар қараусыз қалып, бірнеше қыр асып, адасып кеткен.

Жоғалған малдардың егесі өз сөзінде: «Қойларымды бағып жүріп, түскі уақытта тамақтануға 1 сағатқа кетіп едім. Келсем қойларым жоқ, таппай қалдым. Полицейлерге, мың алғыс! Жоғалған қойларымды аз уақыттың ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, ештеңе шықпады. Полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында тауып отырмыз. Келестік тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді.

 

 

МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕКТЕР КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2022 жылғы 7 қазандағы ведомствоаралық жедел кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сəйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында құқық қорғау жəне жергілікті атқарушы органдарының бірлескен «Заң керуені» акциясы өтті.

Шараға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы, Түркістан облысы полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Сейдыханұлы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы және жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру мақсатында өткізілген жиында тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға тиісті сала мамандары тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Ауыл шаруашылығы, жер даулары, сот актілерінің заңдылығы, қоғамдық тәртіп, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларға қатысты айтылған мәселелер назарға алынды.

Алдағы уақытта акция нәтижесі бойынша айтылған әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, талдау жұмыстары жүргізіліп іс-шаралардың нақты жоспарлары әзірленіп, көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді шешу үшін жауаптылар бекітілді.

Айта кетейік, жиыннан соң облыс прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

 

Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Арыс ауданы ПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты. Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды.

Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның алдын алу, тосқауыл қою мәселелері талқыланды.

 

«Өнегелі ұрпақ – берекелі отбасында тәрбиеленеді. Өкінішке қарай, жылдар жылжыған сайын елімізде шырқы бұзылмаған отбасылардың саны азайып барады. Әрине, ұрыспай, керіспей кереге кер деп отырған ешкім жоқ. Әрі-беріден соң, отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жер бетінде қанша адам болса, соншама мінез-құлық бар. Алайда ашудың соңы әлімжеттікке ұласса қайтпек керек?» деп баяндамасын бастаған мамандар 2022 жылдың 10 айында Арыс АПБ-ға жеке қабылдауға 10 әйел келгенін мәлімдеді. Олардың барлығына полицейлер тарапынан қажетті құқықтық көмек беріліп, заң аясында жұмыстар арқарылған.  Әрине, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық орын алуына ер азаматтарының алкагольге тәуелді болуы және бұл зорлық-зомбылықтың орын алуына ең негізгі фактор болып табылады. Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың  орын алуына алып келеді.  Отбасы ол- қоғамның ұясы деп менімен айтылмаған, осыған орай ондағы денсаулық жағдайы мемлекеттің қолайлы дамуына әсерін тигізеді, яғни бұл әрбір азаматтың мүддесі.Себебі, үйдегі зорлық-зомбылық, бүгінгі күнде отбасы ішіндегі келеңсіз жағдай ғана емес, сондай-ақ тұтас қоғам өмірінің тіршілігі. Өйткені отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық оның тіршілік әрекетін бүлдіріп қана қоймай, жалпы қоғамның қауіпсіздігін де бұзады.Жалпыланған санат ретіндегі үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірленуші және құрбан арасындағы қарым-қатынастардың табиғатымен, сонымен қатар өмірлерінің жағдайларымен айқындалатын өзгеше санаттар бар екенін айттық. Мысалы:

  • балаларға қатыгездiкnен қарау;
  • зайыбына немесе серіктес адамына қарсы бағытталған зорлық зомбылық;
  • қарттарға қатысты зорлық-зомбылық.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін тағы бір санат – балалар, олар өздеріне қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасайтын адамдарға құқықтық жағынан тәуелді болады. Оларды қинаушылар, әдетте, заң бойынша олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті ата-аналары болып табылады. 14 жасқа дейінгі баланы ата-анасы ұрады. Бұл кейде балалардың өліміне әкеледі, кейбіреулері ата-аналарынан құтылу үшін үйінен кетеді, ал кейбір кәмелетке толмаған балалар жоғалып, оларға іздеу жарияланған.

Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, «әр6ір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қаgiр-қасиетiне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар, мемлекет баланың жеке басына ешкǐмнщ тиǐспеуǐн қамтамасыз етедǐ, оны тәнін және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр- қасиетш қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсǐтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекǐтǐлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлершен қорғауды жүзеге асырады» , - делінген.

Отбасы ішіндегі қатыгез қарым-қатынасты көбінесе 6-7 жастағы балалар бастан кешіреді; өз ата-аналары, өгей әкелері (шешелері), анасымен (әкесімен) бірге тұратын адамдары үнемі ұрып-соғатын мұндай балалардың дамуы тоқтайды, көптеген дене және психоэмоциялық науқастарға шалдығады. Көптеген балалар «мастық педагогиканың» құрбандары болып жатады, бұл жағдай балалар үшін қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Көбінесе ата-аналардың өздері маскүнемдікке салынып қана қоймай, оған өз балаларын да тартады, олармен бірге спирт ішімдіктерін немесе есеңгірететін заттарды қолданады.

Басқа елдердегі жағдай да мәз емес. Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша, белгілі бір түрдегі зорлық-зомбылық әр төртінші отбасы ішінде байқалады. Кісі өлтірудің жалпы санының шамамен 30 пайызы отбасы ішінде жасалады. Тұрмыстық себептерге (қызғаншақтық, алкоголизм, бұзақылық) байланысты болып келеді, осыған дейін барлық қылмыстардың жартысы дерлік ұзақ уақыт отбасылық ұрыс-керістер болып келеді. Дүние жүзінің қалған елдерінде де істің мән-жайы қуантарлықтай емес. Статистикалық деректерге сәйкес бүкіл дүние жүзіндегі әйелдердің 20%-нан 50%-на дейін өз отбасыларында зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Австрияда барлық кісі өлтіру фактілерінің 54% отбасы ішінде жасалады, құрбандардың 90% әйелдер мен балалар. Ұлыбританияда күш көрсету зорлық-зомбылығына әйелдердің әр төртіншісінен бастап әр оныншысы кез болады. 

Ұлыбританияда күш көрсету зорлық-зомбылығына әйелдердің әр төртіншісінен бастап әр оныншысы кез болады.Ұлыбританияда өткізілген зерттеулерге сәйкес әр минут сайын тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы хабарлайтын 999 қоңырау тіркеледі, олардың құрбандарының 80%-нан астамы әйелдер. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты зерттеу жөніндегі жобаның директоры профессор Станко деректерге талдау жүргізіп, жыл сайын бүкіл мемлекет ауқымында жарты миллионнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары тіркелетінін көрсетті. Сонымен қатар, ол нақты жағдай одан да көп екеніне назар аударды, себебі көптеген оқиғалар тіркелмейді екен. Британиялық қылмыстық статистиканың көмегімен, ол Біріккен Корольдықта тұрмыстық зорлық-зомбылық әр 6 секунд сайын жасалатынын санап шығарды. Барлық зорлық-зомбылық жағдайларының төртінші бөлігі тұрмыстық жағдайда жасалады, өлтірілген әйелдердің жартысын олардың күйеулері өлтірді – осылайша, әр үш күн сайын бір әйел өз серіктесінің қолынан қаза табады. Әйел полицияға өтініш жасамас бұрын, орташа есеппен алғанда 35 рет шабуылға тап болады. Қазақстанның мемлекеттік органдарының 1999 жылы өткізген сауалнамасына сәйкес, сұралған әйелдердің 28 пайызы өздерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың көбісі тұрмыстық зорлық-зомбылық ретінде экономикалық құқықтарды кемсіту не психологиялық зорлық- зомбылықты емес, күш көрсету және жыныстық зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін көрсеткен. Өкінішке орай, зорлық-зомбылықтың көп бөлігі балалар болған кезде жасалады, ұру мен зорлауды қоса алғанда, зорлық-зомбылық актілерінің шамамен 50%-ы балалардың көзінше жасалады.Елімізде 24 дағдарыс орталығы бар. Дағдарыс орталығының (зорлық-зомбылықты бастан кешірген әйелдер тобы құрған коммерциялық емес қоғамдық ұйым) сенім телефонына түскен қоңыраулар мен өтініштердің талдауы және мониторингі жасалады, жұмыс кезінде орталық қызметтері бетпе-бет кеңес берулерді жүзеге асырады. Осыдан зорлық-зомбылық көбінесе туыстары тарапынан болатыны көрінеді, жиірек психикалық зорлық-зомбылықты пайдаланады.Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұруына, тіпті ол басқа отбасында орын алса да, қатыспай қалуы әрбір азаматтың міндетіне жатады деп мен сенім білдіремін. Өйткені, тек бәріміз бірге ғана  аталған жамандыққа тойтарыс бере аламыз -, деп түйіндеді жиынға қатысушылар. 

Түркістан облысының полицейлері ұрланған 5 көлікті тауып, иелеріне қайтарған

Қоғамда көп орын алатын қылмыстың бір түрі – ұрлық болса, бүгінгі мақаламызда автокөлік ұрлығы бойынша айтып өтпекпіз. Көлік ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Яғни автокөлік пен олардың иелерін, оның ішінде көрші мемлекеттер мен шекара маңындағы аудандарда тексеру бойынша мобильді бекеттер құрылған. Тәртіп сақшылары айдап әкетілген автокөлікті және ұрланған қосалқы бөлшектерді анықтау үшін гараж кооперативтеріне, жеке автошеберханаларға, техникалық қызмет көрсету сервистеріне, автотұрақтарға, автобөлшектеу пунктеріне, автобазарлар мен автодүкендерге ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Әкімдіктер, қоғамдық құрылымдармен бірлесіп, профилактикалық акциялар мен жиындар өткізіп отырады. Оның ішінде тұрғын үйлердің аулаларында, кіреберістерде және азаматтар көп жиналатын орындарда профилактикалық жаднамалар орналастырылады. Жер үйде тұратын тұрғындарға автокөліктерін үйінің ауласына кіргізіп қоюды, ал көпқабатты үйлердің тұрғындарына автокөліктерін жеке гаражға, егер гараж болмаған жағдайда бейнебақылау камерасы орнатылған, жарықтандырылған ақылы автотұраққа қоюды түсіндіреді.

Жалпы осындай кешенді іс-шаралар аясында, ағымдағы жылдың 10 айында облыс көлемінде барлығы 10 дерек автокөлік ұрлығы тіркелген. Полиция қызметкерлірінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде, оның 5 дерегі ашылып, 5 автокөлік иелеріне қайтарылды. Автокөліктерді ұрлағаны үшін 9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7 адамнан тұратын 3 қылмыстық топ құрықталды.

Мәселен Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ауласында тұрған «Ваз-21060» маркалы автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткенін хабарлаған. Аталған жайт ҚК 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді.

Кодексте бұл туралы:

1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) бiрнеше рет; 
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекет – 
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не iрi залал келтiрген іс-әрекеттер – 
бес жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер – 
алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған. 

Тәртіп сақшылары көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін барлық қажетті шаралар атқарды. Содан арадан небары 2 күн өткенде жәбірленушінің көлігін заңсыз иемденіп кеткен азаматтарды анықтады. Осылайша отырарлық сақшылар күдікті ретінде бұрын сотты болған Түркістан қаласының екі жас тұрғынын құрықтады.

Белгілі болғандай, күдіктілер аталған қылмысты жасамас бұрын өзара ақылдасып, арнайы жоспар құрған. Оңай жолмен ақша табуды көздеген екеу, Отырар ауданына бет алған. Содан түнгі уақытта жәбірленушінің ауласында тұрған автокөлікті байқатпастан ұрлап кеткен. Қолды болған көлікті Түркістан қаласына дейін айдап келіп, жарамды бөлшектерін сатып жіберген. Ал қалғанын өртеген. Қазіргі таңда күдікті азаматтар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлыққа қатысы бар әйелдерді анықтады

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі әйелді ұстады. Олардың екеуі де Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі профилактикалық есепте тұрады.

Аталған сезікті әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Кодексте бұл туралы:

1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық – 

мүлкi тәркiленiп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бірнеше рет жасалған; 

3) кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен ұштасқан дәл сол іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған.