Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі әйелді ұстады. Олардың екеуі де Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі профилактикалық есепте тұрады.
Аталған сезікті әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы "Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Кодексте бұл туралы:
1. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық –
мүлкi тәркiленiп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалған;
3) кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен ұштасқан дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған.