ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев «Қазақстан Полициясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Марапатты Түркістан облысының Полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов табыстады.

«Полиция күні» мерекесіне орай жоғары деңгейде ұйымдастырылған салтанатты жиын заманауи үлгіде салынған конгресс-холл ғимаратында өтті. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Шымкент қалалық ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Қатысушылар мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. ҚР ІІМ-нен арнайы келген түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар мен жылдық төсбелгілер үлестірілді.

Жиналған құрметті қонақтарға бірінші кезекте Түркістан облысы Полиция департаментінің өмірі бейнеленген фотосурет пен полицейлердің қызметі мен ерлігі жазылып, жарыққа шыққан газет-журналдардың көрмесі ұсынылды. Жиын соңы мерекелік шараға ұласып, жиналған қауымға ерекше көңіл- күй сыйлады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

«Қазақстан полициясына 30 жыл». Қазығұрттық полицейлер марапатталды

Полиция қызметкерлері –қылмыс, құқықбұзушылыққа қарсы тұрып, барлық қиын-қыстау кезеңде халықтың жанынан табылатын маман иелері. Осы тұста «Қазақстан полициясының 30 жылдығын» мерекелеу мақсатында Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев полиция бөлімінің қызметкерлерін, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлерді, белсенді қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларын арнайы шара ұйымдастырып, алғыс хаттармен марапаттады.

Атап айтар болсақ, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» полиция майоры Өміржан Жамалов, полиция лейтенанты Бақберген Шайз, полиция бөлімінің кеңсе меңгерушісі Сәуле Алтаева марапатталды. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» полиция майоры Алмас Жырауов, полиция капитаны Бекмұрат Ахатаев, полиция аға лейтенанты Нуриддин Байгулбаев, полиция аға лейтенанты Әділет Көшер және полиция аға лейтенанты Берік Аширов марапатталды.

Оған қоса, «Аманат» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының «Алғыс хатымен» полиция майоры Пернебай Сәлібеков, полиция майоры Ерік Алимбаев, полиция капитаны Перизат Иманова, полиция капитаны Нұрсұлтан Байғұлбаев, полиция аға лейтенанты Әміржан Орақбай, полиция аға лейтенанты Бақберген Әбдіғафар, полиция аға сержанты Бекжан Кенжалиев марапатталды.

Бұл марапаттар полицейлердің еңбегінің жемісі. Қылмыскерлермен күресу жолында қызмет жасап, ел мен жер үшін аянбай тер төккен барша полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

Отырарда «Полиция күні» ерекше өтті

Өйткені айтулы дата, мерейлі жас, яғни Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл! Осынау мейрам қарсаңында Отырар АПБ полицейлері Мәдениет үйінде кең көлемді шара ұйымдастырды. Мерекелік жиынға ішкі істер саласының ардагерлері, Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов, маслихат хатшысы Мырзахан Манапов, "Аманат" партиясынан А. Құрман мен жеке құрам қатысты. Келген құрметті қонақтар құттықтау сөздерін арнап, қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәртіп сақшыларын марапаттады.

Өз кезегінде Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ермек Өсербаев баяндама жасап, ауданда полицейлермен атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ алдағы уақытта да қоғамдық тәртіп пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде шаршамай, бір жұдырықтай жұмыла қызмет ететіндіктерін жеткізді. Оған қоса марапаттау рәсімін өткізді. Шара соңында концерттік бағдарлама қойылып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

 

                                                                                                                                                                                                           «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл ҚР Полициясына - 30 жыл. Атаулы мерекеде қала әкімі М.Әйтенов шымкенттік полицейлерді құттықтап, Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыстады. Салтанатты шараға қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жергілікті атқарушы мекеме басшылары, ішкі істер органының ардагерлері де қатысты.

Жиылғандар алдымен қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жиында сөз алған қала әкімі Қазақстан полициясы отыз жыл ішінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен еліміздің тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды құрылым ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанын айтты.Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің ізгі тілегімен жалғасқан жиын жас полицейлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Тарихта өшпес із қалдырған кемеңгер генералдардың жолын берсін деген ниетпен ант қабылдау рәсімін арнайы Ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері өткізді. Құқық қорғау саласына жаңадан қадам басқан тәртіп сақшылары; милиция генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы мен Оспанов Асқар Шуашұлының алдында Отанға адал қызмет етуге ант берді. Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы жас полицейлердің болашағына сенім білдіре отырып, жолдарының ашық, абыройларының асқақ болуын тіледі.

Сондай-ақ, тәуелсіз елдің тәртіп сақшылары Полиция департаменті алдында сақадай сап түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Халықтар Ассамблеясы залында жалғасқан мерекелік шарада қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы арнайы әзірленген деректі фильм мен Ішкі істер министрінің құттықтауы назарға ұсынылды. Шырайлы шаһарды гүлдендіру жолында полицейлермен жұмыла еңбек етіп келе жатқан қала әкімі Мұрат Әйтенов пен маслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов 50-ге тарта полиция ардагерлері мен тәртіп сақшыларына Президент алғыс хаты мен қала әкімінің алғыс хат, естелік сыйлықтары табыстады. Өз кезегінде полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков тарихта өшпес із қалдырған Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қызмет барысында қаза болған полицейлердің жақындарына сый-сыяпат табыстады. Бұдан бөлек, қадірлі қонақтардың ішінде Департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері бар екенін атап, талантты бүлдіршіндерге ұлттық аспап домбыраны сыйға тартты.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда полицияға 109 автокөлік, былтыр 3 868 дана бейнебақылау камераласы алынды. Алдағы уақытта қолдау әлі де жалғаса береді.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

Түркістан: Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайларына мерекелік сыйлықтар табысталды

«Қазақстан Полициясының 30 жылдығына» байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен кең көлемді, елдің есінде қаларлық ерекше іс-шара өткізілді. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов барша полицейлерді мерекемен құттықтай отырып, қызмет атқару барысында жұлдызы ерте сөнген қызметтестерін ерекше сағынышпен еске алды.

Сондай-ақ қиын да қауіпті салада еңбек ете жүріп, қаза тапқан полицейлердің жұбайларын арнайы қонақ етіп шақырып, құрмет көрсетті. Яғни шараға Бағдәулет Елшінбеков, Мұхтар Сарыбаев, Рысбай Құдайбергенов, Айтжан Ғайбуллаев, Расул Наршабаев, Атымтай Ахметовтердің жұбайлары мен жақындары келді. ТО ПД бастығы аталған ақжаулықты аналарға гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар А.Ахметовтің жұбайы Гүлмира ханымға, Сарыағаш қаласындағы шипажайға жолдама тарту етті.

Киелі өңірдің бас полицейі М.Қабденов өз сөзінде: «Полиция қызметкері таңертең жұмысқа шыққанында, өзін алда не күтіп тұрғанын білмейді. Мүмкін ол қарулы қылмыскермен бетпе-бет келетін шығар. Мүмкін ұрыны, алаяқты ұстайтын болар. Ал күдіктілерді құрықтау кезінде оның полицейді жараламайтынына кепілдік жоқ. Десекте халыққа қызмет етемін деп ант берген полицей, қандай жағдай болмасын өз жанын қиюға әзір. Бізде тарих беттерінде бұған дәлел болар оқиғалар жетерлік. Олардың ерлігі әрқашан біздің жадымызда!», - деп атап өтті.

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, аталмыш полицейлердің есімдерін, олардың отбасын тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қолдап, қал-жағдайларын біліп отыруды дәстүрге айналдырған. Ең бастысы «Ер есімі – ел есінде».

МАҚТААРАЛ ЖАСТАРЫ - НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 26 маусым Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау және достықты нығайту мақсатында, «БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» атты ұранмен аудан, қала Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында кіші футболдан ашық біріншілік өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың алғы сөзімен бастау алып, одан әрі ашық біріншіліктің бас төрешісі Райымжан Әбдірайымов сайысқа қатысушы командаларға ойын ережесін таныстырып өтті.

Алаңға алғаш шыққан Сарыағаш және Төлеби ауданының жастар командасы тартысты ойын көрсетті. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы мен Түркістан обылысының жастары және Мақтаарал ауданы мен Арыс қаласының жастарының ойындары да көпшілікті тәнті етті.

Тартысты ойын нәтижесінде, Мақтаарал ауданы 1-ші орынға ие болса, 2-ші орынды Жетісай ауданы, 3-ші орынды Сарыағаш ауданы иемденді.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Полиция күнінде дүниеге келген аға лейтенант - Жасұлан

Құқық қорғау саласында қызмет ететін полицейлердің арасында, бұл саламен етене жақын байланысып кеткен қызметкерлер де бар. Солардың бірі – Жасұлан Маратұлы Ерехан. Жасұлан үшін бүгін ерекше күн. 1992 жылы 23 маусым күні Қазақстан полициясы құрылса, ал 1998 жылы дәл осы күні болашақ сақшы дүние есігін ашқан болатын. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен Жасұлан өмір жолын құқық қорғау саласымен байланыстырып, мектепті бітіре сала ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түседі. Оқу орнын үздік бітіріп, криминалистика саласындағы алғашқы қызметін Кентау ҚПБ-да бастады. Міне бүгінде аталған полиция бөлімінде 3 жылдығын өткеріп, 24 жасты еңсеріп отыр. Әкесі подполковник Марат Смағұлов Түркістан облысы ПД Арнайы даярлық басқармасында өз жұмысын тыңғылықты атқарып жүрген абыройлы полицей. Мұндай жауапты қызметте қателікке жол бермей, барлық істе ұқыптылық таныта білетін әкесінен Жасұланның үйренері көп. Және үйренуден де жалықпайды. Криминалист болып алғаш қызметке тағайындалған күннен-ақ аға лейтенант түрлі пәтер ұрлығы, тонау қылмыстарын ашуда белсенді қимылдап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Өз жұмысына ынталанып, зор құлшыныспен кірісетін Жасұлан қызметке деген адалдығынан айнымауға тырысып, бар күшін салып жүр. Өзі спортпен де шұғылданып, салауатты өмір салтын жақсы ұстанады. Қазірде әріптестерінің арасынан оқ бойы оза шауып, футбол ойынынан түрлі бәсекелерде бақ сынап, полиция бөлімінің намысын қорғап жүр. Оны аяқ доп өнерінің әуесқой шебері десек те болады. Мінеки 24 жасқа аяқ басқан жас криминалистті туған күнімен құттықтай отырып, алдағы өміріне сәттілік тілейміз. Қызметінде абыройы асқақтап, әкесінің атын шығарып, ел үшін еткен еңбегі әділ бағаланып, келешек даңқы шыққан, есімі танымал сақшыға айналсын дегіміз келеді.