Төлебилік тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтті

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі еңбек сіңірді деп сеніммен айта аламыз.

Аталмыш мерейлі мерекеге орай Төлеби ауданында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, полиция полковниктері Ш.Оңғаров, Т.Қозыбақов және ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Татыбаев бастаған ішкі істер органының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Шара барысында полиция подполковнигі Б.Жанаев баяндама жасап, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен аудан әкімі Т.Телғараевты марапаттады. Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Т. Телғараев ардагерлерді, жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 15 қызметкерге «Алғыс хат» табыстады. Салтанатты шараның қонақтары Төлеби аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров полицейлерді аудан дамуы жолында аянбай еңбек еткен 15 тәртіп сақшысына «Алғыс хат» беріп, Төлеби ауданына 90 жыл толуына орай арнайы төс белгісін тақты.

Сондай-ақ «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен 12 қызметкерді, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен полиция майоры С.Умбетовті , сонымен қатар Төлеби аудандық полиция бөлім бастығының алғыс хатымен 8 ІІО-ның ардагерлері мен 40 полиция қызметкері марапатталды.  Мерекелік жиын көркем өнерпаздардың әуелеген ән, күмбірлеген күйімен жалғасты. Полиция өмірінен арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

 

Қуаныш - «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері

Полицей деген атқа кір келтірмей, антынан айнымай сертінен таймай ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің ішінде биік белестерді бағындырып жүргендердің бірі Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жұмысын қадағалау және ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны Қуаныш Құрманғазыұлы Екузаев. Ол – әкесінің өмірде де, қызметте де ізбасары. Қуаныш Маңғыстау облысында дүниеге келіп, Түркістан облысы Жетісай қаласында орта білім алып, одан Қостанай қаласындағы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы академиясының түлегі атанды. Әкесі Құрманғазы Тоқтыбаев қаншама жыл ішкі тыныштықты сақтауда тыңғылықты жұмыстар атқарып, өзінің халыққа жақын полицей екенін дәлелдеп, учаскелік полиция инспекторы лауазымымен, полиция майоры шенімен атына кір келтірмей 2015 жылы зейнетке шыққан. Бір айта кетерлігі Қуаныш дәл осы жылы құқық қорғау саласындағы қызметін Жамбыл облысындағы ЖД-158/1 түзету мекемесінде тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы болып, тәжірибе жинақтап бастады.

- Қызметтің сан-қырын біліп, үйренген артық етпейді. Дегенмен мен бала кезден қызығып, еліктеп өскен тұлға әкем болатын. Сол кісідей боламын деп алдыма мақсат та қойдым. Сөйтіп көп ұзамай Түркістан облысы ПД Мақтарал АПБ ЖПҚБ-де әкем қызмет атқарып зейнеткер атанған учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалдым. Міне содан бастап жұмысқа деген құлшыныс артып, қызметке деген жауапкершілік күшейе түсті. Халықпен жақын қарым-қатынаста болып, олардың сеніміне селкеу түсірмей, қоғам тыныштығы үшін барынша адал қызметімді жасадым. Өйткені менің мойнымда екі бірдей міндет тұрды. Бірінші-қазақ полициясының беделіне ешқандай нұқсан келтірмеу, екінші-сертінен таймай, елге деген адалдығын танытып кеткен әкемнің абыройына дақ түсірмеу.

Осындай үлкен жауапкершілікті сезініп, өзіне жүктелген тапсырманы тиянақты орындап жүрген капитанның еңбегіде елеусіз қалған жоқ. Ол үздіктер қатарынан көрініп, ІІ-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталған. Бұған қоса 10 жыл еңбек өтіліне орай «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері де атанған. ІІМ-нен, облыстан алған грамота мен алғыс хаттары да жетерлік. Бүгінгі таңда Қуаныш 4 балаға әке атанған отбасының тірегі, қорғаны. Оның ішінде әлі жасқа толмаған егіз қызы көз қуанышына айналып отырғанын айта кеткен жөн. Жас капитан келешек әкесінен басталған бұл эстафетаны балалары жалғастырып жатса, нұр үстіне нұр болары айдан анық. Алайда бәрі уақыттың еншісінде, әркімнің өз таңдауы бар екені де белгілі. Ендеше қызметке деген адалдығы мен елге деген құрметі шексіз 28 жасар полицейдің қызметіне абырой, жұмысына сәттілік, отбасына бақыт тілейміз!

Облыста полицияның 17 фронт-офисі бар

Қасиетті облысқа қоныс аударғалы штат санының жетіспеушілігі байқалса да,  Түркістан полициясы жұдырықтай жұмылып, республикада адам санына шаққанда қылмысы ең аз облыс қатарын ұстап тұр.

Оған дәлел азаматтардың арыз-шағымдарын дер кезінде қарастырып, құқықтық көмек көрсету үшін облысымызда 17 фронт-офис жұмыс істеп тұр.

 

ТӨЛЕБИДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінде "Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы машинист" мамандығының 85 - топ студенттері аралық, және "Аспаз" мамандығы 79 - топ студенттері мемлекеттік демонстрациялық емтихандарын тапсыруда.

Емтихандардың өту барысын колледжімізде Төлеби аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлері Абылайхан Тілеубердиев пен Тұрта Дәурен бақылап, оқытушылар мен мемлекеттік емтихандар мен сессия тапсырушы студенттер арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениет қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, парасаттылық сынды асыл қасиеттерді қастерлеуге шақырды.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстардың екі түрі қарастырылған:

пара алу (311-бап); пара беру (312-бап).

Бұл қылмыс бір монетаның екі жағы: егер пара туралы айтатын болсақ, онда ол пара (пара алушы) және оны беретін (пара беруші) бар екенін білдіреді.

Пара алу, әсіресе, егер оны адамдар тобы жасаған болса немесе қорқытып алумен бірге жүрсе, ең қауіпті заңсыздықтың бірі болып табылады.

Пара алу - ең қауіпті қызметтік қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе бопсалауға байланысты болса, ол шенеуніктің заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін артықшылықтар мен артықшылықтарды алудан тұрады.

Пара деп түсініледі:Элементтер - ақша, валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомобильдер, тамақ, бейне техникасы, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, коттедждер, саяжайлар, гараждар, жер және басқа да жылжымайтын мүлік.

Қызметтер мен артықшылықтар - емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийлер мен туристік сапарлар, шетелге сапарлар, ойын-сауық төлемдері және басқа шығындар ақысыз немесе арзан бағамен.

Пара алудың жабық нысаны - жоқ қарызды төлеу, төмен бағамен сатып алынған тауарды төлеу, тауарды инфляцияланған бағамен сатып алу, пара берушіге, оның туыстарына, достарына төленетін жалақымен жалған еңбек келісім-шарттарын жасау, жеңілдетілген несие алу және төлемдерді көтеру түрінде банктік қарыз. дәрістер, мақалалар мен кітаптар, казинодағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысының төмендеуі, несиелер бойынша пайыздық ставкалардың жоғарылауы және т.б.

Пара алғаны үшін кім жауапқа тартылуы мүмкін?

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға және оған теңестірілген тұлға пара алушы деп танылуы мүмкін.

Жауапты мемлекеттік лауазымға ие тұлғалар - мемлекет функциялары мен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар.

Студенттер емтиханды өз білімімен , ешқандай бұрмалаушылыққа жол бермей адал тапсыру керектігін атап өтті.

Қазақстан Полициясының құрдасы - Жамбыл!

Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда қазақ Полициясының орны бөлек, абыройы асқақ! Ал 2022 жылдың 23 маусымы - «Қазақстан Полициясының 30 жылдығы» аталып өтер айтулы күн! 30 жылдан бері полиция - елмен тығыз араласып, жұртшылықтың бейбіт күнде, мамыражай елде, ынтымағы жарасқан өлкеде өмір сүруі үшін аянбай тер төгіп келеді. Оған дәлел Түркістан облысының өзінде қаншама қызметкерлер халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алғыс арқалауда. Ел үшін отқа түсіп, суға батып, жанқиярлық танытуда. Осындай өз қызметін мінсіз атқаратын тәртіп сақшыларын «Бейбіт күннің батырлары» деп атасақ артық айтқандық емес?!

30 жылда ҚР Ішкі істер министрлігі жеткен жетістіктер өте көп. Соның ең ерекшесі, баға жетпес байлығы - жас ұрпақтың бірге өсіп-өніп, осы саланың білікті маманы болғаны. Сөзімізге дәдел, полицияның алғаш құрылған жылы, яғни ел Тәуелсіздігін алып, тәй-тәй басқанда дүниеге келіп, бүгінде орда бұзар 30 жасқа жетіп, өз еліне қызмет етіп жүрген полиция қызметкері – Жамбыл Жандаров.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз полициясының төл құрдасы, қазақ полициясымен бірге қарыштап дамып, өркендеген жас маман. Полиция капитаны Жамбыл Жандаров, қазіргі таңда Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі болып қызмет етеді. Ол 1992 жылы Қазығұрт Ауданы Қызылқия ауылында дүниеге келген. Полицей болуды бала кезден армандаған. Себебі әкесінің екі бірдей ағасы осы салада қызмет етіп, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. Өзінің ағаларын қызметтік формада көріп, олардың қылмыскерлерді ұстайтындығын естіп өскен Жамбыл, есін білген сәттен полицей боламын деп мақсат қойған. Содан бала арманын іске асыру мақсатында 11 сыныпты бітіріп, 2010 жылы Қарағанды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы Академияға оқуға түскен. Аталған оқу орнын 2014 жылы қызыл дипломмен тәмамдап, Академияның үздік түлегі ретінде лейтенант шенін сол кездегі Ішкі істер министрі генерал-лейтенанты Қ.Қасымовтың арнайы қолынан алған.

Ішкі істер саласындағы алғашқы қызметін 2014 жылы Шымкент қаласында Еңбекші полиция бөлімінде жедел уәкіл болып бастап, қызметін абыройлы атқарған. Түркістан облысы құрылған сәтте Түркістан облысы Полиция департаменті КПБ-ның жедел уәкілі лауазымына ауысқан. Қазіргі таңда аға жедел уәкіл.

«Мен – Қазақстан Полициясының құрдасымын! Құқық қорғау органдарының ішінде ең ауқымдысы – полиция қызметі. Полицейдің ең бастысы міндеті қылмысты болдырмау, профилактикалық жұмыстарды жүргізу, қылмыс орын алған сәтте дер кезінде анықтап, кінәлілерді құрықтау. Қауіп-қатермен байланысты бұл қызмет тәртіп сақшысынан батылдықты, сабырлықты, төзімділікті, асқан жауапкершілікті талап етеді. Әрбір істі соңына дейін жеткізу үшін полиция қызметкері оқиға орнына жедел жетіп, ширақ қимылдап, қателікке мүлде жол бермеуі керек. Менің ұстаным осы. Осы орайда кәсіби шеберлігі мол қызметтестеріммен бірге ұрлық қылмысының алдын алуда, қылмыскерлерді құрықтауда атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып өтсем: Мәселен жақын арада 70 жайт пәтер ұрлығын жасаған ерлі-зайыптылар мен олардың туыстарынан құрылған қылмыстық топты ұстадық. Олар жәбірленушілердің ақшалары мен алтындарын жымқырып, ломбардтарға өткізіп отырған.

Сондай-ақ Түркістан өңірі мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы аумақ болғандықтан, мал ұрлығы қылмысы орын алып жатады. Осындай кезекті жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысының бірнеше аудандарында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар 14 тұрғынның малын үптеп кеткен. Айта берсек, атқарған жұмыс жетерлік.

Сонымен қатар әрбір тәртіп сақшысы шыныққан, спортқа бейім болуы тиіс. Мен өзім футбол ойынына қатты қызығамын. Бос уақыт бола қалса, әріптестермен жасыл алаңда доп теуіп, бір серпіліп қаламыз. Тіпті ТО ПД қызметкерлері арасында өткен жарыстарда жүлделі орындарға да ие болғанбыз. Жалпы, мен өз қызметімді мақтан тұтамын және Қазақстан халқына қызмет етемін», – деп атап өтті 30 жастағы полиция капитаны Ж.Жандарбеков.

Қызмет атқару барысында полиция капитаны Ж.Жандарбеков ҚР ІІМ-нің, Түркістан облысы Полиция департаментінің және басқарманың Грамота, Алғыс хаттарымен марапатталған. 2019 жылы отау құрып, бүгінде жұбайы екеуі бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя. Ендеше полицей Жамбылға, жыр алыбы Жамбыл атамыздай жүз жаса деген тілек білдіреміз!

 

ТҮРКІСТАН: ПАРА АЛЫП ҚЫЛМЫС ЖАСАУ – ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ!

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі - шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, парақорлық қылмысымен құрықталған азаматтардың тар қапастағы тіршілігімен таныстыру болып табылады.

 Осы мақсатта, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен және облыстық Полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмыскерлерін уақытша ұстау изоляторының ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды.

Темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен таныстыру жұмыстары, ең алдымен сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінің негізінде Созақ ауданындағы ауылшаруашылық және ветеринариялық саласының жауапты мамандары арасында өтті.

Уақытша ұстау изоляторын таныстыру барысында Созақ аудандық полиция бөліміне қарасты қамаудағыларды ұстау шарттарымен, төсек орынмен, медициналық бөлме, жуынатын бөлме, аула сынды орындармен жіті таныстырып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларды тура жолдан таймауға шақырып, қызмет бабын асыра пайдаланудың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын ескертті.

Мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көрген лауазым иелері тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамауға ниетті екендіктерін жеткізді. 

Айта кетсек, Агенттіктің бастамасымен 2020 жылы Түркістан өңірінде қолға алынған бұл тәжірибе елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты уақытша тоқтатылып, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ел аумағында қайта қолданысқа енгізіліп отыр.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ОБЛЫСТАҒЫ 1000-ҒА ЖУЫҚ ТӘРТІП САҚШЫСЫ МЕН ТҮРЛІ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақ елі өткен жылы сән-салтанатымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтсе, биылғы жылы Қазақстан Полициясының 30 жылдығы мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті «Полиция күнін» жоғары деңгейде ұйымдастырып, мейрам жасады. Іс-шара Түркістан қаласындағы көркі көз сүйсіндірер, заманауи үлгіде салынған конгресс холл ғимаратында өтті. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Шымкент қалалық ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Жиналған құрметті қонақтарға бірінші кезекте Түркістан облысы Полиция департаментінің өмірі бейнеленген фотосурет пен полицейлердің қызметі мен ерлігі жазылып, жарыққа шыққан газет-журналдардың көрмесі ұсынылды.

Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік туы құрметпен кіргізілді. Әнұран шырқалып, жиынға қатысушылар ПД-де қызмет етіп, жұмыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.

Ал алғашқы құттықтау сөзді Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай алды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев те өзінің құттықтауын арнап, полицейлерді марапаттады. Одан әрі құттықтау сөзін ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов алып, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлеріне ыстық лебізін білдірді.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, арамызда ақыл кеңестеріңізді аямай, қоғамның дамуына және жас мамандардың жұмысына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Арамызда аман есен жүріңіздер, күш қуаттарыңыз сарқылмасын! Еліміздің қорғандары! Еңбектеріңіз ел алдында елене берсін! Қызметте сәттілік пен абырой тілеймін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! Халық пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімінен шығу үшін, бар күш жігерімізді салайық. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!», - деп ақжарма тілегін жаудырды.

ҚР ІІМ-нен арнайы келген 37 түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хат, 30 жылдық төсбелгілер өз иелеріне үлестірілді. Департамент бастығының бұйрығымен жеке құрам қызметкерлеріне 40 грамота, 56 алғыс хат, 20 алғыс жарияланды. Осылайша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге қошемет көрсетілді. Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар - алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

Сонымен қатар мерекелік құттықтау сөзін ҚР ІІО Құрметті ардагері Асқар Оспанов, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, отставкадағы полиция полковнигі Жеткерген Сүйіпбергенов, отставкадағы полиция полковнигі Әлімхан Абжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жалғап, ыстық ықыластарын білдірді.

Сахна төріне Жұбаныш Жексенұлы, Еркін Нұржанов, Заттыбек Көпбосынұлы сынды эстрада жұлдыздары мен облыстың өнер майталмандары шығып, ән шырқап, жиналғандарға мың бұралған бишілер биін тарту етті. Арнайы генералдар үшін «Генералдар» әні шырқалып, бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: «Е-заң көмегі»

23 маусымындаӘділетдепартаментініңұйымдастыруымен, ҚРБПҚСжАЕАЖК-ніңТүркістаноблысыбойыншабасқармасы, ТүркістаноблысыныңПолициядепартаментініңТергеубасқармасы, ТүркістаноблысыныңАдвокаттаралқасыжәнемемлекеткепілдікбергензаңкөмегінкөрсетутуралыкелісілгенадвокаттардыңқатысуыменсеминар-кеңесөтті.

Семинарбарысында «Е-заңкөмегі» ақпараттықжүйесіарқылыэлектрондықформаттаадвокаттықорғаушыретіндетағайындаужәнетергеужәнеанықтауорганытарапынанжолданғансұраусалуынаадвокатдеркезіндеқабылдауысондай-ақ, керіқайтарылғанқаулылардыңқайтаұсынылуыжәнежүйедекезекшіадвокаттардыңпысықтаумәселелерталқыланды.

Осығанбайланысты, мемлекеткепілдікбергензаңкөмегінесептеужәнетөлеупроцестерінавтоматтандырубарысындатуындапотырғанөзектімәселелердібірлесеотырыпшешуқажеттілігіатапөтілді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат