Түркістан: Полицейлер қару өткізген тұрғындарға тексеру жүргізді

Түркістан облысы аумағында 21-30 маусым аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағында заңсыз айналымнан отты атыс қаруын тәркілеуге және қару иелерін оны сақтау ережелерін тексеру. Осы шара аясында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері аталған акция кезінде аудан бойынша тіркеуде тұрған 500-ге жуық қару иелерін тексерді. Тексеру кезінде 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Яғни 2 азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды тіркеу не оны қайта есепке қою тәртібін бұзу», 3 азаматқа қаруды сақтау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» хаттама толтырылып, шара көрілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін түсіндірді. Яғни олар үшін әкімшілік не қылмыстық жауапкерлішікке тартылмайтындығын еске салады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

САЙРАМДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ ӨТТІ

1997 жылы БҰҰ – ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төрткүл дүние жұмыла күресуде. Дегенмен ол жыл санап көптеген жанның санасын улауда. «Есірткіге тәуелді адамдардың 27% -ын 12-16 жастағылар құраса, 42 %-дан астамы 17-26 жас арасындағылар болып отыр» дейді мамандар. Сондықтан осындай шараларды өткізудің маңызы орасан. Өйткені жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру керек деп ойлаймыз. Нашақорлық дегеніміз не? Нашақорлық-бұл белгілі бір препаратты қолданудан туындаған және есірткіге патологиялық тартумен анықталатын аурулар тобы.

ЕСІРТКІ- бұл қиындық! Нашақор жасөспірімдер агрессивті, ашуланшақ болады, туыстарымен байланысын жоғалтады, өтірік айтуға, қылмыс жасауға мәжбүр болады. Есірткіні тарату арналары әртүрлі. Препарат көшеде, мектепте, дискотекада ұсынылуы мүмкін. Сатушылар өз адамдарын жасөспірімдер тобына жібереді. Олар қарапайым жігіттер мен қыздар сияқты көрінеді, бәріне барады, алғашқы дозаларды тегін ұсынады, ләззат алуға, барлық мәселелерді шешуге уәде береді. 

Нашақорлықтың негізгі себептеріНашақорлық дегеніміз-психикалық және физикалық функциялардың ауыр бұзылуына әкелетін есірткіні жүйелі түрде қолдануға деген құштарлық, тәуелділік. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа әкелетін негізгі себептердің бірі: жақын адамдардан сүйіспеншілік пен назардың болмауы; қызығушылық.

Есірткіні қолдану белгілері1.терінің бозаруы және құрғауы2.қарашықтың  ұлғаюы 3.көздің қызаруы4. вестибулярлық аппараттағы бұзылулар (алкогольдің иісі жоқ, бірақ адам дірілдейді)5. көшеде оралған кезде киімдегі оғаш иістер немесе дақтар. Кейде барлық есірткіге тән белгілер «жасөспірім үшін қалыпты мінез-құлық» деп саналады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Міне, олар:- баланың  үдемелі жасырындығы;- қаржылық сұраныстардың артуы;- жаңа күдікті достар пайда болады.Адамның сыртқы түрі де өзгереді: ол өзіне назар аударуды тоқтатады, лас және мыжылған киім киеді, гардеробтағы қара түстерді жақсы көреді. Инелердің іздерін жасыру үшін ұзын жеңдермен жабық заттарға ауысады. Лас майлы шаштар, тырнақтар мен ескірген киімдер, күннің кез – келген уақытында көзілдірік-нашақордың классикалық көрінісі.

Есірткіні қолданудың салдарыЕсірткі заттарын қолдану ең алдымен мидың жағдайына әсер етеді, нашақорлық ақыл-ойдың төмендеуіне,ақымақтыққа, ауыр психозға, депрессияға әкеледі. Иммундық жүйе зардап шегеді-организм қарапайым аурулар мен инфекцияларға төтеп бере алмайды, тіпті қарапайым суық өмірге сәйкес келмейтін асқынуларды тудыруы мүмкін. Бауырдан болатын алкоголизм мен нашақорлықтың зияны өте зор – бұл органның қалыпты жұмыс істей алмауы бүкіл ағзаның ауыр интоксикациясына әкеледі. Темекі шегу және психотроптық заттарды деммен жұту кезінде өкпе қатерлі ісігі, бронхит дамиды, тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін. Жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, аритмия пайда болады, инфаркт қаупі артады.Есірткіні қолдану ерлердің де, әйелдердің де репродуктивті жүйесі мен жыныстық функцияларына үлкен әсер етеді. Жыныстық тартымдылық әлсірейді, тері мен шырышты қабаттардың сезімталдығы төмендейді. Барлық бұл саны жыныс гормондарының қысқарады. Ер адамдар импотенциядан, әйелдер бедеуліктен зардап шегеді. Әйелдерде етеккірдің толық болмауына дейін етеккірдің бұзылуы байқалады. Егер есірткіні қолданатын адам бала туа алса, түсік тастау ықтималдығы жоғары, ал бала ақыл-ой және физикалық ауытқулармен туылса, дамуында артта қалады. Егер әйел жүкті немесе лактация кезінде есірткіні қолданса, ол баланың денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіреді.

Осы орайда бұл акция осымен 25 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Шара арқылы  осы проблемаға жастардың, жалпы қоғамның назарын аударғымыз келеді. «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында  Сайрам ауданы «Оқушылар үйі» МКҚК базасындағы  балалар жазғы сауықтыру алаңының демалушыларымен түрлі іс-шаралар өткізу үшін қонаққа  Түркістан облыстық білім департаментінің  бас маманы Кайрат Арап ,  Түркістан облысы, полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Сартаев Нүркен,  Сайрам ауданы орталық ауруханасының дәрігер-нарколог Камалов Сайджан,  "Серғали-Түркістан"  қоғамдық бірлестігінің өкілдері және  салауатты өмір-салтын насихаттау  қызметкерлері келді.

Демалушылар арасында профилактикалық әңгімелесулер,  «Көңілді эстафета» спорттық-эстафеталық жарыс, шахмат және дойбыдан турнирлер,  волейболдан жарыс, үстөл теннисынан жарыс, «Зиянды заттардан сақтан» атты сурет байқауы, «Есірткісіз әлем» атты асфальтқа сурет салу байқауы, «Есірткіге «жоқ» дейміз!» атты агитациялық плакат  байқауы,  «Қалай зиянды әдеттердің құрбаны болмау керек» әлеуметтік-психологиялық ойыны өтті. Іс-шара барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп,  жеңімпаздар көптеген марапаттарға ие болды.

Арыста мерекелік марапат, жұлдыздармен жүздесу, спорттық сайыс өтті

«Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласы мәдениет сарайында концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік және маслихат , «Аманат» партиясы, полиция бөлімінің бастығы мен құрам қатысты. Салтанатты шара Арыс полициясының тарихы түсірілген бейнероликпен бастау алды.

Өз кезегінде департамент бастығының мерекелік төсбелгілері өз иелеріне табысталды. Ерекшелігі сол, аталған жиында ҚР-ның жарық жұлдыздары, өнер майталмандары Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Еркін Нұржан Нұржан Төлендиев, Заттыбек Көпбосынұлы, «Алдараспан», «Шымкент шоу» , «Шаншар» театрының әртістері өнер көрсетіп, ән шырқап полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Концертке қонақ ретінде қызметкерлердің ата-аналары, жұбайлары және балалары, бөлім ардагерлері шақыртылды.

Сондай-ақ спорттық сайыс ұйымдастырылып, жүлделі орын алғандар қаржылай марапатталды. Жалпы жарыс футбол ойынынан өткізіліп, іс-шараға 10 команда қатысты. Осылайша Арыс қаласында "Полиция күні" ауқымды шаралар өткізілді.

 

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

МАҚТААРАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛҒЫС ХАТ АЛДЫ

Қазақстанполициясына - 30 жыл. Осыуақытаралығындақаншамаполицияқызметкерлеріеңбекжолындатертөгіп, адалқызметатқарды. АлмерекеқарсаңындаМақтааралдықполицейлермәдениетүйіндесалтанаттышараұйымдастырды. ЖиынғаауданәкімініңорынбасарыБ.Төребеков, мәслихатхатшысыҚадырСәрсекбаев, басқадасаланыңбасшықұрамықатысып, полицейлердіқұттықтап, ыстықлебіздерінбілдірді. Сондай-ақауданныңтыныштығынкүзетіпжүргентәртіпсақшыларымарапатталды.

Атапайтарболсақ, ҚРІшкіістерминистрлігіменТүркістаноблысыПолициядепартаментінің "Алғысхаттары", «Қазақстанполициясына 30 жыл» төсбелгісі, ауданәкімі, мәслихаттарапынанүздікқызметкерлермарапатталып, құрметкебөленді. Соныменқатар, ардагерінардақтағанжекеқұрам, ішкіістероргандарындақызметістеп, зейнеткешыққанардагерлердіқұттықтап, оларғаполициябөлімініңарнайы «Алғысхатын» табыстады.

Шарасоңындамәдениетүйініңөнерпаздарыөздерініңөнерлерінортағасалып, полицияқызметкерлерінеарнайымерекелікконцертқойды.

Түлкібаста 10-ға жуық тәртіп сақшысына төсбелгі берілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құрылуына 30 жыл толуына орай Түлкібас ауданындағы мәдениет үйінде полицейлерге арналған мерекелік шара болып өтті.

Мерекелік іс-шараға Түлкібас ауданының әкімінің орынбасары Е.Орманов, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Б.Кенжебаев, полиция подполковнигі Қ.Түймебаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев, Ішкі істер органдарының ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мерекелік шарада қызметін адал атқарып, ел игілігі үшін аянбай жұмыс жасайтын полицейлер марапатталды.

Атап айтар болсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен полиция полковнигі Бақытғали Кенжебаев, полиция майоры Бекарыс Сұлтанов, полиция майоры Бауыржан Амиров, полиция подполковнигі Жомарт Туребаев, полиция капитаны Акимжан Досунбеков, полиция лейтенанты Нұрлан Еламанов, полиция майоры Бақытжан Джанивсенов, полиция майоры Нұрлан Өміралиев, полиция капитаны Еркінбек Сәбитбек, полиция майоры Сағынғали Алдабергенов, полиция майоры Қайрат Аблаев, полиция майоры Руслан Бескемпір, полиция капитаны Ринат Бугубаев, полиция подполковнигі Абзал Аитов, полиция аға сержанты Дәулет Темірбеков, полиция старшинасы Абилсеит Молдакулов, полиция майоры Сержан Омарбеков, полиция аға сержанты Бақытбек Толеушов марапатталды.

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Б.Кенжебаевтың «Алғыс хатымен» Ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды. Сонымен қатар Түркістан облысы «Аманат» партиясының төрағасы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен 10-ға жуық полиция қызметкері марапатталса, «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі 10-ға жуық тәртіп сақшысына бұйырды. Салтанатты жиынның соңы мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Одан әрі салтанатты шараны полицейлер кіші футболдан турнир өткізді. Бұл турнирге прокуратура, Өрт сөндіру бекетінің , газ қызметкерлері, полиция ардагерлері және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Өздерінің жылдамдықтарымен дараланып, 1-орын Түлкібас ауданының прокуратурасына, 2-орын Газ командасына, 3-орын «Өрт сөндіру бекеті» командасы иемделіп, оларға құнды сыйлықтар беріліп, арнайы кубок, грамоталармен марапатталды.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Келестік сақшылар қайтыс болған қызметтестерін еске алды

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Келес аудандық полиция бөлімінде де мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Келес АПБ-нің жеке құрамы арнайы мерекелік киім үлгісімен салтанатты шеруге сапқа тұрғызылды. Жиынға аудан әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, «Аманат» париясының аудандық филиалының төрағасы, ауданы прокуроры және Ішкі істер органдарының ардагерлері қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шара барысында Келес ауданы құрылғаннан бері полицейлердің атқарған жұмысы арнайы бейнежазбадан көрсетілді. Содан кейін 1 минуттық үнсіздік жарияланып, тәуелсіздік жылдары қызмет бабында қайтыс болған бөлімнің қызметкерлерін еске алу рәсімі өтті.

Іс-шараға келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері өздерінің құттықтау сөздерін айтып, Келес АПБ-нің 30-дан астам қызметкерлерін марапаттады. Сондай-ақ

Келес АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Б.Каныбеков жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 11 қызметкерді Түркістан облысы ПД тарапынан берілген 30 жылдық төс белгімен марапаттады. Одан бөлек бөлімнің жұмысын алға тартып, өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген 10 қызметкерді "Алғыс хатпен" марапаттады.

Сонымен қатар мәдениет үйінің қызметкерлері, көрермендерге концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мерекелік іс-шарадан кейін келестік сақшылар қызмет ете жүріп, жұлдыздары ерте сөнген полицейлердің рухына құран бақыштады

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары да кәсіби мерекелерін атап өтті

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл.

Егемендік алған осынау 30 жыл ішінде Сайрам ауданының тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі еңбек сіңірді деп сеніммен айта аламыз.

Аталмыш мерейлі мерекеге орай Сайрам ауданында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Сайрам АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, полиция полковниктері Ш.Оңғаров, С.Ботабеков, Т.Қозыбақов, С.Қасымбеков, полиция подполковниктері А.Ирназаров, Б.Ахметов, Б.Асылбеков, С.Салиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Андасбеков бастаған ішкі істер органының ардагерлері, мен жеке құрам қатысты. Қонақтарды оркестрдің көңіл толқытар күйлері қарсы алды. Одан кейін жиналғандар қаза тапқан полицейлерді еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Алғашқы құттықтау сөзді аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев алып, ардагерлерді, жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараның қонақтары Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Оразалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов және «Аманат» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы А.Абдикадировтер де полицейлерді мерейлі мерекесімен құттықтап, аудан дамуы жолында аянбай еңбек еткен тәртіп сақшыларын марапаттады.

Сондай-ақ «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков, мәслихат хатшысы Ш.Халмурадов, аудан прокуроры Д.Тлемисов, ҰҚК Сайрам аудандық бөлімінің бастығы А.Абдраман және Сайрам АПБ-ның 14 қызметкері марапатталды. Түркістан облысы әкімінің грамотасына ЖПҚБ-нің УПИ полиция майоры Е.Яврова, ТО Полиция департаментінің алғыс хатымен ЖПҚБ-нің УПИ полиция майоры Р.Салиев ие болса, ЖПҚБ аға УПИ Т.Байдаулетовке бір саты жоғары арнаулы атағы «подполковник» шені берілді. Сонымен қатар Сайрам АПБ бастығының алғыс хатымен 40-қа жуық ІІО-ның ардагерлері мен 22 полиция қызметкері марапатталды.

Мерекелік жиын көркемөнерпаздардың әуелеген ән, күмбірлеген күйімен жалғасты. Полиция өмірінен арнайы дайындалған архивтік бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

 

БӘЙДІБЕКТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ДЕ МАРАПАТСЫЗ ҚАЛМАДЫ

Мерекелікіс-шараБәйдібекаудандықполициябөліміменжалғасты. Яғни "Қазақстанполициясыныңқұрылғанына 30 жыл" мерекесінеорайбәйдібектікполицейлер, ҚРІІМ, ТүркістаноблысыПД, Бәйдібекауданыныңәкімі, мәслихаты, "Аманат" партиясыатынанмарапаттаралды, мерейлеріөсті.