Отырарлық 1550 жасөспірімге түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жазмезгілібалаларүшінмамыражайуақыт. Оларғасуғашомылуерекшекөңілкүйсыйларысөзсіз. Алайдажасөспірімдердіңтарапынансуғатүсуережесінсақтамай, келеңсізжағдайларорыналыпжатады. Осытұрғыдаполицияқызметкерлерініңжұмысыкүшейетүседі. Мәселен, Отырараудандықполициябөлімініңқызметкерлеріауданның 140 шақырымжерінбасыпөтетінСырдарияөзеніжәнеауданорталығындағыАрысөзеніменканалдарға, белгіленбегенорындарға, суайдындарына, суғашомылуғатыйымсалынғанжерлергерейдтікжұмыстаржүргізді, – делінгендепартаменттіңтаратқанмәліметінде. Шаракезіндеережебұзған 30 тұрғынғаӘкімшілікқұқықбұзушылықкодексінің 364-бабы (ортақсупайдалануқағидаларынбұзу) бойыншахаттаматүзді. Соныменқатарполицейлер 23 тұлғағаескертужасап, шомылуғакелгенжасөспірімдергетүсіндіружұмыстарынжүргізіп, үйлерінеқайтарды. Балаларғасуғашомылуғаарналғанжерлергеата-анасыменкелугекеңесберіп, тыйымсалынғанжерлергебармаутуралықатаңескертужасады. Жалпықайуақыттакәмелеттікжасқатолмағанбалаүшіната-анажауапты. Жазғымаусымдаадамдардыңсуғаағыпкету, адамөліміменұштасқаноқиғалардыңалдыналу, оныболдырмаумақсатында, тәртіпсақшыларыбұлбағыттағыжұмыстардыалдағыуақыттадажалғастыратынболады. Соныменбіргемаусымайынанбастапбалалардыңжазғыдемалысыбасталды. Жасөспірімдердемалысорындарына, лагерьлергекөптепжіберілуде. Алолардыңқауіпсіздігіқашандаполицейлердіңбақылауында. ОсығанорайТүлкібасаудандықПолициябөліміқызметкерлерісауықтырулагерініңәкімдіктеріменпсихологтарыменбірлесіп, жаздықсауықтырулагерьлеріндедемалыпжатқан 1550 жасөспірімменпрофилактикалықшаражүргізді. Олардыңішкітәртіптіқатаңсақтап, суғашомылу, тауғаөрмелеуережелерінбұзбаукеректігітүсіндіріліп, спорталаңдарындағықауіпсіздікнұсқаулықтарыменегжей-тегжейлітаныстырылды. Соныменқатартәртіпсақшыларыбалаларғасауықтырулагеріндебөтенніңмүлкінеқолсұқпау, бір-бірінбалағаттамау, заңғақайшыәрекеттергебармаукеректігінқатаңескертті.

Елге қызмет ету әрбір қазақстандықтың борышы

Қазақстан мемлекетінің тынышта бейбіт өмір сүруіне ықпал жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғыз қазақ емес, әрбір қазақстандықтың борышы. Ал бұл сөзді жете түсініп, еліміздің тыныштығын күзетуге елеулі қосып жүргендердің бірі Әзірбайжан ұлтының өкілі ТО ПД Сарыағаш аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Вивади Мазахимұлы Наурузов.

Видади осыдане 40 жыл бұрын Түркістан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. 9 жылдық мектепті Сарыағаш қаласында тәмамдаған. Содан соң Техникалық колледжде білім алып, түрлі мекемелерде қызмет атқарады. Алайда оның алға қойған мақсаты мүлде басқа болатын. Сол ойын жүзеге асыру үшін, ертерек шешім қабалыдап, 20 жасында әкесінің жолын қуып, ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түседі.

"Әкем құқық қорғау саласында біраз жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан адам. Жастайымнан сол кісінің тәрбиесімен өскен соң, соған ұқсап менде полицей формасын кисем деп армандайтынмын. Әкем мен анамның туған жері Сарыағаш қаласы. Ал атам мен әжем Әзірбайжанда өмірге келіп, кейін Қазақстанға қоныс аударған. Міне сөйтіп осы елдің топырағына аунап өсіп, балалы-шағалы болып, Оңтүстіктің қазағына айналып шыға келдім".

Оқуды ойдағыдай бітірген жас маман көп ойланбастан туған жеріне қайтып оралып, құқық қорғау саласындағы алғашқы қызметін тергеуші болып бастады. Қашанда әділдікті туралап ұстайтын Видади үшін тергеу саласы оның қарым-қабілетін жетілдіре түсті. Алты жылдық тәжірибеден соң ол жергілікті полиция қызметінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы болып тағайындалды. Қазіргі учаскелік полиция инспекторы болып, қылмыстың алдын алып, болдырмау үшін аянбай еңбек етіп жүр. Алға қойған жоспарлары да ерекше. Арманы әлемді аралап, ең алдымен ата-бабасы жаййлаған Әзірбайжан мемлекетін көзімен көріп, Баку қаласына саяхаттау.

«Әзірбайжанды әлі өзім көрген жоқпын. Алдағы уақытта осы қызметті абыроймен атқарып, туған жердің ұланы, Қазақстанның азаматы ретінде өз борышымды өтеп, зейнетке шыққан соң Каспийдің арғы бетіндегі таулы Қарабақты, Бакуды бір көріп қайтуды жоспарлап отырмын. Менің атам мен әжем де, анам мен әкем де бір ұлттың өкілі. Менде осы дәстүрді жалғастырып, болашақ жарымды өз ұлтымнан таңдап, шаңырақ көтердім. Бүгінде 13-ке аяқ басқан артымнан ерген бір ұлым бар»,-дейді полиция майоры.

Жасынан орысша хат танып, қазақ балалармен бірге ойнап өскен Мазахимның ұлы 3 тілді емін-еркін меңгерген. Жұмыс барысында орыс және қазақ тілінде қызмет көрсетуге дағдыланса, ал отбасында ана тілінде сөйлеседі. Мінеки нағыз полицияның сервистік моделін іске асыруға үлес қосатын білікті маман. Ендеше елге қызмет етуді азаматтық борышым деп түсінетін Видадидің қызметте зор абыройға ие болуына, алдағы күндері сәттілікке толы болып, жоспарлаған арман-мақсаттарының орындалуына тілекшіміз.

Сайрам: Бұзақы жігіттер ұсталды

Полицейлер Шымкент бағытына кетіп бара жатқан жас жігіттерді ұрып-соққан бұзақыларды ұстады.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына төрт бірдей жас жігіт арызданды. Олардың айтуынша, екі бейтаныс ер адам "Ваз 2106" маркалы автокөліктен түсіп, өздерін ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Олар осы қылмысқа қатысы бар ағайынды Шымкент қаласының тұрғындарын ұстады.

Тексеру кезінде анықталғандай, жәбірленушілер «Приора» маркалы автокөлікпен Шымкент қаласы бағытына қарай жолға шыққан. Содан соңдарынан келе жатқан «Ваз 2106» маркалы автокөлікпен жолға таласып қалған. Араларындағы болған түсінбеушілік салдарынан, «Приора» көлігінде отырған жас жігіттерді ұрып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерге медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар қандай қылмыс түрі болса да, заң жүзінде шешім қабылданып, шара көрілетіндігін еске салады.

Облыста пәтер мен мал ұрлығының ашылуы артқан

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын азайту мақсатында бірқатар ауқымды, кең көлемді шараларды үздіксіз жүргізуде. Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған «Мүлікті қорғау жөніндегі» ведомстволық бағдарлама жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылады. Жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде ағымдағы жылдың 6 айында ұрлық қылмысы бойынша 445 іс тіркеліп, оның 329-ы ашылған.

Оның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 236 жайт тіркеліп, 199-ы ашылды. Ауыр санаттағы пәтер ұрлығының ашылуы 55,3 пайыздан 80,2 пайызға жақсарды. Осы аралықта полиция қызметкерлері 96 пәтер ұрлығына қатысы бар 22 адамнан құрылған 9 қылмыстық топты ұстады. Орын алған пәтер ұрлықтары кезінде ұрылар, ақша және алтын бұйымдарды жымқырған. Себебі алтын мен ақша қалтаға немесе осыған ұқсас қолқаталарға жасырып, алып шыққанда ыңғайлы және көрінбейді.

Сондай-ақ жаз маусымы, тұрғындардың көпшілігі шалғай жерлерге, шетелдерге, демалыстарға кететіні белгілі. Ал, бөтеннің мүлкін жымқыруды ойлаған қылмыскерлер осы тұсты оңай пайдаланып, ұрлық жасайды. Сондықтан үйді қараусыз қалдырып, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болсаңыздар есік, терезелерді жауып, құлыптап, мүліктерді ашық қалдырмай, көршілердің немесе жиі бақылап тұратын адамдардың тұрақты назарына қойып кету керек. Бұдан бөлек, үй-жайларға, мүмкіншілік болса, терезелерге темір торларды, күзеттік дабыл құрылғыларын, аулаға бейнебақылау орнату қажет.

Жалпы ұрлық қылмыстары туралы сөз қозғауымызға себеп, өңірімізде орын алатын қылмыстардың басым бөлігі осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды құрайды. Десекте Түркістан облысында ұрлыққа, оның ішінде мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстың нәтижелері жақсарған. Яғни мал ұрлығы бойынша 65 жайт тіркеліп, оның 42-сі ашылған. Ашылу пайызы 67,7-ні құрайды. Жалпы 400-ден астам мал ұрланса, оның 190-ы иелеріне қайтарылған. Тіркелген мал ұрлықтардың жартысынан көбі жайылымнан кеткен.

Осы орайда полицейлер тұрғындарға ескертеді: Әкімдік, мал егесі, бақташы тарапынан үш жақты келісімдер жүргізіп, малды қараусыз қалдырмау, сырғалау, үйірде жүрген айғырларға GPS чип орнату, малдары жоғалған жағдайда тез арада полицияға хабарлама беру қажет.

Сондай-ақ жыл бойына мал базарларда ескерту парақтары таратылып, алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Қорыта айтқанда, Түркістан облысы ПД барлық аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларында профилактикалық іс-шаралар жүргізу, оны жетілдіру жұмысы күн тәртібінен түспек емес.

Түркістан: Ойыннан от шықты

Полицейлер «Playstation» жалға алып, оны ломбардқа өткізіп жіберген жас жігіттерді ұстады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, «Sony Playstation 5» ойын құралын белгісіз біреулер жалға алып, қайтармай қойған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 700 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Отырар ауданы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Анықталғандай, күдікті жас жігіттер «Sony Playstation 5» маркалы ойын құралын жалға алып, оны қаражат тапшылығына байланысты ломбардқа апарып өткізіп жаратып жіберген. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға жалға беру, жалға алу кезінде арнайы келісімшартқа отыруға кеңес береді. Сонымен қатар кез келген адамға сенім артпау керектігін еске салады.

Мүліктеріңізді бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

“Менің ата-анам – полицей” атты балалар байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының “Медиа-орталығы” ЖШС Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай “Менің ата-анам – полицей” атты балалар байқауын жариялады.

Бұл байқауға әр өңірдегі ішкі істер органдарында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалары қатыса алады. Атап айтқанда, байқау “Үздік сурет”, “Үздік шығарма” атты екі номинация бойынша жүргізіледі. Байқауға ұсынылатын жұмыстар This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы арқылы қабылданады. Суретті салуда қолданылатын материалдарға шектеу жоқ (қағаз, картон, кенеп және акварель, сия, түрлі-түсті қарындаш, акрил, гуашь). Сонымен бірге, қолмен жазылған шығармалар мәтіні түсінікті болуы қажет. Суреттері немесе шығармасы ұсынылған байқауға қатысушының аты-жөні, жасы, қай өңірден екені және ішкі істер органдарында қызмет ететін әкесінің немесе анасының аты-жөні, лауазымы туралы ақпаратты жіберуі міндетті. Ұсынылған суреттер мен шығармалар 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Байқаудың жеңімпаздары жүлделі орындарға сәйкес І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ, үздіктер туралы арнайы бейнеролик түсіріліп, медиа-ресурстар мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталады. Іс-шараның мақсаты – тәрбиенің отбасынан бастау алатындығын тәртіп сақшыларына түсіндіру, ал балаларына полицей әке-шешелерінің ерен еңбегін ұғындыру. Осы байқау арқылы полицейлер отбасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, балалардың әке мен анасының еңбегіне деген құрметін арттыра түсу көзделеді.


Полицейлер суға шомылу маусымында 30-дан астам тұрғынға ескерту жасады

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің шомылуға баратыны сөзсіз. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмыстары күшейіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін барлық аудандардың қызметкерлері жұмылдырылады.

Мәселен, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Олар 30-дан астам аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті ескертулер жасады. Полицейлер суға шомылуға тыйым салынған жерлерде жүрген 2 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға балаларды өздерінің қадағалауынсыз су арнасына, каналдарға, өзендерге жібермеуге, арнайы тыйым салынған жерлерге бармауға кеңес берді. Сонымен қатар терең жерлерде суға түспей, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

 

Төлебиде «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 270 000 теңге ақша алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармай созбалыққа салып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Мүліктеріңізді, ақшаны бөтен біреуге беруден алдын, оған сенуге болатынына толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.