Қазығұрттық депутаттар полиция бөлімінің тыныс-тіршілігін көрді

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем берер» - деген мақалды қазақ халқы берік ұстанған. Осы орайда Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ депутаттар арнайы келіп, полиция бөлімінің ғимаратымен танысты. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізетін жұмыс жоспарларымен танысып, әр бөлімге жеке-жеке тоқталды. Жауапкершілігі мықты полицейлердің жұмыстарымен танысқан халық қалаулылары олардың жұмыстарының оңай емес екендігін білді.

Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермековті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Олар жаңа басшының қызмет жолына табыс тілеп, ел игілігі үшін қызмет ететін адал қызметкер болуға тілектес екендіктерін айтты.

Кездесу барысында ауданда орын алып жатқан пәтер ұрлығы, интернет алаяқтары, мал ұрлықтары секілді тағы басқа қылмыстарды болдырмау және алдын алу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, бірге жұмыс жасайтындарына уағдаласты. Шара соңында әрқайсысы өздерінің сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Полиция бөлімінің бастығы М.Ермеков өзін құттықтай келгендерге алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс, отбастарына амандық тіледі.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

ТҮРКІСТАН: ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде, одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Егер де, сіз, есірткінің заңсыз айналымына байланысты ақпарат білсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Мақтааралда көшеде мылтықпен жүрген азамат ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері кез келген қылмыс түрін ашуда ерекше жұмыстар жүргізеді. Соның бірі - «Қару» жедел - профилактикалық іс-шарасы. Оның мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау, тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, отты атыс қаруын тәркілеуге және оны сақтау ережелерін тексеруге бағытталған.

Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның көше бойында шолақ мылтық ұстап жүргенін анықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алды.

Тексеру кезінде күдікті ер адам мылтықты темір жинап жүріп, тауып алғанын айтқан. Десе де, қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Кентауда заңсыз ойын бизнесінің 2 дерегі анықталды

Облыста көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, құмар ойынға салынғандар қатары көбейген. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар бизнестерін тоқтатар емес.

Осы тұрғыда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын айтқан.

Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келді. Олар оқиға орнын қарап, тексеру барысында 2 дана үлкен монитор, 6 дана процессор, чек шығаратын аппарат тәркілеп алды. Полиция қызметкерлерінің жедел-әрекеті нәтижесінде ойынхананың иесі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды.

Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тағы да бір жас жігітті ұстады. Мекенжайды тексеру кезінде одан да айғақты зат ретінде 3 дана үлкен монитор, 9 дана кіші монитор, 8 дана процессор, чек шығаратын аппарат және 1 дана интернет модем мен камера тюнер тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Сондай-ақ мұндай ойын орталықтары қоғам үшін қауіпті екендігін еске салады.

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат

 

СОЗАҚТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде, мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады.

Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Дегенмен полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды.

Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Ол сол уақытта жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Алайда ойлаған ойы жүзеге аспай, ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда елімізде мал ұрлығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ауыл-аймақтағы халқымыздың күнкөріс көзінің бірден-бір өзегі ол – мал шаруашылығы. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бейнеттеріңізбен тапқан малдарыңызды барымташылардың қолына оңай түспеуі үшін, еркін жайылымдарда қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді.

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Сайрам: Полицейлер жас жігіттерді ұрып-соққан бұзақыларды ұстады

СайрамаудандықПолициябасқармасынатөртбірдейжасжігітарызданды. Олардыңайтуынша, екібейтанысерадам "Ваз 2106" маркалыавтокөліктентүсіп, өздерінұрып-соғып, қашыпкеткен. АталғанжайттыполицияқызметкерлеріҚРҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойыншатіркеугеалды.

Хабарламакеліптүскенбойдатәртіпсақшыларыжедел-іздестірушарасынжүргізді. ОларосықылмысқақатысыбарағайындыШымкентқаласыныңтұрғындарынұстады.

Тексерукезіндеанықталғандай, жәбірленушілер «Приора» маркалыавтокөлікпенШымкентқаласыбағытынақарайжолғашыққан. Содансоңдарынанкележатқан «Ваз 2106» маркалыавтокөлікпенжолғаталасыпқалған. Араларындағыболғантүсінбеушіліксалдарынан, «Приора» көлігіндеотырғанжасжігіттердіұрып, қашыпкеткен. Тәртіпсақшыларыжәбірленушілергемедициналықсараптаматағайындады. Қазіргітаңдаоларғақатыстысотқадейінгітергеуамалдарыжүргізілуде.

Түркістаноблысыныңполицейлерітұрғындарғажолдажүруережесінқатаңсақтаудыескертеді. Соныменқатарқандайқылмыстүріболсада, заңжүзіндешешімқабылданып, шаракөрілетіндігінескесалады.

Түркістан: Мемлекет және дін

Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекет болып табылады. Әлем елдерінің бәрінің өз діндері бар және дәстүрлі діндеріне басымдық беріп, көңіл бөлінеді, шектеу жасалмайды. Заң бойынша да белгілі бір деңгейде ерекшеліктер беріледі. Кей мемлекеттерде ислам, буддизм деген секілді діндер ресми мойындалған. Алайда, басқа да көзқарастардағы азаматтардың дін таңдау бостандықтарына тыйым салмайды. Әлемдік тәжірибеде дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы бірінші кезекте Конституция және арнайы заңдар арқылы реттеледі. Ал, бізде ҚР Конституциясында әрбір Қазақстан азаматына сөз бостандығы, діни наным-сенім бостандығы кепілдендірілген. Сонымен қатар, ҚР шетелдермен және халықаралық ұйымдармен жасаған келісімшарттары бар.  Қазір біз діни наным-сенім бостандығы және ар-ұждан бостандығы деген екі ұғымның арасын ашып алуымыз керек. Діни бостандық азаматтарға өзі қалаған дінді ұстануға мүмкіндік береді. Ал, ар-ұждан бостандығы ұғымына дінді ұстану және ұстанбау, басқа да дүниетанымдық тектері бар.

Қазақстандағы дін мен мемлекет қарым-қатынастары негізінен  Конституция арқылы және 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның «Дін және мемлекет» деген 3-бабы  арқылы реттеледі.

Соңғы кездерде мемлекет дін мәселесіне көңіл аударуда. 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда» Әбу Ханифа бағытындағы ислам діні мен Православиялық христиан дінін халқымыздың рухани-мәдени дамуына үлес қосқан деп көрсетілген. Бір анық жайт, мемлекет еш уақытта дінге көз жұмып қарай алмайды. Өйткені,  ел азаматтары – мемлекеттің басты құндылығы. Ел азаматтарының рухани көзқарастары да маңызды. Сондықтан, мемлекет дінге ешуақытта бейтарап бола алмайды.

Зайырлы мемлекет саясатының жағымды жағы – жеке тұлғаға бір қалыпты дүниетаным мен өмір сүру салтын агрессияшыл түрде таңуға жол бермеу болып отыр. Тұлғаның адами абыройын қорғайтын бұндай ұстаным ислам қағидаттарымен де ұштасады. Мысалы, Құран Кәрімнің «Кафирун» сүресінің 6-аятында «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» деп айтылған болса, «Бақара» сүресінің 256-аятында «Дінде зорлау жоқ» делінген. Зайырлы мемлекет ешбір дінді өзге діндерден артық деп санамайды. Ешбір діннен бет бұрмайды әрі олардан алшақтамайды. Олардың құқықтарының теңдігін сақтауды өз міндеті деп біледі.

Елімізде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көрініс тапқан зайырлылықтың қазақстандық моделі қалыптасты. Оның негізгі мазмұны басты діни құндылықтарға тең қадамдармен жақындасуды және мемлекеттік құқықтық жүйені жетілдіруде азаматтар үшін тиімді өмір сүру салтының оң мәнін табудың ізденісін білдіреді. Қазақстанда дінді және дін ұстанушыны қорлауға жол берілмейді. Мемлекет те, дін де зайырлылық қағидаттарын асқақтатуға ат салысып, қазақ өркениетінің аяқ асты етілуіне жол бермейді.

Еліміздің Конституциясына сәйкес азаматтарды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Конституцияның осы қағидалары дін саласын реттейтін қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 1-тармағында мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігімен айқын көрсетілген. Діннің мемлекеттен бөлектігі мемлекеттің дін істеріне араласудан бас тартуына тұғырланады. Мемлекетте барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады. Мемлекеттік органдар заң бұзылмаған жағдайда діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпайды, өз кезегінде, діни бірлестіктер мемлекеттік қызметтерді атқармайды. Конфессиялық ерекшеліктер мемлекет тарапынан көмек немесе қолдау көрсетуге негіз болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарастарына тәуелсіз экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени өмiрдiң барлық салаларында өзара тең. Азаматтарды дiнге көзқарасына шектеу немесе ұстанатын дініне қарай қандай да бiр артықшылықтар беру, азаматтардың діни сезiмдерiн жәбiрлеу, сондай-ақ дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бiрдей жауапты. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. Дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi. Өз кезегінде дiни сенiм бостандығының сақталуын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары ел заңнамаларында белгiленген өз құзыреттерiне сәйкес жүзеге асырады.

Қорыта келе, дін мен мемлекет байланыстары адам құқықтарын, соның ішінде ар-ождан бостандығы мен діни сенім еркіндігін құрметтеу аясындағы мемлекет пен діннің өзара ықпалдасуы болып табылады. Демек, біздің еліміз үшін адамның діни сенімі мен құқығын қорғауға және сақтауға бағытталған дін мен мемлекет қарым-қатынасын нығайту басты міндет болып табылады.

 

Б.Өтеген

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы           

 

Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қажет...

Облыста «Адам көмек» жобасы іске қосылды. Соның аясында «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандары азаматтарды қабылдайды.