Сарыағаштық жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің танысы «Iphone 12 Pro Max» маркалы ұялы телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар сезіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, жас жігіт жәбірленуші қыздың сүйіктісі болып шықты. Ол екеуінің арасындағы түсініспеушілік салдарынан, қыздың ұялы телефонын өзінше билік етіп, алып кеткен. Телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

ТӨЛЕБИ ӘКІМДІГІ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТАДЫ!

Тарихытереңдежатқантыныстымекен, Төлебибабамыздыңесіміненшілеген - Төлебиауданыхалқынаөзалғысымдыбілдіремін!

2019 жылыауданғабасшыболыптағайындалғануақыттанбастап, аудантұрғындарыменбіргеелбірлігіннығайтужолындататулықпенкелісімніңбірегейүлгісінқалыптастырдық. Осыуақытқадейінқоғамдықтыныштықпенқауіпсіздіктісақтаудажасалғанжұмыстардааземес. Ауданымыздаорыналғантөтеншежағдайларменқиынсәттердебірлігіміздіберіксақтап, қиындықтардансүрінбейөттік. Осындайсынсағаттаполицияғадегенсенімінжоғалтпай, Елболыпауданымыздыңтыныштығынкүзетугеатсалысқандарыңызүшінбаршаңызғарахмет!

Сондай-ақ, ТөлебиаудандықполициябөлімініңбарлықжекеқұрамынаолардыңОтанымыздыңөркендеуіжолындаатқарыпжүргенқызметтеріүшінерекшеалғысайтамыз..

Сайрам: Бұзақылық жасаған ағайындылар ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны түнгі сағат 00:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің жанында белгісіз біреулер ұрып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда полиция қызметкерлері бұзақыларды ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың тиянақты жұмыстары мен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті екі жас жігіт ұсталды. Тәртіп сақшылары жас жігіттерді полиция басқармасына жеткізді.

Тексеру кезінде күдіктілер ағайындылар болып шықты. Анықталғандай, олар жәбірленушінің үйіне жақын тұратын туысының үйіне қонаққа барған. Сыртта отырған сәтте жәбірленуші мен күдіктілер арасында түсініспеушілік орын алып, соңы жанжалдасуға әкеп соққан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға, адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады.

Созақта «Гашиш» сақтаған жігіт ұсталды

Созақ аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне мекемелердің бірінің басшысынан хабарлама келіп түскен. Онда оның қызметкерінің бірі есірткі затын пайдаланатынын айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан түскен «Parlament» темекісінің қорабында ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас өсімдік табылды. Сондай-ақ оның жеке басын тінту кезінде сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат шықты. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «гашиш» есірткісі екендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке ақталатыны туралы ескертеді.

Созақтық полицейлер қайырымдылық жасады

Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев бастаған, жеке құрам қызметкерлері Құрбан айт қарсаңында қайырымдылық жасауға ниеттенді. Осылайша арнайы бір малды құрбандыққа шалды. Қойдың етін бөліктерге бөліп, қосымша азық-түлік өнімдерін қосып аз қамтылған отбасыларға үлестіріп берді. Яғни Созақ ауданының үш бірдей жанұя мүшелерінің жағдайларын сұрап, базарлықтарын апарып қуантып қайтты.

Өз кезегінде аталмыш отбасылардың ақ жаулықты аналары, тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді. Жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі деп біледі. Мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шарада аудан полицейлері бірауыздан келісіп, өзгелерге қолдан келгенше көмектесуді қолға алған. Бұл іс-шара жеке құрамның халықпен тығыз байланыста болуына бастайды.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

ТҮРКІСТАН: Ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған жас жігіттер ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері ойынханалардың біріне жасалған қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді:

"07.07.2022 жылы таңғы сағат 04:58 шамасында, 102 пультіне облыс орталығында орналасқан ойын клубының кассирі хабарласты. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, бетперде таққан белгісіз біреулер ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған. Яғни бетперде киген, қолында қаруы бар екі ер адам кіріп, айтқан талаптарын орындамаса дене жарақатын саламыз деп қорқытқан. Одан ары жас жігіттер арам ойын іске асырып, ойынханадағы касса жәшігін бұзып, ішінен 350 000 теңге ақшаны алып, іздерін суытқан. Аталған деректі біз ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша тіркедік.

Қылмысты ашып, кінәлілерді ұстау мақсатында бірден іске кірістік. Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан қалалық полициясының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Жақын маңдағы аумақтарды аралап, ықтимал куәлардан жауап алдық. Бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықтық.

Жан-жақты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікті ретінде облыс орталығының екі тұрғынын анықтап, ұстадық.

Тергеу барысында жас жігіттер қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірі қолындағы тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен алдын-ала сатып алғанын айтты. Ал қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін ол қаруды дәретханаға тастаған. Ойыншық тапанша заттай дәлел ретінде тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктілер қамауда.

Оқиғаның барлық мән - жайы анықталуда және қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде"- деп түйіндеді полиция полковнигі Қ.Сахов.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік беретінін еске салады.

 

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ: 500 000 ТЕҢГЕГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН ҚОЙШЫ ҰСТАЛДЫ

Жұмыс берушінің мүлкін сатып, ақшасын өз пайдасына жұмсап жіберген қойшы қамауға алынды. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне келген жергілікті тұрғын, яғни әйел қойшысына берген квадроциклды таппай, арыздануға мәжбүр болғанын айтты.

Әйелдің арызын қабылдаған сақшылар, аталған жайт бойынша жедел әрекет етті. Тиянақты тексеру мен анықтау жұмыстарын жүргізді. Осылайша полиция қызметкерлері күдікке ілінген қойшының аталған қылмысқа қатысы барын білді. Олар қойшыдан жауап алып, оқиға орнын мұқият тінтіп шықты. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгеге жуық.

Қылмысты ашу кезінде полицейлер малын бағуға сеніп тапсырған жәбірленуші әйелдің квадроциклын өз қойшысы жымқырып, сатып, ақшасын жеке басының пайдасына жаратып жібергені расталды.

Қазіргі таңда қойшы жігіт қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық барысы тергеу кезінде анықталады.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға біреуге өз мүлкіңізді сеніп тапсырудан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізулеріңізге кеңес береді. Сонымен қатар өз мүлкін сақтауда қырағы болып, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Маақтааралдық тұрғын «сора» өсірген

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі өсіргендігін анықтады. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Полицейлер күдікті орта жастағы ер адамның үйіне барып, оның ауласын тінту кезінде егістік алқаптан заңсыз есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты. Оны айғақты зат ретінде алып, сараптамаға жолдады. Нәтижесінде алынған заттың «сора» есірткісі екендігі анықталды. Күдікті ер адамның бұған дейін де Мақтаарал аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіруге» байланысты сотты болғандығы белгілі болды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалдаумен айналысу заңға қайшы екенін ескертеді.

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат