Ордабасы ауданының әкімі орман шаруашылығы жұмыстарымен танысты
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев орман және жануарлар дүниесін қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар барысында аудан басшысы Темірлан елді мекенінде орналасқан «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне» барып, мекеме қызметкерлерімен кездесті.