Тізімді әзірлеу барысында өңірдің климаттық ерекшеліктері, спорттық инфрақұрылымның жағдайы, материалдық-техникалық әлеуеті, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен резервтердің болуы, спорттық дәстүрлер, сондай-ақ жергілікті спортшылардың халықаралық ареналардағы жетістіктері ескерілді. Мұндай тәсіл ресурстарды Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындары сияқты кешенді жарыстарға дайындыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл спортты дамыту жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, кадрлық және жасөспірімдер резервін нығайтуға және спорт нысандарын жүйелі түрде қолдауға жол ашады.
Өңірлік тізім Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бекіткен республикалық деңгейдегі 46 басым спорт түрінің негізінде әзірленді.
Шымкенттің басым спорт түрлері тізіміне мыналар енді:
21 жазғы олимпиадалық спорт түрі (ауыр атлетика, әйелдер күресі, батуттық гимнастика, байдарка мен каноэде есу, бокс, баскетбол, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күресі, жеңіл атлетика, жүзу, көркем гимнастика, қол добы, нысана көздеу, садақ ату, семсерлесу, спорттық гимнастика, стенд ату, таеквондо, футбол);
2 олимпиадалық емес спорт түрі (каратэ, кикбоксинг);
1 қысқы олимпиадалық спорт түрі (фристайл акробатика);
2 паралимпиадалық спорт түрі (пара каноэ, пара жүзу);
1 сурдлимпиадалық спорт түрі (еркін күрес);
10 ұлттық спорт түрі (асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көкпар, қазақ күресі, теңге ілу, тоғызқұмалақ).
Сонымен бірге, басым тізімге енбеген спорт түрлеріне де назар аударылып, қолдау көрсетіледі.
Өңірлік тізім жыл сайын спорттық нәтижелер динамикасына, халықаралық бағдарламалардағы өзгерістерге және кешенді жарыстар күнтізбесіне енгізілген жаңа спорттық пәндердің пайда болуына қарай қайта қаралып отырады. Басым емес спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады.
Басым спорт түрлерінің өңірлік тізімдерін қалыптастыру — Туризм және спорт министрлігі жаңартылған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң аясында жүргізіп жатқан кешенді реформаның бір бөлігі болып табылады. Реформа саланы басқару тиімділігін арттыруға, жоғары жетістікті спортты дамытуға, кадрлық және материалдық әлеуетті нығайтуға, сондай-ақ спортшыларды даярлаудың заманауи жүйесін құруға бағытталған.