Түркістан: Өңір тұрғындарының өтініштері қаралды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «AMANAT» партиясы облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-шағымдарын қарады. Азаматтардың басым бөлігі жол сапасының төмендігі, ауыз су тапшылығы, табиғи газ желісінің жетіспеушілігі, интернеттің әлсіздігі, көше жарығы мен тұрғын үй кезегі сияқты мәселелерді көтерді.

Түркістан қаласы жиһаз өнеркәсібі бойынша елімізде жетекші орынға шығып отыр

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһардағы жиһаз өндірісімен айналысатын ірі кәсіпорындарды аралап, өндіріс барысымен танысты. Қала басшысы «Идеал Туркестан» ЖШС, «LIDER GROUP» ЖК және «ASIA BREND» мекемелеріне арнайы барып, өндірістік үдерісті көзбен көріп, жұмысшылармен және кәсіп иелерімен пікір алмасты.

Мақтааралда 3 мыңнан астам адам жалпыаудандық сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында кең ауқымды сенбілік өтті. Табиғатты қорғау мен елді мекендерді абаттандыруды көздеген шараға 3200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен белсенді еріктілер болды. Сенбілік жұмыстарына жалпы саны 18 дана арнайы техника тартылды. Нәтижесінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында орналасқан 67,8 шақырым аумақ шөптерден арылып, тұрмыстық қалдықтар мен өзге де қоқыстардан тазартылды. Шара барысында 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, аудан аумағында орналасқан қоқыс полигонына шығарылды.

Облыстық департамент басшылары Сауран ауданының экономикалық көрсеткіштеріне оң баға берді

Сауран ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев пен ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш аудан активімен арнайы кездесу өткізді.

Сарыағаш ауданын дамыту жолдары талқыланды

2025 жылдың 1 тамызында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен мәжіліс өткізді. Жиында аймақты дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Арыста тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді

Арыста қала күні мерекесі қарсаңында Жиделі ауылының тұрғындары көгілдір отынға қосылды. Игі шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы білікті дәрігерлерді жұмысқа шақырады

Түркістан өңірінде 250-ден астам бейінді дәрігер жетіспеушілігі анықталып отыр. Анестезиолог және реаниматология, акушерлік-гинекология, неврология, кардиология, неонатология, травматология-ортопедия, офтальмология, оториноларингология, клинический фармаколог, инфекционист, онколог мамандары тапшы. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, аймақтың медициналық мекемелері осы салаларда тәжірибесі бар кадрларды жұмысқа қабылдауға дайын.

– Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасымен медицина саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірде 24 мыңнан астам медицина қызметкері халыққа еңбек етуде. Дегенмен демографиялық жағынан көш бастап тұрған Түркістан облысы үшін білікті дәрігерлер қажет. Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімдігі 5 жылдық жоспар бекіткен болатын. 2023-2029 жылдары резидентураға 675 грант бөлініп, жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды. 2023-2024 оқу жылында түскен 176 резидент Астана, Алматы, Қарағанды және Түркістан қалаларындағы медицина университеттерінде білімін жетілдіруде. Кадрлар дайындалып жатыр. Оларға бір ғана шарт қойылған. Міндетті түрде Түркістан облысына келіп, денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет көрсетуі тиіс, – дейді Бейсенбай Тәжібаев.

Биыл да бұл игілікті іс жалғасын тапты. Облыс әкімдігі тарапынан резидентураға 75 грант белгіленіп, 145,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда тапшы мамандықтардың тізімі әзірленді. Денсаулық сақтау басқармасы және еліміздегі жетекші университеттер арасында гранттарды бөлу жұмыстары жүргізілуде. Үміткерлердің аталған конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар.

Созақ көтерілісінің 95 жылдығына арналған тарихи-танымдық шара ұйымдастырылды

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Созақ аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Созақ көтерілісінің 95 жылдығына арналған «Созақ көтерілісі — батырлық пен бірліктің символы» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті.