Жиынның модераторы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатарұлы Таңғатаров болды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және мекеме жетекшілері қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары 2025 жылдың алғашқы алты айында жүзеге асқан негізгі көрсеткіштер мен бастамалар бойынша есеп берді. Экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш баяндама жасап, мемлекеттік тәртіп пен қаржылық ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Ол бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев өз сөзінде ауданның экономикалық көрсеткіштеріне оң баға беріп, кәсіпкерлікті дамыту мен экономикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Ерболат Балғабаев аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, кәсіпкерлік саласында кездескен қиындықтары бойынша қолдау көрсетуін сұрады. Әрбір көтерілген мәселе жеке қаралып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді. Аудан тұрғындары мұндай қабылдаулардың жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Бүгінде Сауран ауданының экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын жоғарылап келеді. Ауданның экономикалық потенциалы да зор деп айтуға негіз бар. Экономиканың барлық салаларында ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, Сауран ауданындағы өндірістік паркте 10 кәсіпорын өз жұмысын бастады. Сонымен қатар тағы 29 жаңа өндіріс орны жыл соңына дейін іске қосылып, онда 1 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Туризм саласында 254 инвестициялық жоба іске қосылып, мұнда 4162 жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделуде. Айта кетсек, мұнда 54 тарихи нысан бар, өткен жылдың көрсеткішімен ауданға келуші туристер саны 100 мыңға жуықтаған. Сауран ауданының өндірістік әлеуеті жоғары. Ауданға қарасты 5 елді мекеннен өндірістік алаңдар ашу көзделуде. Сауран ауданының негізгі даму драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Биыл өлкеде сүт фермалары, мақта өңдеу зауыты, мал бордақылау алаңы, көкөніс сақтау қоймалары сынды бірқатар ірі жобалар іске асқан.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, ауданның даму жоспарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм басым бағытқа ие. Ауданда жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы дамыған. 2030 жылға дейін құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын 151 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы бойынша 52 жоба (жоба құны – 107 млрд. теңге, 390 жұмыс орны), өнеркәсіп саласында 85 жоба (жоба құны 53,1 млрд. теңге, 2 427 жұмыс орны), туризм саласында 14 жоба (жоба құны 14,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орны) жүзеге асады. Жалпы 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 321,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 есе артады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге өндірістік аймақтарды кеңейту, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау, пластмасса өнімдерін өндіру жобалары жүзеге асады. Су үнемдеу технологияларына 17,6 млрд. теңге инвестиция тартылады. 14 жобаны жүзеге асыру көзделген. Мал, құс, балық, егін және мақта шаруашылығы да дами түседі.
Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңға ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6867 жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6751. Жұмыспен қамтылғандар саны осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 9286 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,8 пайызға артты. Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7-8% несиемен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсам банк несиелерін субсидиялау бойынша 19 жобаға 1 990,5 млн.теңге жұмсалды. Банк несиелерін кепілдендіру бойынша 11 жобаға 625,2 млн.теңге бөлінді.Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5% несиелендіру бойынша «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 191 адам 1 267,3 млн.теңге несие алған.
Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар болса, олардың 13 келісім-шарт бойынша және 19 лицензиямен жұмыс жасауда.
Өңдеу өнеркәсібінде 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда тамақ өнімдерін өндіру саласында екі өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 549,6 млн.теңгеге жеткізілді. «Тұран» шаруа қожалығы сүт өнімдерін шығарса, «Яссы Құс» шаруа қожалығы жұмыртқа өндіреді. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 5,4 млрд. теңгені құрады.
Іске асырылған жобалардың ең ірілеріне ерекше тоқталып кетуге болады. Үшқайық ауылдық округінен «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамытуға 600 млн.теңге жұмсады. Осылайша он жұмыс орны ашылды. Қарашық ауылынан «Тұран» шаруа қожалығы – мектеп құрылысы, жобаның құны – 1440,0 млнт.теңге бөлді. Онда 30 адам жұмыспен қамтылды. Шаға ауылынан «БНК АГРО» ЖШС сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимарат құрылысын бастап кетті. Жобаның құны 840,0 млн.теңге тұрады. Ескі Иқан ауылынан «Tемір ата» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын салуда. Жобаның құны – 450,0 млн.теңге тұрады.
Бүгінде Сауран ауданының экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын жоғарылап келеді. Ауданның экономикалық потенциалы да зор деп айтуға негіз бар. Экономиканың барлық салаларында ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, Сауран ауданындағы өндірістік паркте 10 кәсіпорын өз жұмысын бастады. Сонымен қатар тағы 29 жаңа өндіріс орны жыл соңына дейін іске қосылып, онда 1 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Туризм саласында 254 инвестициялық жоба іске қосылып, мұнда 4162 жаңа жұмыс орны құрылады деп көзделуде. Айта кетсек, мұнда 54 тарихи нысан бар, өткен жылдың көрсеткішімен ауданға келуші туристер саны 100 мыңға жуықтаған. Сауран ауданының өндірістік әлеуеті жоғары. Ауданға қарасты 5 елді мекеннен өндірістік алаңдар ашу көзделуде. Сауран ауданының негізгі даму драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Биыл өлкеде сүт фермалары, мақта өңдеу зауыты, мал бордақылау алаңы, көкөніс сақтау қоймалары сынды бірқатар ірі жобалар іске асқан.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат