Шымкенттің мәдени тынысы: Өнермен тыныстайтын шаһар

Шымкент қаласы — ежелгі өркениеттің ізі қалған, мәдениет пен сауданың тоғысқан тарихи мекені. Қала атауы өзгеріп, заманауи даму үрдісіне сай жаңарғанымен, оның жүрегі — әрқашан өнер мен өмірге құштар, шығармашылыққа бай халықпен бірге соғады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу: Шымкентте Абай мұрасының жас ұрпаққа әсері

Орталық саябақта қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ағартушы, ойшыл және композитор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл мерекелік іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте өтті.

Түркістан: ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.

Түркістан: Өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды

Түркістанда облыс әкімнің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыстық құқық қорғау органдары мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қосылды.

Түркістан: Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданы активімен кездесіп, аймақты дамыту жолдарын пысықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы ауданның ағымдағы дамуы мен алдағы жоспарлары бойынша нақты көрсеткіштерін саралап, аудан және ауыл округі әкімдеріне, басқарма басшыларына тапсырмалар берді.

Түркістан: Қазығұртта өндірілген ет өнімдеріне республикада сұраныс жоғары

Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қарқын-2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Алдымен кәсіпорын ғимараты ішіне кіріп, шұжық өндіру зауытының жұмыс барысын көрді. Мұнда заманауи технологиямен тәулігіне 30 тонна шұжық өнімдері өндіріледі. Қазіргі таңда зауытта 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, олардың орташа айлық жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Өнімдер Қазақстанның барлық өңіріне жеткізіліп, ішкі нарықты сапалы әрі отандық тауармен қамтамасыз етіп келеді.

Түркістан: Сарыағашта өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында жобалар жүзеге асуда

Түркістан облысында өндіріс орындарының қатары артып, өнеркәсіп саласында оң өзгерістер байқалады. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып жатқан Сарыағаш ауданын ерекше атап өтуге болады. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдің тыныс-тіршілігін бақылап, өндіріс орындарын аралады. Облыс басшысы ең алдымен профил пластик өндіретін ЖК «Ерғали» жеке кәсіпкерлік нысанының жұмыс жүйесімен танысты.

2017 жылы ашылған цехта есіктер мен терезелерге арналған және өзге де салаларға қажетті пластик пен профиль өнімдері шығарылады. Тауарлары ел ішіне

Ұлттық экономика вице-министрі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен танысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар аясында бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Түркістан: Өңір тұрғындарының өтініштері қаралды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «AMANAT» партиясы облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-шағымдарын қарады. Азаматтардың басым бөлігі жол сапасының төмендігі, ауыз су тапшылығы, табиғи газ желісінің жетіспеушілігі, интернеттің әлсіздігі, көше жарығы мен тұрғын үй кезегі сияқты мәселелерді көтерді.