Шымкентте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тамыз педагогикалық кеңесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы Президент резиденциясы жаңа оқу жылынан бастап дарынды балаларға арналған лагерь ретінде жұмыс істейтінін хабарлады.

Созақ ауданында салынып жатқан нысандардың сапасы бақылауға алынды

Созақ ауданында тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Жұмыс барысын қадағалап, спасына назар аударды. Құрылыс пен оның сапасына жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Шымкент: Д.А.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде

Шымкент төрінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир бастау алды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған айтулы жарыста Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 650-ге жуық жас татами шебері бақ сынауда.

Халықтың жүрегінде қалған тұлға

22 тамыз – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеден озған күні. Уақыт озған сайын халықтың жүрегіндегі сағыныш пен құрмет азайған жоқ, қайта нығая түсуде.

Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы

Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.

Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы​

Бүгінгі цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы қоғамға үлкен мүмкіндіктер сыйлағанымен, сонымен қатар жаңа қауіптерді де тудырып отыр. Қазіргі таңда алаяқтық іс-әрекетпен күнделікті кездесіп қалып жатамыз. Ал, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік құрылымдар мен қаржы секторына бағытталған кибершабуылдар жылдан-жылға артып келеді. Зиянкестер жасанды интеллектіні пайдалана отырып, шабуылдарын автоматтандырып, ауқымын кеңейте бастаған. Сондықтан киберқауіпсіздікке кешенді әрі жүйелі түрде қарау – уақыт талабы.

Достық пен татулық – елдіктің берік іргетасы

Қазақ халқының тарихына үңілсек, бірлік пен татулық – елдің дамуы мен болашағын айқындайтын басты құндылықтар болғанын көреміз. Бабаларымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Себебі халықты еңселі еткен де, елді өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық.