Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және ішкі талдау жұмыстарын жандандыру жолдары талқыланды
Түркістан облысы әкімі аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» (ТБН-4) жобасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында оқыту жұмыстары жүргізіліп, арнайы мәжіліс өткізілді. Оған басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінің жауапты өкілдері, облыс әкімі аппаратының бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Айдос Тоғызбаев жүргізіп, мәселенің маңызына тоқталды.