Шымкентте Азия чемпионатына арналған ресми баспасөз конференциясы өтті

Шымкент қаласында спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтіп жатыр. Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде құрлықтың ең үздік мергендері бақ сынауда. Жарыста екі олимпиадалық спорт түрі - нысана көздеу және стенд атудан құрлық жеңімпаздары анықталады.

Шымкентте спорт - денсаулық пен құқықтық мәдениеттің бастауы дәстүрлі спартакиадасы өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Мерейлі 30 күн» жоспары аясында, 2025 жылдың 15 тамызында Шымкент қаласындағы оқу-сауықтыру «Көктөбе» лагерінде Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен үй балалары арасында «Спорт – денсаулық пен құқықтық мәдениеттің бастауы» тақырыбында дәстүрлі спартакиада өтті.

Бірлік - ел дамуының негізгі тірегі

Қазақ халқы ежелден «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, бірлік – қоғамның іргетасы, мемлекеттің дамуының басты кепілі. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, ішкі ынтымағы берік елдер ғана өркендеп, қиындықты еңсере білген. Ал алауыздық орнаған мемлекеттер, керісінше, әлсіреп, болашағын жоғалтқанын көреміз.

Отырар ауданында Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды

Биыл ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай туған жері Отырарда «Әнім сен едің» атты керемет концерт өтті.

Дін өкілдері клубының кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30 жылдық мерейтойына орай, Діни бірлестіктердің басшылары Клубының кезекті отырысы өтті. Жиынға шаһардағы дін өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы: Шымкентте "Бақыт құшағында" республикалық ән фестивалі өтті

15 тамыз күні Шымкент қаласындағы Шәмші аллеясында қазақ музыка өнерінің алыбы, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Бақыт құшағында» атты республикалық  ән фестивалі өтті.

Жастарға тегін білім алу жолдары түсіндірілді

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Арбат демалыс аймағында «Тегін білім алу: Қазақстанда қалай тегін білім алуға болады?» тақырыбында кеңес беру акциясы өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі Шымкентте

Бүгін Шымкент қаласына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, сондай-ақ шығармашыл жастармен жүздесті. Кездесу барысында еліміздің ақпарат кеңістігін дамыту, БАҚ-тың қазіргі жағдайы, медиа саласындағы жаңашылдықтар, жасанды интеллектіні қолдану, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ мәдениет пен кино саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.