Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» қарттардың өмір сапасын арттыруда үлкен жұмыстар атқарып отыр

Үстіміздегі жылдың 1 қазанында Түркістан қаласында Мұсабеков көшесі,  2а мекен-жайында қарттар мен зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендету жолында кешенді сауықтыру, арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының ашылу салтанаты өткен болатын. Таяуда осы орталыққа арнайы барып, жұмысымен танысып қайттық. Көптеген мәліметтерге қанығып, орталықтың тыныс-тіршілігіне, ондағы мамандардың жұмыс істеу процесіне қанығып, жаңадан ашылған осынау орталықтың қарттардың денсаулығын жақсартуға, өмірлерінің сапасын арттыру жолында қандай рөл ойнай бастағанына куә болғандай болдық. Енді, осы орталықтың жұмысы туралы кеңірек айтып берсек.

Түркістан облысының анықтаушылары жол апаты мен электронды істер туралы семинар өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Берік Нышанбаевтың ұйымдастыруымен ауқымды семинар-кеңесі өткізілді. Іс-шараға қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу және анықтау құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Сот сараптама институтының директоры Ш.Тасыбаев, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облысы прокурорының көмекші прокуроры Н.Бердикулов, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары М.Қайролдаев, Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция капитаны Б.Шамил арнайы шақырылды.

Күн тәртібінде жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс құжаттарын жинақтау кезінде орын алатын кемшіліктер мен қажетті сараптамаларды жүргізу барысында туындайтын сұрақтар қаралды. Оған қоса электронды қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер мен алдағы уақыттарда олқылықтарға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде семинарға қатысушы тергеушілер мен анықтаушылар, жиында айтылған пайдалы ақпараттар мен ақыл-кеңестерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ қызмет барысында кемшіліксіз жұмыс жүргізетіндіктерін алға тартты.

Ордабасыда жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, жауапқа тартылуда

Жол қозғалысы ережесін сақтау, жол апаттарының алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында бірқатар ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен Түркістан облысы Патрульдік полиция батальоны мен аудан полицейлері бірлесіп, «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесі мен "КРИС П" жол жүрісін өлшеуіш құрылғысын пайдалана отырып, рейд жасады.

Нәтижесінде әуеге ұшырылған дрон жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 2- бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік шара көрілді. Ал "КРИС П" көмегімен 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 596-бап «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу»:

1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – 

алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ауыл көшелерінің бірінде ішімдік ішіп, автокөлік басқарған «НИВА» маркалы көлік жүргізушісі анықталды. Жүргізуші осы теріс әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» жауапқа тартылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру:

1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 

он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер – 

отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  

8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп жазылған.

 

Түркістан: 250-ден астам тұрғынды қабылдаған бас полицей

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов 250-ден астам тұрғынның мәселесін тыңдады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, әр апта сайын жеке қабылдау өткізіп келеді. Мұндағы негізгі мақсат - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен полицияның жұртшылыққа жанашыр болуы. Жалпы ТО ПД бастығы лауазымына тағайындалғаннан бері генералдың жеке қабылдауына 258 азамат келіп, өздерінің жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын жеткізген.

ПД бастығы Мұрат Талапұлы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерге мұқият назар салып, әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар орынбасарларына тапсырма беріп, халықтың полицияға қатысты мәселелері әрқашанда маңызды екенін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің тергеу, анықтау, криминалдық полиция, кадр, жергілікті полиция қызметіне қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді.

Полиция департаменті басшысының жеке қабылдауына келген тұрғындар генералға сәттілік тілеп, өтініштерінің дер кезінде қаралып, бақылауға алынғанына алғыстарын білдіруде. Мәселен ауыл үлкендері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп келген. Ал мұны тиісті құрылым қызметкерлері назарға алып, бірден зерттеп жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар көрсеткен аймақты түгел қарап, қандай да бір қажетті жол белгілерін қою мүмкіншілігін қарастырады. Нәтижесінде зерделеу жұмыстары мәселенің оң шешілуіне ықпал етеді. Яғни тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камералары қойылады.

Осы жұмыстардың атқарылуына тікелей септігін тигізген полицейлерге тұрғындар шынайы ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын хатқа түсіріп жолдаған.Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов: «Полицейлерден үнемі халықпен тығыз байланыс орнатуды, халыққа жанашыр болу, жұртшылықтың мәселелерін шешуге баса назар аударып, халықпен қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»-деп атап өтті.

 

КЕЛЕС: ЖОҒАЛҒАН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ ТАУЫП БЕРДІ

Әйел жоғалған жылқыларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Жоғалған жылқыларын 2 күн бойы іздеп таба алмаған әйел, Келес АПБ-ға хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, күн суытып, тұман болған түні үйінің жанында қараусыз, бос жайылып жүрген 4 бас жылқысы ұшты-күйлі жоқ болған. Өздіктерімен іздегенмен, оң нәтиже шықпаған.

Тұрғынның малы жоғалғаны жөнінде хабар алған полицейлер уақыт жоғалтпастан іске кірісті.

Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өздеріне ой-шұқыры жақсы таныс ауыл-аймақты, оның тау-тасын шарлады. Жылқының иелерімен бірлесіп, 1 тәулік үзіліссіз жұмыс жасады. Жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде жылқыларды тапты. Яғни тұрғынның ірі қара малдары 15 шақырым қашықтықта орналасқан Саңырау ауылының қырында жайылып жүрген жерінен табылды. Анықталғандай, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жылқылар бағытынан адасып кеткен.

Өз кезегінде Береке ауылының тұрғыны: «4 бас жылқымызды жоғалтып алдық. Полиция қызметкерлеріне рақмет, міне жылқыларым табылды. Мұның бәрі сіздердің арқаларыңызда! Полицей деген осылай болу керек!»-деп атап өтті.

Мал ұрлығынан сақ болу үшін полицейлер облыс тұрғындарына үй малдарын жайылымда қараусыз қалдырмай, ен-таңба салып, қора-жайларды мықтылап бекітуге кеңес береді.

 

Сарыағаш: 2 келі марихуанна тәркіленді

Бұрын сотты болған ер адамнан 2 келіден астам марихуана тәркіленді.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сақтайды деген хабарлама келіп түсті. Осы жайт бойынша полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ақпарат жинақтады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізілді. Нәтижесінде оның үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны расталды. Ер адамның ауласында орналасқан сарайдан 4 дана газет орамасына салынған есірткі тұқымдары мен 2 газет орамасында есірткіге ұқсас зат анықталды. Сондай-ақ тағы да марихуанаға ұқсас заты бар бір картон қорап пен қапқа салынған зат табылды. Одан бөлек үйдің жертөлесінен 0,5 литрлік шыны ыдысқа салынған, полиэтилен пакетке оралған және 2 дана темекі өнімдері, ішінде марихуанаға ұқсас зат алынды. Жергілікті тұрғыннан аталған айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 2 келіден асатын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Сарыағаш АПБ-мен бұл жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті есірткі затын өзі егіп, өсіргенін жеткізді. Бүгінде полицейлермен оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау және оның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.ҚР Қылмыстық Кодексi 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»: 1. Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

3. Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

4. Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту:  1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшерлері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді. 2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады,-деп жазылған.



 


 

 

Түркістан: Мамандар оқушыларға «Діни экстремизімнің алдын алу шаралары» туралы айтты

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан  №5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде  дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өтті. Ислам дініндегі дәстүрлі құндылықтар деген тақырыпта теолог маман Дүйсен Асхат оқушыларға өз бандамасын оқыды. Жалпы адамзат қоғамының ең алғаш бастау алып өркендеуі, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте – соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше буыны атсалысып, оларды қолдау және қолдану арқылы тұрақтандырады. Ендігі «Құндылық» ұғымының мәнін жинақтай алғанда қоғам өмірінде қалыптасқан жасампаз идеялар мен этикалық категориялар, моральдық-эстетикалық нормалар мен стереотиптер жиынтығы, маңызды мақсат-мұраттар мен оларға жету жолдары, мінез-құлық мәнері туралы жинақталған түсініктер деуге болады. Яғни құндылық дегеніміз тарихи тәжірибе негізінде тұжырымдалған ұлт немесе адамзат мәдениетінің мәні болып табылады.Құндылықтар қоғамның даму бағдарлары мен өмір сүру мәнерін белгілейді. Құндылықсыз қоғам – бағдарсыз қоғам. Құндылық – қондырма емес, ол қоғамның өзі ішінен қайнап шығады, мемлекеттік билікке тәуелсіз қалыптасады. Оның идеологиядан айырмашылығы да осында. Құндылық – уақыт сынынан өткен және заман озған сайын түлеп отыратын идеялар мен ұстанымдар. Ешбір өркениетті қоғам уақыт сынынан өтіп, өміршеңдігі мен жасампаздығын дәлелдеген дәстүрлі құндылықтарсыз алға басып көрген жоқ. Өйткені дәстүрлі құндылықтар – ішкі тұрақтылықтың тұғыры, рухани қауіпсіздіктің тірегі және ең бастысы – ұрпақтар сабақтастығының негізі. Ислам ұлтымыздың жан дүниесімен, рухани құндылықтарымен, табиғи сенімдерімен барынша үйлескен бірден-бір дін. Халқымыздың болмысына сіңе отырып, Ислам біздің бүгінгі бірегей мәдениетімізді құраған, мемлекеттілігімізді қалыптастырған ата дінімізге айналды.Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі болмақ.  Қазақстан мұсылмандары үшін де дәстүрлі болып табылатын ханафи мәзһабының іргесін қалаған имам Ағзам Әбу Ханифа ілімінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халықтардың салт-дәстүріне баса мән берілді. Ханафи мәзһабында әдет-ғұрыптар исламдағы пәтуа шығарудың, яғни белгілі бір мәселеге қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Осы мәзһабты ұстанған қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ислам қағидаларымен үйлесіп, кірігіп кетті. Ислам діні мен қазақ дәстүрлерінің ғасырлар бойғы астасу үдерісінің нәтижесінде шариғат пен әдеттің қатар өмір сүру формалары қалыптасты. Ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт-дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Олар бірін-бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды. Қазақтың өзара астасқан ұлттық және діни дәстүрлерінің тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі орасан. Бала дүниеге келгеннен «сүйінші сұрау», «азан шақырып ат қою», «шілдехана тойы», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «сүндетке отырғызу» – бәрі-бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені белгілі. Қорытындылай келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ   салт-дәстүрлер тек қана тәлім-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделген. Жеті атаға дейін қыз алыспау, ата-бабалар мазарына зиярат жасау секілді т.б. ғұрыптардың бәрі мұсылман дінінен ауытқушылық немесе қарсылық емес, бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып. Сол әдет-ғұрыптың бәрі де дәстүрлі Ислам тағылымының аясында да дамуын жалғастырып, өмір сүріп келеді. Нәтижеде дін мен дәстүр үйлесіп бір арнаға түскенде қай қоғамның болмасын алар асуы бағындырар шыңдары көп болмақ.

Ал, Марат Айсұлу болса «Діни экстремизімнің алдын алу шаралары» туралы айтты.

 

Қaзaқ жaстaры үшін дәстүрлі дініміздeн бaс тaртып, бaсқa дінді қaбылдaуы, яки рaдикaлды ұйымдaрғa қoсылып кeтуі ұлттың өркeндeу үрдісінe кeрі әсeрін тигізeтіні aнық. Сoндықтaн дa әлeумeттік жaңaрудa зaйырлылық принципін aлғa тaртa oтырып, жaстaрдың рухaни дүниeсін зeрттeу aрқылы тәрбиe жұмыстaрын жүргізу мaңыздылығы туындaп oтыр. Бүгінгі жaстaрымыздың көзсіз көбeлeктeй түрлі экстрeмистік ұйымдaрдың жeтeгіндe кeтуінің бірнeшe фaктoры бaр. Oсы oрaйдa жaстaрдың өз тaрихын,                  сaлт-дәстүрін тoлық білмeуі жәнe дe діни сaуaтсыздықты aтaп aйтуғa бoлaды. Дeгeнмeн, қaндaй жaғдaй бoлмaсын, өзінің тілін, ділін, дінін, тaрихын, мәдeниeті мeн сaлт-дәстүрін білгeн aдaм мұндaй кeлeңсіз құбылыстaрғa жoл бeрмeсі рaс. Сoндықтaн дa жaстaрымызғa рaдикaлизм идeoлoгиясынa қaрсы тұрaтындaй, дұрыс діни білім бeруіміз қaжeт. Сoндaй-aқ, дін aтын жaмылғaн, тeріс пиғылдaрын іскe aсырмaқ бoлғaн экстрeмистeр мeн лaңкeстeргe қaрсы тұру – бaршaмыздың oртaқ міндeтіміз. Бұл міндeтті іскe aсырудa дін көшбaсшылaры мeн мeмлeкeттік oргaндaр, мeмлeкeттік eмeс ұйымдaрдың мүшeлeрі, жaлпы ұлт бoлып, қoғaм бoлып бір сaптa тұрып, жұмылa күрeс жүргізу дұрыстың дұрысы. Eгeр біз лaңкeстeрдің лaс әрeкeттeрінeн тaзaрғaн әлeмді көргіміз кeлeтін бoлсa, біздің күш-жігeрімізді дәл oсы мaқсaттa шoғырлaндыруғa тиіспіз. Дaнa хaлқымыздың: «Aуырып eм іздeгeншe, aуырмaйтын жoл                             іздe», – дeгeн сөзі бар. Сoндықтaн Oтaнымызды сүйіп, дін, өркeниeт, тoлeрaнттылық жәнe бoлaшaқ жaйлы дұрыс түсінік қaлыптaсқaндa ғaнa біз экстрeмизм мeн тeррoризмнің aлдын aлуымызғa бoлaды. Aл дінaрaлық тoлeрaнттылық құндылықтaрын бeкіту жәнe экстрeмизмнің aлдын aлу – ұлық, һәм aсa мaңызды іс-шaрaлaрдaн бoлып тaбылaды. Қaзaқ дaлaсындaғы исі мұсылмaн жұртшылығынa жaуaпты діни бірлeстік oл – Қaзaқaстaн мұсылмaндaры діни бaсқaрмaсы. Ислaм дінінe қaтысты кeз кeлгeн күрдeлі сaуaлнaмaлaрғa, oтaндaс ғaлымдaрдың бірaуызды шeшімімeн – дәстүрлі ислaм aясындa пәтуa нeгіздeрі қaрaстырылaтыны сөзсіз. Eндeшe, бүгіндeгі экстрeмизм идeoлoгиясынa қaтысты, сoндaй-aқ oны бoлдырмaу, тeріс пиғылды көзқaрaстaрғa қaрсы бaғыттaлғaн ҚМДБ-ның ұстaнымы нeндeй дeсeңіз, Қaзaқстaн мұсылмaндaры тұғырнaмaсының ХІ-ші тaрмaғындa жaт aғымдaр жөніндe былaй дeлінгeн:
ҚМДБ-ның рaдикaлды, тeріс пиғылды жәнe жaлғaн діни aғымдaрғa қaтысты ұстaнымы ҚМДБ Қaзaқстaн aумaғындa жaрия түрдe нeмeсe aстыртын жұмыс істeйтін әртүрлі рaдикaлды, тeріс пиғылды, жaлғaн діни дeструктивті aғымдaрдың ұстaнымдaрымeн кeліспeйді. Eл мұсылмaндaрының бірлігі үшін ықылым зaмaндaрдaн бeрі қaзaқ хaлқының ділінe сіңісті бoлғaн Хaнaфи мәзһaбын ұстaнуғa шaқырaды. Тaнымдық мәсeлeлeрдe Мaтуриди мeктeбінің ұстaнымдaры нeгізіндe қaлыптaсқaн тaным тұғырын ұстaнуғa үндeйді. Eндeшe, тaқырыбымызғa сaй экстрeмизм идeясына қaтысты прoблeмaның eң нeгізгі aспeктілeрінe тoқтaлғaн жөн, oлaр үшeу: Шeтeлдe білім aлу мәсeлeсі Ғaлaмтoр рeсурстaры Әлeумeттік жeлілeр жәнe aтa-aнaлaр  «Шeтeлдe діни білім aлғaн жaстaрдaн Қaзaқстaнғa кeлeр пaйдa бaр мa?», «Шeтeлдe діни білім aлудың пaйдaсы мeн зияны қaншaлықты?» жәнe «Діни білімді қaйдaн aлғaн дұрыс?», «Нұр-Мүбaрaк Eгипeт ислaм мәдeниeті унивeрситeтінің білікті мaмaндaр дaярлaудa мүмкіндіктeрі қaндaй?»  дeгeн сaуaлдың aясындa тoқтaлмaқпыз. Жaсырaтыны жoқ, сoңғы жылдaрғa дeйін қaзaқ жaстaры – Түркия, Пәкістaн, Мысыр, Сaуд Aрaбиясы, Ливaн, Ливия, Сирия т.б. шeтeл eлдeргe aсып, діни білімдeрін жeтілдіріп кeлгeні рaс. Oлaрдың бірaзы eлгe oрaлып, жeмісті eңбeк eтіп тe жүр. Aлaйдa, әр eлдің өзіндік қaлыптaсқaн сaлт-сaнaсы, әдeт-ғұрпы бoлaтынын eстeн шығaрмaуымыз кeрeк. Өкінішкe oрaй, шeттeн біліп aлып кeлгeн дін мaмaндaрының бoйлaрынaн кeйдe дәстүрлік көзқaрaсымызбeн сaнaспaйтын жaғымсыз құбылыстaрды бaйқaп қaлaмыз. Сoның нәтижeсіндe, қoғaмдa oйыңды сaн-сaққa жүгіртeтін түрлі идeoлoгиялaр көрініс тaбудa. Дәлірeк aйтқaндa – қaй eлдe ілім aлсa, сoл eлдің тұрмыс сaлтынa сaй нaным-сeнімдeрін тықпaлaуғa тырысудa.

Қoрытa кeлгeндe, лaңкeстік пeн экстрeмизм идeoлoгиялaры жәнe бaсқa дa түрлі жaт пиғылды, жaт aғымдaрғa қaрсы жaстaр aрaсындa иммунитeт қaлыптaстыру aрқылы кeз-кeлгeн жaт идeoлoгияның тaрaлуынa тoсқaуыл бoлa aлaмыз. Сoндaй-aқ, тaрих сaхнaсындa көрініс тaпқaн жaт aғымдaрдың жaңсaқ идeoлoгиялaрынa қaрсы тұрудaғы бaсты құрaл ғылым мeн білім eкeнінe көз жeткізeміз. Бaбaлaрымыз aқ білeктің күшімeн, aқ нaйзaның ұшымeн ұлaн-бaйтaқ жeрімізді жaудaн қoрғaп, кeйінгі ұрпaққa бeйбітшілік зaмaнын мұрa қылып қaлдырғaн eді. Aлaйдa, бүгінгі жaс ұрпaқтың eлді қoрғaудaғы бірдeн-бір жoлы oл – ғылым мeн тaғылым. Сoндықтaн дa бүгіндeгі eліміздің тыныштығын сaқтaудaғы бaсты құрaлымыз діни aхуaлдaрмeн тaныс бoлу, яғни aқ пeн қaрaны aжырaту aрқылы дәстүрлі eмeс діни aғымдaрдaн сaқтaну жoлдaрын мeңгeру. Aсыл дініміздің дe нeгізі – ғылым мeн тaғылымнaн тұрaтынын eскeргeн жөн. Өйткeні, қaсиeтті Құрaндa Aллa Тaғaлa aдaм бaлaсынa (Aлaқ сүрeсі, 1 aят): «OҚЫ!»,-дeп бұйырды. Сoндықтaн дa ғылым мeн білім қaйнaр көзі, сoндaй-aқ, ғaлaмның жaрaтылыс зaңдылығымeн сeбeптeрінің aқиқaты көрсeтілгeн кітaп, oл – қaсиeтті Құрaн. Білім мeн ғылым игeрудe жұмсaғaн әрбір уaқытыңыз eл бoлaшaғынa, кeлeр ұрпaққa қaлдырaр aмaнaт бoлсa кeрeк. Өйткeні, білімді дe, көзі aшық, көкірeгі oяу aдaм кeз-кeлгeн дәстүрлі eмeс жaт aғымдaрдaн хaбaрдaр бoлып, oлaрдың жeтeгіндe кeтпeудің бірдeн-бір жoлы бoлмaқ. Сoндaй-aқ, өзі ғaнa eмeс, өзгeлeргe дe дұрыс бaғыт бaғдaр бeріп, қoғaмның бір oтбaсыдaй бoлып дұрыс жoлдa бoлуынa oрaсaн зoр пaйдaсын тигізeтіні сөзсіз. Сoндықтaн дa әрдaйым сeнімді дeрeктeрдeн дұрыс aқпaрaт aлып, дәстүрлі eмeс күмәнді әдeбиeттeрдeн сaқ бoлып, ғaлымдaр мeн сaрaпшылaр мaқұлдaғaн әдeбиeттeрдeн aқпaрaт aлғaнымыз жөн.


 

 

 

 

 

 

ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ТҮНГІ РЕЙД

Түркістан қаласы ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және Түркістан қалалық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруі бойынша тексеру. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы туралы:

1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы – 

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті – 

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келетіндігі жөнінде айтылды.

441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу: 1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну - жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну - 
жеке тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 
3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшiн арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы - 
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіндігі туралы айтылды. 

442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы:  1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – 
заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – 

заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғадындығы ескертілді.

Түркістан оқушыларына «Инстаграмда радикалды топтардың «шейхтары» үгіт-насихат жүргізуде» екені айтылды

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан №10 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінде  дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді.

Әлемжелідегі жат ағым әлегі
деген теолог маман Дүйсен Асхат оқушыларға осы бағыттағы бандамасын оқыды.

«Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм еліміздің әлеуметтік, саяси- экономикалық және мәдени, рухани дамуына кері әсер етіп отыр. Соңғы жылдары елімізде діни экстремизмді, халықтар арасында алауыздықты тудыруда интернеттің айтарлықтай ықпалы өсті. Яғни, әлеуметтік желілерде ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды өршіту белең алуда. Бір өкініштісі, әлеуметтік желіге кірген ел тұрғындары өздерінің саяси, діни сауатсыздықтарының салдарынан желіде мақсатты түрде жат идеологиялы ақпараттар таратып немесе халықты әдейі арандатып отырған адамдарды қолдап, қолпаштап, «лайк» басып, астына «тисе терекке, тимесе бұтаққа» пікір жазып, теріс қоғамдық пікір тудыруға үлес қосып отыр. Яғни, ел ішін ала тайдай бұзғысы келген жат идеологияның таралуына және бүгінгі қазақтың қырықпышақ болып әлеуметтік желіде дауласуына интернеттің ықпалы зор. Статистикаға сүйенсек, технологияның дамып, заман талабының өзгеруіне орай 2021 жыл басында интернетке 15,47 миллион адам кірген, яғни ел халқының 81,9% пайызы интернетті пайдаланып отыр. Олардың дені жастар екені айқын. Ал осы жастар Facebook, Instagram, Vkontakte, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде сәләфизм идеологиясындағы материалдарды оқымасына, діни сауатсыздықтан оған қызығушылық танытпасына кім кепіл?! Facebook желісінде жас та, кәрі де елде не болып жатқанын күндіз-түні аса қырағылықпен бақылап отыр. Бұл жерде әр 20 минут сайын бір миллион сілтеме таралады екен. Ал Инстаграмда радикалды топтардың «шейхтары» үгіт-насихат жүргізуде. Яғни, инстаграм парақшасында миллиондаған жазылушылары бар белсенділер отыр десек, мәселенің қаншалықты қауіпті екені белгілі. Еліміз бойынша «Вконтакте» желісінде жастардың 70 пайызы отырады. Бұл пайыз олардың ішіндегі діни теріс ағым мүшелерінің экстремистік бағыттағы материалдарының ауқымды аудиторияны қамтып отырғанын көрсетеді. Облыс бойынша бұл желіні көбіне 18-30 жастағы жастар қолданады. Бұл азаматтармен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жүргізуде. Деструктивті теріс ағымдағы аккаунт иелерімен кері байланыс орнатылған.Соңғы кездері облыс аумағында болып жатқан заңбұзушылықтардың түп төркіні де осы интернетте жатыр. Кітап оқымайтын, теледидар қарамайтын, күндіз- түні тек телефонға телмірген кейбір жастар дін мәселесінде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін аңғармай, от басуда. Әлеуметтік желілерді қолданушы тұрғындарына ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты тудырған тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынып немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертеміз».

ТҮРКІСТАН: ДІНИ СЕНІМДЕР ӘР ТҮРЛІ, АЛ ЗАҢ БАРШАҒА ОРТАҚ

 

Дін қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын әлеуметтік қатынастардың тиімді факторы десек артық болмас. Тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылда қазақстандықтар арасында дінді ұстанушылар саны артқандығы байқалады. Тәуелсіз аналитикалық құрылым болып табылатын саяси шешімдер институты жүргізген зерттеудің деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың 96% - дан астамы өздерін қандай да бір дінге жатқызатыны белгілі болды. Бұл ретте қазақстандықтардың 72% - ислам, 24% - христиан дінін ұстанады, ал қалған тұрғындарының 3% астамы өздерін атеист деп санайды екен. Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілдері және елімізде ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3800 астам діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Дәстүрлі түрде олардың ішінде ең көп саны ханафи мазхабындағы ислам және православиелік христиан. Сонымен қатар католиктік және протестанттық конфессиялар, иудейлік, буддисттік және басқа да діни бірлестіктер бар.

Елде болып жатқан кез-келген діни мәселелер мемлекеттің назарынан тыс қалмайтыны белгілі. Осы мақсатта діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге уәкілеттік берілген дін істері агенттігі тарапынан 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы дайындалды. Ең бастысы, дер кезінде осы заңның қабылдануы өте маңызды саяси қадам болды. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіруге бағытталғанын атап өткім келеді. Бұдан басқа, ол діни бірлестіктердің қызметін ретке келтіру тетіктерін енгізеді, сондай-ақ әртүрлі нормативтік актілердің құқық нормалары арасындағы олқылықтарды жою үшін негіз жасайды.

Әрине, Заң жобасын әзірлеу кезінде Ресей, Беларусь, Армения, Грузия, Тәжікстан, Литва, Дания, Испания сияқты елдердің және тағы басқа зайырлы мемлекеттер болып табылатын бірқатар еуропа елдерінің тәжірибесі ескеріліп әзірленді. Заң жобасын әзірлеу кезінде қоғамдық және діни мүдделердің тепе-теңдігін сақтауға ерекше назар аударылды.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды әзірлеу барысында бірінші кезектегі міндет – конфессияаралық толеранттылық пен келісімді сақтау болды. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл аралығы өз ұлты мен дініне қарамастан барлық этнос және діни бірлестіктерге тең мүмкіндіктер елі ретінде көрсетіп келуде. Бұл ретте, айта кету керек, жаңа заң жобасында ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде орнатылмауы тиіс деп көрсетілген. Біздің мемлекетіміздің зайырлы тұрақтылығына кепілдік Қазақстан Республикасы Конституциясымен беріледі.

Келесі заң жобасының тағы бір ерекшелігі – еліміздегі қызмет жасап жүрген барлық діни бірлестіктердің қызметін реттеудің тағы бір аса маңызды шарасы тіркеуден өтпеген діни ұйымдардың қызметіне жол бермеуге, сондай-ақ діни бірлестіктердің өкілі болып саналмайтын тұлғалардың миссионерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салуға бағытталатын болады. Сонымен қатар, ғибадат үйлерін, ғимараттарын салудың тәртібі белгіленген. Мұның нәтижесінде осындай ғимараттардың бақылаусыз салынуына тосқауыл қойылып, қараусыз қалған ғибадат үйлерінің мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Заң жобасында діни бірлестіктердің мәртебесі, тіркеу тәртіптері айқындалған, олар тарапынан таратылатын діни әдебиеттерді әкелу мен таратудың талаптары енгізілген. Бұған қоса, сырттан әкелінетін діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға да дінтану сараптамасы жүргізіледі.

Заң жобасында мемлекеттің діни бірлестіктерден бөлінгені бекітілген. Бұл дегеніміз, діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін болса, мемлекет олардың қызметіне араласпайды. Қаралып отырған заң жобасында діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ мемлекетте бір діннің үстемдігін бекітуге бағытталған діни бірлестіктер құруға, діни араздықты немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттермен байланысты араздықты қоздыруға қатаң тыйым салынатыны анық жазылған.

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ханафи бағытындағы ислам мен православ діндері. Өткенге тарихи шолу көрсеткендей, бұл екі діни бағыттың қағидалары адамзатты сүю және құрмет көрсету қалпында этникалық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды толықтырып, біздің ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған этникалық тамырларды сақтап қалды. Бұл ретте мемлекет халықты мәдени тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді дамыту, адамгершілік құқықтық мәдениетті арттыру салаларындағы дәстүрлі діни ұйымдарға сүйенеді. Айта кету керек, жаңа заңның құрылуына діни ағымдар тудырған көптеген қайшылықтар мен қайғылы жағдайлардың салдарынан маңызды түзетулер мен өзгертулерді қабылдау қажеттігі қарастырылуда.

Қорытындылай келе, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең. «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпалы зор деп айтсақ болады. Себебі бұл заңнан қоғамның күтіп отырған басты-басты мəселелері бар екені анық. Нәтижесінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қалыптасқан діни наным-сенімімізге, ата-бабадан қалыптасқан дəстүрімізге, отбасылық ынтымағымызға кедергі келтіріп, түрлі жолдарға итермелейтін зиянды діни ағымдарға тыйым салуына өз үлесін қосады.

А.Дүйсен

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      теолог маманы