Бәйдібек: Тау арқарын өлтірген...

Полицейлер Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғынды анықтады.

Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғыннан арқар етін тапты.

Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек ауданы Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков, күнделікті жұмысын атқару кезінде, таулы аймақта атты ер адамды байқап, оны тоқтатып не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Сондай-ақ тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түсіп, күмәнданған полицей тексереді. Осы кезде қап ішінен белгісіз аңның жаңа сойылған еті табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары сезікті жас жігіттен жауап алу барысында, ол қаптағы ет арқардың еті екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын жеткізді. Анықталғандай, мал бағып жүрген жас жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Бұдан кейін аталмыш жануарды сойып алып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР-ның "Қызыл кітабына" енгізілген сирек кездесетін жануарларға байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді.

ҚР Қылмыстық Кодексi 339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу:

1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

1-1. Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Осы баптың бірінші немесе 1-1-бөліктерінде көзделген, мынадай: 

1) бірнеше рет жасалған; 

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған; 

4) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 

5) ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік о
н күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды

02.11.2022 жылы Қазығұрт АПБ-ға Алматы-Термез тас жолы «Қазығұрт асуында» жол апаты орын алғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған «Mercedes-Benz Е-350» маркалы көлігіне әкімшілік шара көріп тұрған сәтте, Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан «Лада 21015» маркалы автокөлігінің жүргізушісі абайсызда артынан келіп соққан.

Өз кезегінде «Mercedes-Benz Е-350» көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің «KIA RIO» маркалы қызметтік көлігіне соқтығысқан. Осылайша бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан «Лада 21015» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексi 345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы:

1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген бұзуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескертпе. Осы бапта көрсетілген адамдарға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды. 

Түркістан облысында тергеуші полицей хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұрғынды тапты

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол үйінде жүрген мүмкіндігі шектеулі 46 жастағы әпкесінің белгісіз бағытқа шығып кеткенін және қайта оралмағанын көрсеткен. Содан жәбірленушілер өз беттерінше іздеуден нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

Аталған жайт бойынша Түркістан ҚПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Айбек Пернебек Сәдуақасұлы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жоғалған әйел табылып, отбасына қайтарылды.

Анықталғандай күндізгі уақытта орта жастағы әйел үйінен шығып кетіп, көше бойында жүрген. Сондай-ақ полицейлер әйелдің түн ортасы болғанда көршісінің үйіне ескертпестен кіріп қонғанын анықтады. Жоғалған әйелдің туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Белгісіз бағытта үйден шығып кеткен туыс әпкемді тауып берген полиция қызметкерлеріне және полиция қызметкері Айбекке алғысымды айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!»- деп өз ризашылығын білдірді.

Түркістан: "Адал көмек" жобасы аясында азаматтарға тұрғын үй және жер саласына қатысты кеңестер берілді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.Келелі жобаның негізгі мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен өткен кезекті іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінде» тұрғын үй және жер салаларындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.Тұрғындарға құқықтық кеңес беру шарасында Департаментпен бірлесіп, Түркістан қаласы әкім аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы /жылжымайтын мүлік, кадастр бойынша/, Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің  тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясының өкілдері қатысты.Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері зейнеткер ретінде тұрғын үй кезегіне тұру, мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйіне мемлекеттік акті алу және тұрғын үй салу үшін жер алу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді.Іс - шараға келген азаматтарға мамандармен заң асында құқықтық кеңестер және бірқатар азаматтарға тұрғын үй алу үшін тұрған кезегінің реттік нөмірі туралы мәліметтер берілді.Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.

Түркістан мектептерінде жат ағымнан бойды аулақ ұстау шаралары түсіндірілуде

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан №1 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді.

Жақыныңа жат болма деген теолог маман Дүйсен Асхат оқушыларға осы бағыттағы бандамасын оқыды.

«Деструктивті діни ағымның идеологиясына ерген жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу – барша дін қызметкерінің қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі. Біз де күнделікті діни қызметімізде жат ағым өкілдеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Біздің байқағанымыз, жат ағымның идеологиясына ерген жас буын өкілдері діни мәселеде тек өздерінің ұстанымдарын алға тартып, өзгенің уәжі мен сөзін теріске шығарады. Сонымен қатар, олардың арасында дәстүрді жоққа шығару тенденциясы белең алған. Шын мәнінде, дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған ғұрыптардың жиынтығы. Жер бетінде түрлі ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Бұл – Алла Тағаланың даналығы. Шариғатта адамның таңдауына қалдырған ерікті істер бар. Мысалы, тойларды, мейрамдарды өткізу жолдары, салт-жоралғылары әрбір халықта әркелкі. Олардың бәрін шариғатқа сай келмейді деп айтуға болмайды. Керісінше, ол ғалымдардың мақұлдауымен сан ғасырдан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар. Ұлттық құндылықтарға қарсы шығуға болмайды. Қазіргі қазақ қоғамындағы діни білімге деген құштарлық, әсіресе жастардың арасында басым. Әрі мешітке келушілердің негізгі бөлігі де солар. Сондай-ақ, нақтылы діни білім алғандардың көпшілігі жастар. Ал жастар ғұмырлық тәжірибесі аз болғандықтан өзім білемдікке салынып, максималистік көңіл күйге бой алдырып көптеген қателіктерге ұрынады. Құран мен хадистің негізгі мақсатын түсінбей, қателіктерге жол береді. Ғалымдар арасында ғана талқылануы тиіс мәселелерді көтеріп, дау-дамай туғызып жатады. Олар шариғат шарттарын терең түсінсе, ондай адасушылыққа бармас еді. Асылында дін жолына түскен кез келген адам өз ортасына көркем мінезімен, әдебімен әсер етіп, жақсы істерде белсенді болуы керек. Мәселен, Алланы бір, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хақ деп білген мұсылман баласы бір-бірімен жақсы араласып, көркем қарым-қатынас құруы қажет. Сонымен қатар айналасына шуағын шашып, қоғамға пайдалы болғаны абзал. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің араларыңда ең жақсыларың – қоғамға пайдалы болғандарың» деген. Ислам діні адамды ізгілікке шақырады. Осы ретте асыл дінімізді ауырлатпай, айналадағы адамдарды қорқытпай жеткізу аса маңызды іс екенін баса айтқым келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Дінді ауырлатпаңдар – жеңілдетіңдер. Қорқытпаңдар – сүйіншілеңдер» деп өсиет еткен». 

Ал, Марат Айсұлу болса «Діни экстремизімнің алдын алу шаралары» туралы айтты. Қaзaқ жaстaры үшін дәстүрлі дініміздeн бaс тaртып, бaсқa дінді қaбылдaуы, яки рaдикaлды ұйымдaрғa қoсылып кeтуі ұлттың өркeндeу үрдісінe кeрі әсeрін тигізeтіні aнық. Сoндықтaн дa әлeумeттік жaңaрудa зaйырлылық принципін aлғa тaртa oтырып, жaстaрдың рухaни дүниeсін зeрттeу aрқылы тәрбиe жұмыстaрын жүргізу мaңыздылығы туындaп oтыр. Бүгінгі жaстaрымыздың көзсіз көбeлeктeй түрлі экстрeмистік ұйымдaрдың жeтeгіндe кeтуінің бірнeшe фaктoры бaр. Oсы oрaйдa жaстaрдың өз тaрихын,                  сaлт-дәстүрін тoлық білмeуі жәнe дe діни сaуaтсыздықты aтaп aйтуғa бoлaды. Дeгeнмeн, қaндaй жaғдaй бoлмaсын, өзінің тілін, ділін, дінін, тaрихын, мәдeниeті мeн сaлт-дәстүрін білгeн aдaм мұндaй кeлeңсіз құбылыстaрғa жoл бeрмeсі рaс. Сoндықтaн дa жaстaрымызғa рaдикaлизм идeoлoгиясынa қaрсы тұрaтындaй, дұрыс діни білім бeруіміз қaжeт. Сoндaй-aқ, дін aтын жaмылғaн, тeріс пиғылдaрын іскe aсырмaқ бoлғaн экстрeмистeр мeн лaңкeстeргe қaрсы тұру – бaршaмыздың oртaқ міндeтіміз. Бұл міндeтті іскe aсырудa дін көшбaсшылaры мeн мeмлeкeттік oргaндaр, мeмлeкeттік eмeс ұйымдaрдың мүшeлeрі, жaлпы ұлт бoлып, қoғaм бoлып бір сaптa тұрып, жұмылa күрeс жүргізу дұрыстың дұрысы. Eгeр біз лaңкeстeрдің лaс әрeкeттeрінeн тaзaрғaн әлeмді көргіміз кeлeтін бoлсa, біздің күш-жігeрімізді дәл oсы мaқсaттa шoғырлaндыруғa тиіспіз. Дaнa хaлқымыздың: «Aуырып eм іздeгeншe, aуырмaйтын жoл                             іздe», – дeгeн сөзі бар. Сoндықтaн Oтaнымызды сүйіп, дін, өркeниeт, тoлeрaнттылық жәнe бoлaшaқ жaйлы дұрыс түсінік қaлыптaсқaндa ғaнa біз экстрeмизм мeн тeррoризмнің aлдын aлуымызғa бoлaды. Aл дінaрaлық тoлeрaнттылық құндылықтaрын бeкіту жәнe экстрeмизмнің aлдын aлу – ұлық, һәм aсa мaңызды іс-шaрaлaрдaн бoлып тaбылaды. Қaзaқ дaлaсындaғы исі мұсылмaн жұртшылығынa жaуaпты діни бірлeстік oл – Қaзaқaстaн мұсылмaндaры діни бaсқaрмaсы. Ислaм дінінe қaтысты кeз кeлгeн күрдeлі сaуaлнaмaлaрғa, oтaндaс ғaлымдaрдың бірaуызды шeшімімeн – дәстүрлі ислaм aясындa пәтуa нeгіздeрі қaрaстырылaтыны сөзсіз. Eндeшe, бүгіндeгі экстрeмизм идeoлoгиясынa қaтысты, сoндaй-aқ oны бoлдырмaу, тeріс пиғылды көзқaрaстaрғa қaрсы бaғыттaлғaн ҚМДБ-ның ұстaнымы нeндeй дeсeңіз, Қaзaқстaн мұсылмaндaры тұғырнaмaсының ХІ-ші тaрмaғындa жaт aғымдaр жөніндe былaй дeлінгeн:

ҚМДБ-ның рaдикaлды, тeріс пиғылды жәнe жaлғaн діни aғымдaрғa қaтысты ұстaнымы ҚМДБ Қaзaқстaн aумaғындa жaрия түрдe нeмeсe aстыртын жұмыс істeйтін әртүрлі рaдикaлды, тeріс пиғылды, жaлғaн діни дeструктивті aғымдaрдың ұстaнымдaрымeн кeліспeйді. Eл мұсылмaндaрының бірлігі үшін ықылым зaмaндaрдaн бeрі қaзaқ хaлқының ділінe сіңісті бoлғaн Хaнaфи мәзһaбын ұстaнуғa шaқырaды. Тaнымдық мәсeлeлeрдe Мaтуриди мeктeбінің ұстaнымдaры нeгізіндe қaлыптaсқaн тaным тұғырын ұстaнуғa үндeйді. Eндeшe, тaқырыбымызғa сaй экстрeмизм идeясына қaтысты прoблeмaның eң нeгізгі aспeктілeрінe тoқтaлғaн жөн, oлaр үшeу: Шeтeлдe білім aлу мәсeлeсі Ғaлaмтoр рeсурстaры Әлeумeттік жeлілeр жәнe aтa-aнaлaр  «Шeтeлдe діни білім aлғaн жaстaрдaн Қaзaқстaнғa кeлeр пaйдa бaр мa?», «Шeтeлдe діни білім aлудың пaйдaсы мeн зияны қaншaлықты?» жәнe «Діни білімді қaйдaн aлғaн дұрыс?», «Нұр-Мүбaрaк Eгипeт ислaм мәдeниeті унивeрситeтінің білікті мaмaндaр дaярлaудa мүмкіндіктeрі қaндaй?»  дeгeн сaуaлдың aясындa тoқтaлмaқпыз. Жaсырaтыны жoқ, сoңғы жылдaрғa дeйін қaзaқ жaстaры – Түркия, Пәкістaн, Мысыр, Сaуд Aрaбиясы, Ливaн, Ливия, Сирия т.б. шeтeл eлдeргe aсып, діни білімдeрін жeтілдіріп кeлгeні рaс. Oлaрдың бірaзы eлгe oрaлып, жeмісті eңбeк eтіп тe жүр. Aлaйдa, әр eлдің өзіндік қaлыптaсқaн сaлт-сaнaсы, әдeт-ғұрпы бoлaтынын eстeн шығaрмaуымыз кeрeк. Өкінішкe oрaй, шeттeн біліп aлып кeлгeн дін мaмaндaрының бoйлaрынaн кeйдe дәстүрлік көзқaрaсымызбeн сaнaспaйтын жaғымсыз құбылыстaрды бaйқaп қaлaмыз. Сoның нәтижeсіндe, қoғaмдa oйыңды сaн-сaққa жүгіртeтін түрлі идeoлoгиялaр көрініс тaбудa. Дәлірeк aйтқaндa – қaй eлдe ілім aлсa, сoл eлдің тұрмыс сaлтынa сaй нaным-сeнімдeрін тықпaлaуғa тырысудa.

Қoрытa кeлгeндe, лaңкeстік пeн экстрeмизм идeoлoгиялaры жәнe бaсқa дa түрлі жaт пиғылды, жaт aғымдaрғa қaрсы жaстaр aрaсындa иммунитeт қaлыптaстыру aрқылы кeз-кeлгeн жaт идeoлoгияның тaрaлуынa тoсқaуыл бoлa aлaмыз. Сoндaй-aқ, тaрих сaхнaсындa көрініс тaпқaн жaт aғымдaрдың жaңсaқ идeoлoгиялaрынa қaрсы тұрудaғы бaсты құрaл ғылым мeн білім eкeнінe көз жeткізeміз. Бaбaлaрымыз aқ білeктің күшімeн, aқ нaйзaның ұшымeн ұлaн-бaйтaқ жeрімізді жaудaн қoрғaп, кeйінгі ұрпaққa бeйбітшілік зaмaнын мұрa қылып қaлдырғaн eді. Aлaйдa, бүгінгі жaс ұрпaқтың eлді қoрғaудaғы бірдeн-бір жoлы oл – ғылым мeн тaғылым. Сoндықтaн дa бүгіндeгі eліміздің тыныштығын сaқтaудaғы бaсты құрaлымыз діни aхуaлдaрмeн тaныс бoлу, яғни aқ пeн қaрaны aжырaту aрқылы дәстүрлі eмeс діни aғымдaрдaн сaқтaну жoлдaрын мeңгeру. Aсыл дініміздің дe нeгізі – ғылым мeн тaғылымнaн тұрaтынын eскeргeн жөн. Өйткeні, қaсиeтті Құрaндa Aллa Тaғaлa aдaм бaлaсынa (Aлaқ сүрeсі, 1 aят): «OҚЫ!»,-дeп бұйырды. Сoндықтaн дa ғылым мeн білім қaйнaр көзі, сoндaй-aқ, ғaлaмның жaрaтылыс зaңдылығымeн сeбeптeрінің aқиқaты көрсeтілгeн кітaп, oл – қaсиeтті Құрaн. Білім мeн ғылым игeрудe жұмсaғaн әрбір уaқытыңыз eл бoлaшaғынa, кeлeр ұрпaққa қaлдырaр aмaнaт бoлсa кeрeк. Өйткeні, білімді дe, көзі aшық, көкірeгі oяу aдaм кeз-кeлгeн дәстүрлі eмeс жaт aғымдaрдaн хaбaрдaр бoлып, oлaрдың жeтeгіндe кeтпeудің бірдeн-бір жoлы бoлмaқ. Сoндaй-aқ, өзі ғaнa eмeс, өзгeлeргe дe дұрыс бaғыт бaғдaр бeріп, қoғaмның бір oтбaсыдaй бoлып дұрыс жoлдa бoлуынa oрaсaн зoр пaйдaсын тигізeтіні сөзсіз. Сoндықтaн дa әрдaйым сeнімді дeрeктeрдeн дұрыс aқпaрaт aлып, дәстүрлі eмeс күмәнді әдeбиeттeрдeн сaқ бoлып, ғaлымдaр мeн сaрaпшылaр мaқұлдaғaн әдeбиeттeрдeн aқпaрaт aлғaнымыз жөн.

 

ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХХV МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ

Түркістан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің ХХXV мәжілісі басталды. Жиынды ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: "Біз жыл басынан бері сіздердің қолдауларыңызбен тарихи бастамаларды жүзеге асырып келеміз. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақсақалдар кеңесін құрдық.

     Бірнеше облыста аймақтық ақсақалдар форумын өткіздік. Ағарту саласы бойынша бірнеше кітаптар оқырманға жол тартты.

Биылғы "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" жылы аясында әртүрлі форматта форум өткіздік. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Сарапшылар кеңесін құрдық. Бұл бастама мемлекет және қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.

Айрықша айта кетер жайттың бірі – Түркістан қаласында түркітілдес мемлекеттердің «Мүфтилер алқасы» өтті. Бұл тарихи іс-шарамыз да үлкен қолдауға ие болып, әлі күнге дейін қоғам арасында оң пікір айтылуда" деді.

    Айта кетсек, мәжілісте "Зейнетақы қоры жинағынан зекет беру үкімі", "Мәйіттің денесін тілудің үкімі", "Сюцайдың шариғи үкімі", "Дәрігердің нұсқауынсыз трамадолды қолданудың үкімі", "Қан донорлығының үкімі" т.б. пәтуалардың мәтіні талқылануда. Басқосуда бұдан бөлек "Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ рөлі", "Бабалар ізімен: Қазақстандағы мұсылмандық мектеп", "Ислам энциклопедиясы" еңбектері мен құжаттардың мазмұны қаралуда.

Мақтаарал: Несие рәсімдеп, шығын келтірген...

Біреудің атынан несие рәсімдеп, тұрғындарға шығын келтірген жігіт ұсталды.

Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз 900 мың. тенге астам несие алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында мақтааралдық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жұмыссыз ер азамат болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар.

Айта кетйік, бүгінгі күні кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде алаяқтықтың түсінігі берілген. Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.   Аталған бап 4 бөліктен тұрады, соған байланысты алаяқтық үшін жаза түрлері де күшейтілген. Егерде кінәлі адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алаяқтықтың адамдар тобында алдын ала сөз байласуымен, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген. Егер алаяқтың  ірі мөлшерде, яғни 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аса жасалса, алаяқтықты мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса немесе  алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда  аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Қылмыстық топ жасаған немесе  аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшернінен  асатын алаяқтық  жасалса, ол үшін сол баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Барлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.

Түркістан: Деструктивті діни уағызшылардың қоғамға қауіптілігі

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында дін саласындағы бос орынның біраз бөлігін сырттан келген діни топтар мен ұйымдар толтырды. Олардың бір бөлігі араб елдерінен, орталық Азия арқылы Үндістан, Ауғанстаннан, Таяу Шығыс пен Түркия елінен келген діни жамағаттар да болды. Әрбір әлеуметтік топтың бір мақсат айналасында топтасып, ұйымдасып, өзіне сай сипат қалыптастыруының артында үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси және тағы да басқа факторлар жатады. Әсіресе бұл діни топ болса тіпті нәзік тақырып болмақ. Біздің елімізге келген діни жамағаттардың барлығы да экстремистік топқа немесе қандай да бір секта категориясына жатпауы мүмкін. Дегенмен ол жамағаттарды жақсы немесе жаман деп ажыратудың да керегі жоқ. Барлығы да сырттан келген діни жамағат категориясында қарастырылу керек. Осы діни топтардың тарихи кезеңін, харизмалы көшбасшысын, ол елдегі беделін, бар болса олар жайында жауабын таппаған сұрақтарын егжей-тегжейлі қарастырып өз көзқарасымыз бен дүниетанымымыз тұрғысынан баға беру біздің міндетіміз. Сонымен қатар, топқа бөлінушілікке себеп болу ықтималдығы. Мұндай мәселе болса да, болмаса да біз оны қаперде ұстауымыз қажет.

Ал, әрбір діни жамағаттың міндетті түрде идеологиялық көшбасшылары болады. Олар алғашқы жылдары шетелдерден келген уағыз-насихатшылар болса, уақыт өте келе көшбасшылар қазақстандық жастардың арасынан таңдап алынды. Мысалды алыстан келтірудің қажеті шамалы. Түркістан облысының өзінен елімізге танымал деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихатшылары, бірнеше көшбасшылары қалыптасты. Атап айтқанда, Қазақстанға «тәкфирлік» көзқарастың түбегейлі еніп, бірнеше азаматтарымыздың террористік іс-әрекеттерге қол ұруына, «жиһад» деп шекара асуына ықпал еткен «шейх Халил» атымен танымал болған Абдухалил Абдужаппаров Сайрам ауданының тумасы болып табылады. Ол еліміздің батыс облыстары діндарлары арасында «тәкфир» идеясын таратқан. Жалған уағыздаушының әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен.

Сол секілді бір ғана Сайрам ауданынан Октам Заурбеков, Абдурафи Рахматуллаев, Мамыржан Хайтметов секілді «сәләфилік» бағыттағы бірнеше уағыз-насихатшылар, көшбасшылар шықты. Ал, Дильмурат Махамадов болса Сарыағаш ауданының тумасы болып табылады. Аталған азаматтар  әр жылдары экстремизм мен терроризмді насихаттау, ұлттық және діни алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алайда, олардың діни уағыздары мен насихаттары әлі күнге дейін әлеуметтік желілер мен «Ютуб» арналарда жоғары сұранысқа ие.

Ендігі кезекте жоғарыда аты аталып, түсі түстелген азаматтарға ортақ мәселелер мен олардан қоғамға келген, осы секілді болашақта әлеуметке зиянды болуы мүмкін дүниелердің басын ашып кетуді жөн санадық.

Біріншіден, олардың діни білімді шетелдерден, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Пәкістан секілді елдерден алуы. Олар діни білімді аталған мемлекеттердегі ресми оқу орындарынан емес, хужралар немесе марказдардан бастап алғандығын ескерген жөн. Ал, хужра, марказ жүйесімен берілген білім мемлекет тарапынан бақыланбайды. Бұл дегеніміз аталған жүйенің жемістері болашақта қоғамға, елге қауіп тудыруы мүмкін. Шетелдердің осындай күмәнді оқу орындарына білім алған жастар болашақта сол елдің сойылын соғуы мүмкін. Шетелдерден келген діни ағымдардың, олардың көшбасшыларының біздің еліміз үшін ең басты қаупі ол – сырттан басқарылуында.

Екіншіден, діни ағымдар мен олардың көшбасшыларының қаражат көздерінің жабықтығы. Мысалы, Абдухалил Абдужаппаров, Октам Заурбеков және Дильмурат Махамадов секілді уағызшылар елімізде бірнеше жылдар бойы ресми жұмыссыз болған. Алайда, олардың материалдық жағдайы өзгелерге қарағанда анағұрлым жақсы еді. Сондай-ақ, Абдухалил Абдужаппаров және Дильмурат Махамадов он жылға жуық Сауд Арабиясында отбасымен бірге тұрды. Дегенмен, қаржылық мәселелері әлі күнге дейін жұмбақ болып қалуда.

Үшіншіден, дін деп өзге ұлттың мәдениетін елге алып келіп қоғамға тықпалау. Мысалы, түрік, араб елдерінде білім алғандар сол елдің салт-дәстүрін, киім кию әдебін тасымалдауда. Осындай жаңсақ түсініктің салдарынан дін атын жамылып, тұтас бір қазақ деген ұлттың салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихы мен өмір сүру дағдысына соққы жасап, оны өшіруге, жоюға ұмтылуда.

Төртіншіден, олардың ең потенциалды проблемасы бөлінушілік, бір-бірін мойындамайды. Тіпті, бір «сәләфилік» ағымының өзінде ішінара алауыздық пен бөлінушілік басым. Сонымен қатар, олар ҚМДБ-ның ресми имамдарын тыңдамауға шақырады. Ал, түрік жамағаттары өздерінің имамдарын, пірлерін ғана тыңдап, дінді тек өз ұстазының түсінігімен шектеп келеді. Бұл түптеп келгенде қоғамды біріктіруге емес, бөлшектеуге алып келуде.

Қорыта айтқанда, біз жоғарыда тізбектеп өткен мәселелердің қауіптілігі баяу білінгенімен, қоғамға тигізер зардабы ауыр болмақ. Түптеп келгенде олардың іс-әрекетінің салдары қоғамның бөлшектенуі мен елдің бүлінуіне әкеліп соғады. Идеологиялық тұрғыдан бүлінген қоғамды қайта түзеуге ұзақ уақыт пен ұрпақтар ауысымы қажет. Сондықтан тұрғындарымыз дін мәселесіне бей-жай қарамай, жылтыр-жұмсақ сөйлеген уағызшыларға көзсіз ермесе дейміз. Тек ресми діни бірлестіктердің заңды өкілдеріне жүгінгені абзал.

 

Медет Халықов

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

директорының орынбасары             

Төлеби: Мал ұрлығымен айналысқан...

Жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан екеу қамауға алынды.

Төлеби ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта жайылымда жүрген 1 бас биесі мен құлынын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне мал ұрлығына қатысты жаңа бап енгізілді. Бұл қылмыс үшін тағайындалатын жаза басқа ұрлықтарға қарағанда қатаң болмақ. Кодекстің бұрынғы нормалары бойынша мал ұрлығына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпы ұрлық санаты бойынша бір баппен (188-бап) сараланып келген болатын. Жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес қазіргі уақытта мал ұрлығы өз алдына бөлек баппен (188-1-бап) сараланатын болып белгіленді. Егер, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы әрі ірi мөлшерде жасалған қылмыс болса – 7 жылға дейін, бірнеше рет және мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалса – 10 жылға дейін, қылмыстық топ әрі аса iрi мөлшерде жасалған жағдайда – 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар, қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу міндетті түрде тағайындау көзделген. Тағы бір ескерте кететін жәйт, осы баптың 1-бөлігі ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататын болса, қалған 2, 3 және 4-бөліктері ауыр қылмыстар болып есептеледі. Осы бап бойынша  ірі қара мал, жылқылар мен есектер,  түйелер, ұсақ мал және шошқалар мал деп түсініледі, яғни, аталған жануарларды ұрлаған жағдайда Кодекстің 188-1-бабымен қылмыстық жауаптылық туындайтынын ескергеніңіз жөн. Ақпарат алысымен мал ұрыларын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәлардан жауап алып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде, полицейлер күдіктінің ізіне түсіп ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген екеу, Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Анықталғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда қараусыз жүрген бие мен құлынды айдап әкеткен. Содан оңай жолмен келген олжаларын арзан бағада сатып жіберген. Тергеу кезінде күдіктілердің бұдан бөлек 3 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Онда мал ұрылары үш сиыр мен 1 бас жылқыны жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 160 000 теңге алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.  Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде күдіктіні анықтап, басқармаға жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.  Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген адамға сенім артпауға кеңес береді. Айта кетйік,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 190-бабының 1-бөлігінде алаяқтықтың түсінігі берілген.Алаяқтық - бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық -алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.  Аталған бап 4 бөліктен тұрады, соған байланысты алаяқтық үшін жаза түрлері де күшейтілген.Егерде кінәлі адам жай алақтық жасаған болса, яғни  ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаса ол 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Алаяқтықтың адамдар тобында алдын ала сөз байласуымен, адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында жасалған алаяқтық үшін аталған баптың 2-бөлігіне сай 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Алаяқтықтың ауыр түрлері осы баптың 3-4-бөліктерінде көрсетілген. Егер алаяқтың  ірі мөлшерде, яғни 1 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аса жасалса, алаяқтықты мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса немесе  алаяқтық бірнеше рет жасалған жағдайда  аталған баптың 3-бөлігінде 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Қылмыстық топ жасаған немесе  аса iрi мөлшерде, яғни айлық есептік көрсеткіштің 4000 есе мөлшернінен  асатын алаяқтық  жасалса, ол үшін сол баптың 4-бөлігінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенБарлық жағдайда да қосымша жаза ретінде кінәлінің мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.