Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 08:52

Сарыағаш: 2 келі марихуанна тәркіленді

Бұрын сотты болған ер адамнан 2 келіден астам марихуана тәркіленді.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сақтайды деген хабарлама келіп түсті. Осы жайт бойынша полицейлер бірден жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ақпарат жинақтады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйіне тінту жүргізілді. Нәтижесінде оның үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны расталды. Ер адамның ауласында орналасқан сарайдан 4 дана газет орамасына салынған есірткі тұқымдары мен 2 газет орамасында есірткіге ұқсас зат анықталды. Сондай-ақ тағы да марихуанаға ұқсас заты бар бір картон қорап пен қапқа салынған зат табылды. Одан бөлек үйдің жертөлесінен 0,5 литрлік шыны ыдысқа салынған, полиэтилен пакетке оралған және 2 дана темекі өнімдері, ішінде марихуанаға ұқсас зат алынды. Жергілікті тұрғыннан аталған айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 2 келіден асатын «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.

Сарыағаш АПБ-мен бұл жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті есірткі затын өзі егіп, өсіргенін жеткізді. Бүгінде полицейлермен оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау және оның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады.ҚР Қылмыстық Кодексi 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»: 1. Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну –

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау - бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

3. Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау – 

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

4. Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау –

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту:  1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшерлері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді. 2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өз еркiмен тапсырған не есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсаттарда тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған не есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен табылған мүлiктi табуға белсендi түрде ықпал еткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады,-деп жазылған.



 


 

 

Оқылды 331 рет