Сауран ауданының әкімі депутаттарға атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Жиынды Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісов ашып жүргізіп отырды. Жиналысқа Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініштері жауапсыз қалмауын тапсырды

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ғ.Рысбековтың төрағалығымен ҚР Заңының «Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексінің» орындалу тәртібі мен арыз шағымдардың қаралу барысы туралы әкімдік жиналыс болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты тақырыпта шығармашылық іс-шара өтті

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен талантты жастарды қолдау және мүмкіндігі шектеулі жастарды ынталандыру, тең қоғам терезесін қалыптастыру мақсатында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты жастарға арналған шығармашылық іс-шара өтті.

Сауран аудандық Мәслихатының бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссияны Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейісов ашып жүргізіп отырды. Жиналысқа аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сауран ауданы: Ескі Иқанда «Сапар» мұражай кешені ашылды

Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінде «Ғашық Жүсіп ата» музейінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шарада «Ғашық Жүсіп ата музейі және Иқан Ғұлама ғалымдары мирасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Түркістан: Қазақ діни ойшылдарының мұрасындағы ақида

Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері сан ғасырлар бойы қалыптасқан жүйе болып есептеледі. Ата-бабаларымыз кез-келген көтерілген мәселеге ерекше зейін қойып қарап, шешімін табу барысында жан-жақты қарастырып, оның жағымды және жағымсыз, пайдалы және зиянды жақтарын жіктеп, саралау жұмыстарын жүргізетін болған.

Қазақ халқы атадан қалған мұра мен мирастың маңыздылығын, дәстүр мен сенімнің, ырым мен нақылдың, ілім мен білімнің құндылығын түсініп, оны өз баласының  бойына  дарытып, ұрпақтарға өсиет етіп қалдыруға ерекше көңіл бөлген. Ананың жатырында жатқан күнінен бастап баланың дұрыс азамат, жауапкершілігі бар тұлға, елін қорғайтын, ата-анасын сыйлап өсер ұрпақтың туылуына жағдай жасайды. Бала туылған сәттен азан шақырып атын қойып, оның ел болашағын қалыптастыратын, ұлтының тірегі болатын азамат болып өсуін қадағалайды. Ата-бабамыздан қалған  дәстүрлердің  мәні мен мағынасы адамгершілігі мол, жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Қазақ жұртының ұлт болып қалыптасып, аталған құндылықтардың сақталуында негізгі рөлді ойнаған – қазақ ойшылдарының мұралары. Қазақ ойшылдары халқына жанашыр, жастардың тәрбиесі мен біліміне, ойы мен санасының дамуына көңіл бөлген, ұлты үшін қызмет еткен тұлғалар. Қазақ ойшылдарының халық мұрасындағы дін, фольклор, әдебиет, музыка, өнер, қоғамдық және әлеуметтік , философия және тағы басқа қозғаған тақырыптары әлі күнге дейін өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоймаған.

Ислам дінінің бастапқыда соғыс арқылы таралғандығы белгілі. Ислам діні мен қазақ ұлтының сол уақыттағы діни көзқарасы ұқсас болды деп сипаттап көрсетеміз. Араб әскерлерінің Қытай әскерлерімен соғыс нәтижесіндегі жеңісі ислам дінінің Орта Азия жерлеріне таралуының және орнығуының бастауы болды. Қазақстан территориясының Оңтүстігінен бастап тарала бастаған Ислам дінін алғаш болып Түргеш қағанаты қабылдап, кейіннен Қарахан мемлекті  мемлекеттік дінге айналдырды. Қазақ  халқының адамгершілік-рухани сенімі Ислам дінін қабылдауда еш қиындық туындамаған болатын, себебі ата-баба дәстүрі мен Исламның негізгі пастулаттарының басты құндылықтары мен берер өнегесі, пайдасы бір болып табылады.

Қазіргі таңда еліміз «зайырлы» мемлекет болып есептеледі. Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңнамасында Исламның Ханафи мазхабы мен Христиандықтың Православие бағытының Қазақстан тарихындағы рөлінің ерекшелігі туралы аталып өткен.

Қазақ  халқының  қалыптасу тарихында мұсылманшылдықтың рөлі ерекше. Еліміздің тұғырын қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» Ислам заңдарына сүйене отырып құралған болатын. Ислам қабылдағаннан кейін де салт-дәстүрлеріміз өзінің өзектілігін жоғалтпады, діндегі құқықтық талаптар дәстүрлеріміздің маңыздылығын көрсетті, яғни көптеген салттарымыз бен ырымдарымызға, наным-сенімдерімізге дін оң көзқараспен қарады. Бұл дегеніміз қазақ жұртының ақылдылығы мен ойының тереңдігін көрсетеді.

Қазіргі таңда қарастыратын  болсақ,  қазақи дәстүр мен исламның байланысқаны соншалықты, кейбір дәстүрлеріміздің, сенімдеріміз бен нанымдарымыздың ортасында анық сызық жүргізе алмаймыз. Олар өзара бірігіп, ерекше қасиетті және құнды формаға ие болған. Матуриди ақидасының сенімдік өзектері халқымызбен  жеңіл қабылданып, бір болып кетті. «Қазақ» деп атағанда, адамды бірден Исламның Ханафи мазхабымен байланыстыратынымыз анық.

Қазақ  ақындар  мен жазушыларға, ойшылдар мен философтарға, елім деген азаматтарға бай  ұлт. Қазақ ойшылдары үнемі елдің бірлігі мен болашағы үшін қызмет жасады. Халқының көзі ашық, көкірегі ояу болғанын  қалап, жастарының тура жолдан таймауды, білім мен ғылымға ғашық етіп тәрбиелеуден мақсат еткен ойшылдарымыз осы жолда сарпылмас еңбек етіп, өте құнды мәліметтерді мұра етіп қалдырды. Ақын-жазушыларымыз адамдық пен адамгершіліктің, шындық пен ақиқаттың, еліне деген махаббат пен білімге деген құштырлықтың маңыздылығын ашық көрсетті.

Имам Матуриди Исламдық өзге мазхабтармен таласқа түскен тақырыптарының ең негізгісі ақыл ойдың қолданылуы болды. Имам дінді, шариғатты, Құранды талқылап-түсіндіруде ақыл-ойдың маңыздылығына тоқталады. Имам Матуриди «Китабу-т Таухид» атты еңбегінде ақыл-ойдың маңыздылығына тоқталып өтеді. Құран аяттарын, хадистерді, дін негіздерін түсінуде ақыл-ойды қолдануға қарсы болып табылатын топтарға өз қарсылығы ретінде «Китабу-т Таухидте» ақылды қолданбау, ақылмен сараламауды шайтанның істері ретінде сипаттаған болатын. Бұл жерден Имам Матуридидің «ақыл-ойдың» құндылығын көрсетіп, оның дәрежесін көтеріп, өз орнын көрсеткендігін байқаймыз.

Қазақ діни ойшылдарының ақыл-ойға байланысты көзқарастары белгілі. Абай атамыз өзінің қара сөздерінде, өлеңдерінде «білімдінің көзі ашық, көкірегі ояу» екендігін үнемі алға тартып, қазақ жұртының, қазақ жастарының да сондай болғанын қалаған еді. Абай Құнанбайұлы ақыл арқылы дүниені танып, оң мен солды ажыратуға шақырады. Хәкім Абай өзінің он жетінші қара сөзінде қайрат, ақыл, жүрек, өз дауларының шешімін сұрап ғылымға келіп жүгінген уақытта, ғылымның ақыл туралы айтқаны «ақылды» қолданудың мақсаты мен маңыздылығын көрсетеді. Ақыл өзінің осы дүниеде де, ахиретте де ненің пайдалы екендігін, ненің зиянды, зарарлы екендігін, оның барлығын өзінің білетіндігін алға тартады. Қайрат, ақыл, жүректің рөлдерін, олардың пайдасы мен қалай қызмет етулерін түсіндіру барысында, ақылға оның айтқанының бәрі рас екендігін алға тартып былай дейді: «...Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің...». Бұл жолдарда Абай атамыздың ақылды ақидадағы қолданысымен түсіндіретіндігін көреміз.

«Сіз Әменту биллаһи кәма һуә би исмайһи уа сифатиһи дедіңіз. Ол есім аллалар һәмма ол алла тағаланың фиғыл ғазимләрінің аттары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифат затиялары не деген сөз кәміл үйрен...».

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты еңбегінде»: «... біздің тіршілігіміздей дүниемен емес, біздің құдіретіміздей қол аяқ, яки қарумен емес, біздің біліміміздей ойменен, көзіменен яки біреуден ұғып емес, ақыры өзінің ешнәрсеге ұқсамағаны сықылды сипаттары да өзгенің сипатына ұқсамайды»-деген. Алла тағаланың сипаттарын білмек бөлімінде Жаратушының өздігінен бар, оны ешкім жаратпаған және ол әуелден бар екендігін айтады.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев Алланың сипаттарын қара сөзбен емес, жырлап жеткізеді.

«Мекенін бір алланың ешкім білмес»

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам

Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес»- дей келе, Алланы жерде деп те, көкте деп те айта алмайтындығымызды ескертеді. Алланың субути сипаттарын жырлай келе, оның Кәләм (сөйлеуші) сипаты мен адамның сөйлегені мүлде екі түрлі ұғым екенін, ол біз секілді жақты қолданып сөйлемейтіндігін, естуші, білуші, бірақ Алланың өзіне тән сипатында екендігін, яғни оның басы, қолы мен көзі жоқ екендігін керемет жеткізе білген.

Ақыл – адам баласына Алла тарапынан берілген ерекше сый. Адамзатты басқа тірі тіршілік иелерінен айыратын белгісі, ол – ақыл. Абай атамыз ақылдың құдіреттілігін жете түсіндіріп, оның артықшылығын, ақылдың басты мақсатын ашып көрсетеді. Қара сөздерінің көп бөлігінде ақылдың құлшылықтағы орнын ерекше атап өтеді. Ойшыл баланы оқытып, оған білім берген уақытта, ол білімнің құлшылықты түсініп, тануға жеткілікті және сол білімнің таза болу қажеттілігін көрсетеді.

Көріп тұрғанымыздай қазақ жұртының ғұлама дін ойшылдары Матуриди ақидасын өз еңбектерінде айқын етіп түсіндіре білген. Арабша хат танымаған қазақ жұртына Ислам дінінің сенім негіздерін жеңіл етіп, қара сөз бен қара өлеңге тиек ете отырып түсіндіруге тырысқан, сол үшін еңбек еткен. Әр қазақ осы ғұламаларымыздың еңбектерімен таныс болуы керек. Қазақтың білімі мен болашағы үшін терін төккен, айдың жарығында «жұртымның ақылы артып, көңілі кеңейсе» екен деген ниетте тоқтамай қызмет еткен ойшылдарымыздың үмітін ақтау біздің қолымызда.

 Д. Тұрсынбай

Теолог маман        

 

Түркістан: Дін және зайырлылық туралы оқушыларға түсіндірілді

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп гимназиясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді. Мамандар оқушыларға Діни экстремизмнің алдын алу тақабырыбында баяндама оқыды. Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Жалпы діниэкстремизмнің қалай алдын аламыз. Біріншіден теріс діни ағымның, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса, дінтану және тарих пәндерінің мұғалімдері ашық сабақ және тәрбие сағаттарында, қауіпсіздік сабақтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, түсіндіріп отырулары керек. Екіншіден қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес.Сондықтан базарларда, құлшылық орындарында, жер асты өткелдерінде заңсыз сатылып жатқан теріс діни әдебиеттерге құзырлы орган тарапынан тыйым салынуы қажет.Өйткені қарапайым халық діни әдебиеттердің ақ қарасын ажырата алмауы мүмкін.Егерде сатылған теріс діни әдебиет тұтынушының қолына тисе санасын теріс бағытқа улауы әбден мүмкін. Үшіншіден шетелдерге діни білім алуға жастардың көбі өз бетімен барады. Олар ресми органдарда тіркелмегендіктен, нақты қайда оқығанын да білмейсіз. Соның салдарынан шетелдегі деструктивті діни ағымдардың идеологиясы бізге «экспортталып» жатыр. Сондықтан шетелде діни білім алуда белгілі бір шаралар қабылдау – заман талабы. Шетелде заңсыз құжыраларда оқып келіп, елдің арасына іріткі салып жүрген жастарымыз да жоқ емес.Төртіншіден қазіргі таңда кітап оқитын жастар саусақпен санарлық. Өзіне қажетті барлық мәліметті интернеттен іздеп, оңай қол жеткізе алады. Сонымен қатар діни сауатын да интернеттен алады. Діни сауатты интернеттен аламын деп, елімізде және шетелден ашылған экстремистік сайттардың құрығына байқаусызда түсіп қалып жатады. Сондықтан елімізден және шетелден ашылған экстремистік сайттарды күнделікті құзырлы орган тарапынан бұғатталып отыруы қажет. Бесіншіден діни экстремизм мен терроризм қылмысымен айыпталушылардың жазасын ауырлату, діни лаңкестіктің алдын алудың бірі болып саналады. 2011 жылдары орын алған лаңкестік оқиғалардың қайталану себебі — қылмыс жазасының жеңіл болуында.Халықтың арасынаүрей туғызып, халықтың өміріне қауіп-қатер төндіретін лаңкестіктің алдын алу үшін қылмыскердің жазасын қандай деңгейде болуын қарастыру демократиялық құндылықтарға қайшы келмейді. Десе де, террорлық қылмысқа ауыр жаза қолдану қылмыскерлерге тән азабын шектіру емес, қоғам үшін діни экстремизм мен терроризмнің жат екендігін бойға сіңіру және басқаларға сабақ болумақсатында іске асырылуы тиіс. Қорыта келе мәңгілік ел боламыз десек «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу үшін, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрбір қауіпсіздік шараларын дер кезінде алдын алғанымыз жөн деді теолог маман.  Діни экстремизмге, терроризмге қатысты ғаламдық қауіппен тиімді күресу үшін оның алдын алу жұмыстары елімізде ұдайы жүргізіліп келеді. Халықаралық террористік ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе əлеуметтік желілер арқылы өз идеяларын мақсатты түрде насихаттауы – радикалды идеялардың Қазақстанда да таралуының негізгі көзі болып отырғандығы белгілі. Осы жəне басқа да өзекті сұрақтардың елді мекендерде қандай жағдайда екеніне тағы да бір мəрте көңіл аударсақ, төмендегідей нақты социологиялық зерттеулердің нəтижесіне жүгіне аламыз. 2017 жылғы қыркүйек айында Алматы облысының 3 ауданында «Рухани керуен» бағдарламасы аясында əлеуметтік жəне блиц-сауалнамалар жүргізілді. Оған этникалық, əлеуметтік-кəсіби, түрлі жастағы 245 респондент қатысты. Бүгінгі күнде 90 пайыз оқушылар бұл мəселені түсінбейді. Осы орайда адасып деструктивтік ағымға кіріп кетіп жатқан көріністер жиі кездесуде. Радикалды ағымдарға тез ұрынатын əсіресе, əйел қауымы екен. Əйелдер өте коммуникабельді. Интернет жүйесінде радикалдар барлық жұмысты əйел қауымына жүктейді. Өйткені, олар – ана, жар, əпке, сіңлі, кызы ретінде қоғамның басқа өкілдеріне үлкен ықпал жасай алады. Осы жолға түскен кыздарды олар өз ортасынан тезірек күйеуге беруге тырысады. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында бір қызды бес рет күйеуге берген. Жамағат ортасында ол əр күйеуінен төрт балалы болған. Барар жері, басар тауы жоқ болғаннан кейін, Сирияға кеткендердің арасында басым көпшілігі əйелдер. Сараптама бойынша солардың 90%-ы өкініште қалған. Уағыздаушылар ең бірінші кітап береді, ақыл айтады, өте ұстамды, харизматты көрінеді. Біздің «ұстаздарымыз» өте керемет, бəрін жақсы біледі, басқа ағымдар дұрыс емес, – деп санайды. Содан кейін «сенің деңгейің олардан биік, олардың əрекеттері дұрыс емес», – деп, достарынан, отбасынан, туған-туысқаннан алыстата бастайды. Əрі қарай оқудан, жұмыстан шығуды талап етеді. Секталарға кіретін адамдар олар – жауапкершілігі төмен, біреуге тəуелді, өзін неғұрлым жоғары санайтын, өзінен басқаның бəрінен кінə іздейтін, билікті жақсы көретін, фанатиктер жəне жеке басының пайдасын басқадан жоғары қоятын пенделер. Терактілерге қатысқандардың 84%-ы діні, білімі жоқ адамдар, қалғандарының діни білімі үстіртін, жұмысы мен мекенжайы жоқ, он жеті мен жиырма тоғыздағы жастар.  Дін туралы ақпараттарды неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым жастар ақ пен қараны ажырата біледі деген сенімдемін. Сол үшін, ең бірінші қоғамды діни тəрбиеге баулитын мамандарды (теологтарды, ұстаздарды, денсаулық сақтау кызметкерлерін, құқық саласының өкілдерін) үйретуден бастау қажет. Олар дұрыс ағымды түсінген сайын, қоғам деструктивтік ағымдарға қарсы тұра алады. Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында, сондықтан жастарымызға барынша көңіл бөліп, дұрыс тəлім-тəрбие алуына, дұрыс діни білім алуларына көбірек көңіл бөлуіміз қажет. Сол себепті де, тəлім-тəрбиені ең алдымен отбасыдан, балабақшадан, мектептен жəне оқу орнынан бастағанымыз жөн. Балабақша тəрбиешілері, мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тəрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тəлімін айтса – бала көргені мен естігеніне амал ететін болады. Жастардың дəстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің екі негізгі себебін атап көрсетуге болады. Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауатсыздықтың басым болуы. Екіншіден, жат ағымдардың əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыруы.

 

 

 

Түркістанда халықты жұмыспен қамту мәселесі шешімін тауып келеді

Түркістан қаласында халықты нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту жолында көптеген шаруалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келе жатқаны белгілі. Осы орайда, біз таяуда Түркістан қаласына барып, халықты тұрақты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып қайтқан болатынбыз. Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бекітілген кешенді жоспардың  ағымдағы жылдың  9 айында орындалу барысы төмендегідей екен.

Түркістанда әлеуметтік қорғау саласы бойынша қыруар жұмыс атқарылуда

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында әлеуметтік қорғау саласы бойынша көптеген шаруалар атқарылып, игі шаралар жасалуда. Нәтижесі де жаман емес. Атап өтуге тұрарлық іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, бүгінде халық соның игілігін көріп келе жатыр деуге әбден болады. Мемлекеттің әлеуметтік қорғау саласы бойынша жасап отырған саясаты негізінде Түркістан қаласының атқарушы билігі алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындап отыр деуге толық негіз бар. Олай деуімізге Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы себеп болып отыр. Осы бөлімнің 9 айда атқарған жұмыстарын білгіңіз келсе, төмендегі мәліметтерге назар аударыңыз.