Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 09:43

Ордабасыда жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, жауапқа тартылуда

Жол қозғалысы ережесін сақтау, жол апаттарының алдын алу мақсатында Ордабасы ауданында бірқатар ауқымды шаралар іске асырылуда. Мәселен Түркістан облысы Патрульдік полиция батальоны мен аудан полицейлері бірлесіп, «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесі мен "КРИС П" жол жүрісін өлшеуіш құрылғысын пайдалана отырып, рейд жасады.

Нәтижесінде әуеге ұшырылған дрон жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан 4 жүргізушіні анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 2- бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» әкімшілік шара көрілді. Ал "КРИС П" көмегімен 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 596-бап «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу»:

1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – 

алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ауыл көшелерінің бірінде ішімдік ішіп, автокөлік басқарған «НИВА» маркалы көлік жүргізушісі анықталды. Жүргізуші осы теріс әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» жауапқа тартылып, автокөлігі айыптұраққа қойылды.

 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру:

1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 

он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – 

жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер – 

отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.  

8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп жазылған.

 

Оқылды 357 рет