Негізінде, бұл орталық былтыр 13 желтоқсанда Түркістан қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы болып құрылған болатын. Оның құрамында: «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын арттыруға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.
Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:
1.Дәрігерлік кеңес;
2.Психологиялық кеңес;
3.Еңбек терапиясы;
4. «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;
5.Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);
6.Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);
7. Музыкатерапия;
8.Бизнес-тренинг;
9.Мәдени демалыс шаралары;
10.Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылады.
Өз-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу, олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.
Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөльме, сенсорлық бөльме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы да басқа үйірмелер қызмет етуде.
Ерекшелігі 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодленаж классикалық, гуаша, баночный және акапунктурный массаждарды жасайды. БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде. Бүгінгі күні Түркістан қаласында 14915 зейнеткер тұрады. Орталықта аталған қызметтерді күніне 60-70 зейнеткер, айында 150-200адам қызмет алуға немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 % құрайды. Жыл басынан жоспар бойынша 360 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 240 адамға қызмет көрсетілуде, немесе 66,6 % құрады. Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша 1390 қызмет көрсетіліп келеді.
Қазан айында өткізілген іс – шараларға тоқталсақ, 1- қазан Қарттар күні мерекесіне орай мекеменің ғимаратының ашылу салтанаты болды. 25 – қазан Республика күні мерекесіне орай «Жайнай бер, жасай бер Қазақстаным!» атты іс – шара өткізілді. Мерекелік іс-шараларда зейнеткерлеріміз белсене қатысып ән айтып, би билеп, тілектерін білдірді және қатысқан зейнеткерлерге сыйлықтар таратылды.
Орталықтың қаржыландыруы мәселесіне келсек, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі қарттар және зейнет жастағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 166,3 млн теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 139,5 млн теңгесі игерілген.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-ның «TEN QOGAM» бөлімшесінің қазан айына дейінгі атқарған жұмыстарына келсек, «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.
Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 150 адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе 50% құраған. Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыт бойынша 517 қызмет көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылады. Қызмет көрсету бойынша жеті бағытта: қызмет көрсетіліп, 9 іс-шара өткізіліп, жұмысқа орналасқан 10 адам, Бизнес тренг бойынша 37 курс оқып, оның нәтежесінде 11 адам грандты ұтып алды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсету үшін бюджеттен 35,0 млн теңге қаралған. Осы бөлінген қаржының 29,2 млн теңгесі игерілген.
Мәдени демалысты ұйымдастыру бағытында Тарихи-мәдени орталығындағы «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражайы, туристік орталығы «Vizit centre» және «Бірінші президент» саябағына экскурсия ұйымдастырылған. Алдағы уақытта «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары мен қазақша гимнастика «Айкуне» және еңбек терапия курстарын өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық суйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіліп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірімдер, 11 қарт адамдар.
Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында қаладағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствааралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысыуымен дөңгелек үстел өткізіліп, бірлескен іс әрекеттердің амалдары келісілді. Әр бір отасы терең зерттеліп бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының өзекті мәселесі нақтыланып кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:
- 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;
-39 адамға психологиялық диагностика;
-22 адамға медициналық көмек;
-8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;
-25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының демеушілігімен Түркістан қаласындағы аз қамтылған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрмыстық зорлық зомбылық көрген қыз-келіншектерге ауызашар іс-шарасы өткізілген. Қызмет алушылар санатын ескере отырып, Орталықтың қызмет сапасы мен қызметкерлердің қарым қатынасы және деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында психологиялық тренингтер өткізілуде екен.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды.
Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда. Қазіргі таңда мұндай орталықтар еліміздің көптеген қалаларында жұмыс істей бастаған. Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір» орталығы іске қосылған Қазақстандағы алғашқы өңір болды. Ол 2018 жылы маусым айында ашылды. Орталық 75 адамға есептелген, бірақ сұранысқа байланысты күн сайын оған 350-ге жуық адам қатысты. 2019 жылдың соңына қарай қаланың барлық аудандарында дәл сондай 7 мекеме іске қосылды. Бағдарлама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген қартаю проблемалары жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын ескере отырып әзірленді. Қартаю мәселелері жөніндегі сарапшылар бүкіл ел бойынша белсенді ұзақ өмір орталықтарының көп болуын барынша қажетті және уақтылы шара деп атайды.
Бұл ұйымдардың басты міндеттерінің бірі – аға буынның саламатты өмір салтын қолдау болып табылады. Барлық өңірлердегі қарттар Белсенді ұзақ өмір орталықтарының ашылғанына өте қуанышты екенін айта кеткен жөн. Өйткені БҰҰ есептеулері бойынша 50 жылдан кейін планетаның әрбір алтыншы тұрғыны егде жастағы адам болатын көрінеді. Сондықтан қазірден бастап қарт адамдарға сапалы, әр түрлі және белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастау аса маңызды. Айта кету керек, соңғы 5 жылда 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2 есеге артты. Нәтижесінде, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан 2017 жылы халқы есейген елдер тобына кірді.