Сауран ауданы: Майданталда ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нақты жобалар жүзеге асырылмақ
Таяуда Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, дамудың негізгі бағыттары және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды.