Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Түркістан облысына іссапармен келді
Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.
Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян Түркістан облысына арнайы іссапармен келді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ҚХР-дың Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Цисян Чжанды қабылдады.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жүйнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық әкімдік өкілдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
«Түркістан-Самарқанд» әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.
Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған кестеге сәйкес Иассы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауылдық округ әкімі Сыздық Пирметов алғашқы бес айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік және коммерциялық нысандар қала сәулетіне сай бой көтереді. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жобалар қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жыл сайынғы дәстүрге сай ауыл тұрғындарымен кездесуін жалғастыруда. І жартыжылдықтың есебін беру мақсатында ол Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға ауылдық округ әкімі Тайыр Абдиев, аудандық бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.