Түркістанда асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамытуға арналған көрме ұйымдастырылды

Түркістан қаласында алғаш рет «Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілер» республикалық көрмесі өтті. Ерекше бастама Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Сексек ата» шаруалары ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар, ветеринария саласының өкілдері мен қонақтар арнайы келді. Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби сынды шетелден әкелінген, селекциялы және ең танымал тұқымдары қойылды. Жалпы асыл тұқымды 200-ге жуық мал басы қатыстырылды. Арасында сүтті ешкілер, текелер мен лақтар бар.

Сауран: Жібек жолы ауыл округінде 5 гектар жерге өндірістік аймақ, 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңы ашылмақ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым жағдайы және алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ауыл тіршілігін жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Түркістан: туристік нысандардағы сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында бақылау күшейтілді

«Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы» ҚР Заңына сәйкес қала аумағында, туристік нысандар орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және сауда қызметін заң аясында реттеу бағытында қолдау шаралары мен бақылау жұмыстары күшейтілді.

Түркістан облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Шаньдун провинциясындағы бірқатар ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу кәсіпорындарымен келіссөздер жүргізді.

Түкістан облысында сарымсақ өндірісі қолға алынбақ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапарын Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғастырды. Сапар барысында сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanglin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өтіп, стратегиялық әріптестік туралы келіссөздер жүргізілді.