Түркістанның туристік әлеуетін арттыратын бастама

Түркістан қаласында туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында арнайы гид-экскурсоводтарды даярлау курсы басталды. Жоба Түркістан қаласының әкімдігі және Туризм басқармасы, Туризм және меймандостық университетінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэйды қабылдап, келіссөз жүргізді. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан бұл компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысын биылғы қыркүйек айында басталатын болды.

Түркістан: Созақты қыземшек кентінде екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Қыземшек кентінде балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында тағы екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл жолы заманауи алаңшалар Шұғыла көшесі мен екінші шағын ауданнан салынды.

Ашылу шарасына кент әкімі Марс Әбіл қатысып, тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады. Кент қариялары ізгі тілектерін арнап, алғыстарын жеткізді. Шара аясында балаларға балмұздақтар үлестіріліп, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік биыл Қыземшек кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған дейін 1-ші шағынаудандағы 23-үйдің алдында тағы бір балалар ойын алаңы салынған. Сонымен қатар Таңбалытас көшесіндегі кіші футбол алаңының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында кент аумағына 7 бейнебақылау камерасы орнатылды. Көше бойларындағы жарық бағаналары безендіріліп, орталық саябақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 1 020 шаршы метр жерге аяқжол төселіп, қоршаулар жаңартылуда.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Қыземшек кентінде 9 балалар және воркаут алаңы, сондай-ақ 2 кіші футбол алаңы салынуда.

Алдағы уақытта кенттегі мектепке апаратын жол бойына веложол мен жаяу жүргіншілер жолы төселеді. Сонымен қатар мектеп маңы мен Геологтар, Жастар, Жетіқоңыр көшелері қиылыстарына жалпы көлемі 612 шаршы метр болатын аяқжол салу жұмыстары жүргізіледі.

Жарықтандыру бағытында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, атауы жоқ айналма жол (0,8 км), Сарыарқа көшесі (0,6 км), Шұғыла көшесі (0,5 км) мен Тайқоңыр елді мекенінің Ақжайық көшесіне (1,0 км) көше шамдарын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, құрылыс жұмыстары басталмақ.

Сондай-ақ Тайқоңыр елді мекенінде футбол алаңшасын салу және қоқыс контейнерлерін орнату жобалары жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, әкімдік ауласын абаттандыру мен көгалдандыру және көше атауларын жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Түркістан: Салықтық түсімдер мен өзіндік кірістерді арттыру мәселесі қаралды

Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 4,5 трлн. теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 108%-ды құрады. Өзіндік кірістердің жалпы өңірлік өнім ішіндегі үлесі 4,9% болды. Өзіндік кірістерді арттыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістерді ұлғайту, түсімді көбейту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Түркістан облысының әкімі су нысандарын әуеден бақылап, Шардараны ауыз сумен қамту жоспарымен танысты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі су нысандарын тікіұшақпен әуеден бақылап, жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, Арыс, Келес, Қазығұрт, Отырар және Шардара ауданындағы каналдар мен су нысандарын қадағалады.

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – Түркістан облысы, Шардара индустриалды аймағындағы құрылысы жүріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны. Мұнда жылына 150 мың тонна жүгері дақылы терең өңделеді деп жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына іссапары барысында зауытты аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Түркістанда заманауи балық шаруашылығы кластері құрылмақ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Өзбекстан Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде әуежай жанындағы жағажайда заманауи балық шаруашылығы кластерін дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.