Super User

Super User

Түркістан қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласы әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ тұтынушылардың құқығын қорғау, тіл мәселелері бойынша, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат тілін реттеу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ішкі саясат бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жастар ресурстық орталығы, полиция қызметкерлері және тіл мамандары бар.

Түркістан қаласы: салық түсімдерін арттыру мәселесі қаралды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте 2025 жылға арналған бюджет кірістерін ұлғайту және шығыстарын қысқарту, сондай-ақ салық түсімдерінің жоспарын орындау мәселелері қаралды.

Түркістан қаласының әкімі түркиялық инвесторлармен келіссөз жүргізді

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркияның «Ruyada Development» компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, логистика, медицина, өңдеу өнеркәсібі, жасыл экономика және цифрлы қала салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында пікір алмасты. Екі ел арасында бауырлас қалалар орнату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді.

Түркістан: биыл жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған қадам. Осыған орай Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркте «Жұмысшы мамандықтар шеруі» атты ауқымды іс-шара өтті.

Осы RSS каналға жазылу