Аталған шараға облыс әкімдігімен қатар колледждер, оқу-өндірістік комбинаттар, өндіріс орындарының өкілдері, кәсіпкерлер, жұмысшы мамандық иелері, мектеп оқушылары, жастар мен ата-аналар және жұмыс іздеушілер қатысты. Игі бастамаға Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Білім басқармасы, колледждер, өңірлік «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ, аудан және қалалық «Мансап» орталықтары жүзегес асырып, үлес қосты.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті құттықтап, бүгінгі іс-шарада тұрғындарға, жастарға бос жұмыс орындары ұсынылып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге колледждерде жұмысшы және техникалық мамандық иелері даярланып, оларды жұмыспен қамту шаралары күшейтілгенін айтты.
– Түркістан облысында өндіріс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салалары да қарқынды дамып келеді. Жаңа кәсіпорындардың қалыптасуы, индустриалды аймақтардың құрылуы – жастар үшін тың мүмкіндік ашады. Облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашу жоспарланды. Оның 60 пайызға жуығы жұмысшы мамандықтарға арналған. Бұл өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар биыл жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 94 пайызы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Облысымыздағы 50 колледжде 45 мыңнан астам жас білім алуда, оның ішінде 16 мыңы жұмысшы мамандықтары бойынша даярлануда. Биыл мамандарды даярлауға бөлінетін 15 мыңнан астам гранттың 9500-ы, яғни 63 пайызы жұмысшы мамандықтарына ұсынылады. Бұл салаға берілетін гранттар 1000 орынға ұлғайтылады. Бүгінгі шараға қатысушы инвесторлар мен компаниялар жұртшылыққа жұмыс орындарын ұсынып отыр. Түркістан облысына білікті құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электршілер, механизаторлар, IT мамандары, технологтар, қызмет көрсету саласының шеберлері аса қажет. Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда! Бәсекеге қабілетті, кәсіби маман болуға шақырмын. Біздің міндет – сіздерге сапалы білім мен тұрақты жұмыс ұсыну, – деді Нұралхан Көшеров.
Аталған шараға ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Облыста еңбек адамының мәртебесін көтеріп, кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, колледждердің оқу бағдарламалары нарық талабына сай бейімделуде. Аталған бағытта жаңадан 11 жұмысшы мамандығына лицензия алынады. Нәтижесінде агрохимия, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, лифт шаруашылығы және эсколаторлар шығару, мақта өңдеу, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы және жылыжай шаруашылығы мамандықтарын ашып, алғашқы студенттерін қабылдайды. Сондай-ақ Түркістанда тұңғыш рет «WOOSONG-TURKISTAN» IT университетінің филиалы жұмысын бастамақ. Аймақтағы 1 колледж IT бағытына көшуде.
Жұмысшы мамандықтардың мәртебесі биіктеген іс-шарада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, облыс бойынша 37 жұмыс беруші қатысып, 2 268 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың ең ірілеріне тоқталсақ, «BNK GROUP LTD» ЖШС 35 бос жұмыс орнын, «Алтын дала мақта» ЖШС 1400 жұмыс орнын, «Jasyl Suyg Qazaqstan» ЖШС 340 жұмыс орнын ұсынып, үміткерлерді қабылдады. «Бір колледж – бір өнім» жобасы аясында көрме ұйымдастырылып, колледждер мен кәсіпорындардың жобалары таныстырылды.
Жәрмеңкеде «Еңбек» бағыты арқылы өз жеке кәсібін ашқан 24 грант алушы өнімдерін әкелсе, тиісті мекеме өкілдері жұмыс іздеп келушілерге еңбек, жұмыспен қамту заңнамалары бойынша ақпарат берді. Іс-шара белгілі кәсіпкерлердің жастармен TEDx форматындағы мотивациялық кездесулеріне ұласты.
Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.
Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.
Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.
Соңғы екі жылдың ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Жалпылай айтқанда, Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Алдыңғы жылы және былтыр жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің 80-ге жуық өкілімен кездесті. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия өкілдерімен келіссөздер жүрген. Оның ішінде инвестиция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми делегациялармен кездесулер өткен. Қытай Халық Республикасына іссапар аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қытайлық инвесторларды облысқа тарту мақсатында 11 компаниямен 2,6 трлн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойлыған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тартып, жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын бастап кеткен.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд теңге 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд теңге, 384 жұмыс орны).
Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 751 млрд теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн АҚШ долларына жетті. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Былтыр 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірді дамытуда инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті дамыту және туризм саласына басымдық беріп отыр. Оның ішінде инвестиция тартуға айрықша көңіл бөлінген. Өңірлік инвестициялық штаб тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылып, нақты келісімдер жасалады.
Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналғалы жүйелі жұмыстар нәтижесінде шаһардың инвестициялық климаты жақсарып келеді. Соңғы 6 жылда қалаға тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп, былтыр 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
- Мемлекет басшылығының қолдауымен 7 жылда Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асты. Оны көріп, біліп жүрсіздер. Дегенмен облыс халқының 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан біз алдағы уақытта ауылдарды дамытуға да басымдық береміз. Ал Түркістанды дамыту жұмысы өз жалғасын табады. Индустриалды аймақты және арнайы экономикалық аймақтың жұмысын күшейтеміз. Өндіріс орындарын көбейту арқылы ғана ел әлеуеті артады. Біз келісіп алуымыз керек. Бірінші елге не керек? Ауыз су ма, әлде әлеуметтік нысан ба? Бірінші кезекте тез шешуді талап ететін мәселелер шешілуі керек. Бұл ретте сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Осындай кездесулердегі ұсыныстар толық зерделенеді, – дейді облыс әкімі.
Облыс әкімі аз уақытта Түркістан қаласында мәдени-спорттық, туристік және өзге де ғимараттар салынғанын, қала жаңа өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатқанына тоқталды. Нәтижесінде халық саны да артып, қосымша мектептер қажеттілігі артуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан қаласында 7 мектеп салынатынын жеткізді. Оның ішінде 3 мектеп 2 мың орындық болады. Екі жылда ел игілігіне берілмек. «Дарын» мектебі мен 4 тілде білім беретін халықаралық білім ордасы да ашылмақ.
– Біз білім саласын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Осы сала реттеліп, білімді жастар өссе, өзге мәселелер де шешіледі, – деген өңір басшысы басқа да жұмыстарға тоқталды.
Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түркістан қаласы бойынша былтыр 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 675-і – тұрақты жұмыс. Ұлттық жобалар бойынша биыл 5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда – дейді ол.
Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құраған. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4%-ды құрап, 452,6 млрд.теңгеге жетті. Сондай-ақ, қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы - соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.
Жергілікті инвесторлар тарапынан қала аумағында – жалпы құны 351 млрд. теңге болатын және 3 920 жоспарлы жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 233 әр түрлі саладағы инвестициялық жобаның пуллы қалыптастырылып, іске асырылуда. Одан бөлек, Түркістан қаласына жаңа инвестициялық жобаларды тарту мақсатында жалпы құны 37,6 млрд. теңге болатын және 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құратын шет елдік 26 ірі инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері құны 6,6 млрд.теңге болатын және 160 жаңа жұмыс орнын құратын 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. (Тұран Мебель БК ЖШС, Қазақстан Нұр 001 ЖШС, Гранд Строй Каз ЖШС, Мырза ШҚ, Арыстанбаева ЖК).
Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор. Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды. Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді.
Түркістан облысында жыл басынан 196,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Жалпы облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2025-2028 жылдары аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 110 инвестициялық жоба іске аспақ. Нәтижесінде 19 783 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, биыл 322 млрд теңгеге 57 инвестициялық жоба іске қосылып, 6 908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Бүгінде өңірде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалдық аймақ ашылған. Одан бөлек, биыл 744 гектарды құрайтын жаңа 5 аймақ құрылды. Оның ішінде, «Жетісай», «Отырар», «Арыс», «Қарамұрт және «Шардара-2» индустриалдық аймақтары бар. Бұл аймақтарда құны 129 млрд теңгені құрайтын жалпы 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы 17 жоба іске қосылады. Сондай-ақ, қосымша Төлеби ауданында 1 индустриалдық аймақты ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы 2 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Сауран ауданында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд теңге инвестиция тарту көзделген болатын. Бұл, өз кезегінде 6 040 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде 11 жоба іске қосылып, жұмысын бастап кетті. Сонымен қатар, биыл тапсырылатын 29 ғимараттың құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталып, 26 жоба іске қосылмақ.
Бұдан бөлек, облыста жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Осы ретте, 2025 жылы 26,3 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, Түркістан қаласында 31,2 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» салынуда, Яссауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жеке инвестиция есебінен Түркістан қаласында 11,8 гектар жерге «Аквапаркі бар қонақ үй кешенін» салу көзделуде. Облыстық бюджет есебінен халықаралық талаптарға сәйкес келетін «Ипподром» және елімізде теңдесі жоқ, әмбебап «Ескек есу каналы» салынуда. Нәтижесінде 1 130 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат