Super User

Super User

Түркістанға келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді

Түркістан қаласындағы «Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс тұрғындары мен саяхатшылар қатысты.

Түркістанның жаңа мәртебесі шаһардың экономикалық жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер етпек

Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм саласындағы бизнес және ірі компания өкілдері, сарапшылары мен қолөнершілері қатысты.

Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім бар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды. Өңір басшысы алғашқы кездесуін Түркістан қаласында өткізіп, аймақты дамыту барысы туралы баяндады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Мәдениет орталығы» ғимаратында өткен жүздесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан қаласында 2025 жылға жоспарланған инвестиция көлемі 490 млрд теңгені құрайды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте дербес бөлімдердің индикаторлық көрсеткіштері бойынша рейтинг және қала ішіндегі кемшіліктерді ретке келтіру мәселелері талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу