Жексенбі, 03 Мамыр 2020 10:27

Түркістандағы "Парасат" саябағы саялы баққа айналмақ

 

Түркістан қаласында көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр және барлығы қала басшысы Рашид Абатұлының бақылауында. Соның бір айқын көрінісі - "Парасат" саябағы ерекше, көрікті, саялы баққа айналмақ,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұнда саябақты жаңарту жұмыстары қолға алынады. Саялы демалыс орнында жасанды көл салынып, көпір орнатылады.

Рашид Абатұлы қаланы аралау барысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай айналма тасжолы, Ақан Сері, Шекті Тілеу көшелері мен Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтағы ирригациялық каналдар құрылысын көрді. Жаздың ыстық күндерінде салқын ауа сыйлауға сеп болатын арықшалардың Түркістан үшін маңызы зор. Сол себепті де, алда тұрғындарға жайлы, қолайлы жағдай жасау мақсатында қоқыс толған немесе көміліп қалған, сондай-ақ топырақ басқан арықтарды жылдам тазалау жауапты мамандарға тапсырылды.

Алдағы апта ішінде "Арыс-Түркістан" каналынан ағатын ағын су аталған аумақтарда ағатын болады.

#ХалықтықӘкімдік қала тұрғындарын да экология мен денсаулығы үшін маңызы зор арықшалар ішіне қоқыс тастамауға шақырады.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 715 рет