Шымкент: 7 ошақтан карантин алынды

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. 

Шымкент: Қаулыға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. 

Шымкент: жол құрылысының сапасы басты назарда

«Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Қайта көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен  жұрттың жаппай үйде отырған сәтін  тиімді пайдаланған жөн».  Бүгін қала аумағында  жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. 

Шымкент: Қала әкімі карантиндік орталықтың жұмысымен танысты

Азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында карантиндік орындарды аралап, дайындықтарын тағы бір пысықтап қайтты.