Сонымен қатар елді мекен орталығындағы көшені жаяу аралап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді тапсырып, жобалық сметалық құжаттамасы бар бірқатар нысандардың жобаларын талқылады. Аралау барысында Шақпақтың ауыз суы да айтылып, ол жөнінде тиісті бөлімге жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырма жүктеді.
Одан кейін аудан басшысы Ағыбет ауылдық округінде болды. Округке қарасты Алғабас пен Жұлдыз елді мекенін бөліп тұрған өзеннің бойындағы құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілген көпірді көрді.
Одан кейін тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, ұялы байланыстың және интернет желісінің төмендігі жөнінде мәселелер айтылып, аудан басшысы тиісті бөлімдерге нақты тапсырма беріп, мерзімінде орындауды жүктеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
