Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының әкімшілік шаруашылық, құжаттандырумен қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев, Созақ аудандық "Демеу" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысы жүргізілді.

Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихатының VIII шақырылымындағы кезекті 33-сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Отырар ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы кәсіби мерекелері қарсаңында аудандағы мемлекеттік қызмет саласында жемісті қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарды қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Отырар ауданында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай салатанатты Ту көтеру рәсімі өтті

Отырар ауданында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар қызметі, мемлекеттік қызметшілер, жастар, аудан тұрғындары қатысты.

Созақ ауданында Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті

Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында «Ту тұғыры» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Рәсім барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Созақ ауданы: балалардың мерекесі кең көлемде аталып өтті

Бүгін Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ауыл орталығындағы «Астана» саябағы мерекеге орай сән-салтанатпен безендіріліп, шараға 1000-ға жуық балдырғандар мен ата-аналар белсене қатысты.