ШЫМКЕНТТЕ «ТАҢДА. ӨЗГЕР. ЖАСАМПАЗ БОЛ!» АТТЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Шымкент қаласында оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мен жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мәселелеріне арналған республикалық форум өтті. «Танда. Өзгер. Жасампаз бол!» атты мазмұнды басқосу кәсіби бағдар беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, жаңа шешімдерге жол ашты.