Түркістандағы маңызды саммитте түркі тілдес мемлекеттердің журналистері жемісті еңбек етіп жатыр

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Маңызды жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің басшылары қатысуда. Саммит барысында мемлекет басшылары түркі интеграциясын нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бағытында маңызды баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді талқылады.

Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті бауырлас елдер арасындағы бірлікті нығайта түспек

Қасиетті Түркістан қаласы биыл Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитін қабылдайды. Маңызды саммиттің өтетіні туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында мәдімдеген болатын. Бұл – түркі әлемі үшін тарихи әрі символдық маңызы зор оқиға. Ғасырлар бойы түркі өркениетінің рухани орталығы саналған Түркістанда өтетін кездесу бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, түркі бірлігінің маңызын айқындай түспек.

Түркістанда Ұлы Жеңістің 81 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Түркістандағы «Жеңіс» саябағы аумағындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Тағылымы мол мерекелік жиынға еңбек және тыл ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметкерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында «Ұлы Жеңіс – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбымен салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында тағылымы терең, рухы асқақ шарада ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталып, Отан үшін жанын қиған батыр бабалардың рухына тағзым жасалды.

Түркістан облысы: жетісайлық майдангерге мерекелік сый-құрмет көрсетілді

1418 күн мен түнге созылған қайғы-қасіреті мол, адамзат тарихында ІІ Дүние жүзілік соғыс атауымен таңбаланған сұрапыл соғыста от кешіп, кеудесін оққа төсеген соғыс ардагерлерінің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек. Ғасырдан-ғасырға жетерлік ауыр қасірет қалдырған осынау соғыстың зардабын шеккен жетісайлық Петр Папков 1925 жылдың маусымында Татарстан Республикасының Максимовка селосында дүниеге келген. Бүгінде аудандағы көзі тірі жалғыз майдангер.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні аталып өтті

Қазығұрт ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты салтанатты шара өтті. Тағылымы терең кеште ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталып, батыр бабалар рухына тағзым жасалды.

Түркістан облысы: Мақтаарал жұртшылығы батырлар рухына тағзым етті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Мақтаарал ауданында тағылымы мол, патриоттық рухты көтеретін бірқатар салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл мерекелер – ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды күндер ретінде кеңінен аталып өтті.

Түркістанда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекеленді

Түркістанда Түркістан облысының полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Жеңіс» саябағында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.  Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көпшілікті қос мерекемен құттықтап, ел ешін ерлік көрсеткен батырлардың ерліктері ұмытылмайтынын жеткізді.