Түркістанда Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шара өтті

Түркістандағы 5574 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери плац-концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыстық Полиция департаменті, Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасы, Ұлттық ұлан әскерлері, ардагерлер мен жас сарбаздар қатысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті мерекемен құттықтады.

Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті. Кездесу барысында Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні салтанатты түрде аталып өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты бірлік пен келісім мерекесімен құттықтады.

Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өзекті мәселелер қаралды

2026 жылғы 30 сәуір күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.

Түркістан қаласында «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік шара өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – болашақтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау және азаматтық бірегейлікті дамыту мақсатында өткізілді.Салтанатты жиын этномәдени бірлестіктердің көрмесінен басталды.

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Нұралхан Көшеровөңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрағанын айтты.  Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті.  2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті деді ол. Былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.

Түркістан облысында 100 туристік орын анықталды

Түркістанда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен туризм басқармасының бірлесе атқарған жұмыстары нәтижесінде 100 туристік орын анықталды. Олардың қатарында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт жерасты үңгірі, Қазығұрт ауданындағы “Кеме қалған” монументі, Түлкібас ауданында “Ақсу Жабағылы” мемлекеттік табиғи қорығы, Отырар ауданнында Арыстанбаб кесенесі бар. Бұл жайында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов БАҚ өкілерімен өткен брифингте мәлімдеді.